"Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 801 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 23.11.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      ескертпеде:

      "* – іс-шаралар су басу, тасқын, орман және дала өрттері, жер сілкіністері болған кезде өткізіледі;" деген сөздер "*– іс-шаралар су тасқыны, су басу, орман және дала өрттері, жер сілкіністері, қауіпті биологиялық факторлар, эпидемиялар, эпизоотиялар, эпиофитотиялар болған кезде өткізіледі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады." деген сөздер "орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарында:

      ескертпеде:

      "* – іс-шаралар су басу, тасқын, орман және дала өрттері, жер сілкіністері, сел ағындары, қар құрсауы және борандар, әсері күшті улы заттармен, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар шығарындыларымен байланысты техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, эпидемиялар, эпизоотиялар, эпиофитотиялар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі жарылыс, эпидемиялар, эпизоотиялар мен эпиофитотиялар туындаған кезде өткізіледі;" деген сөздер "* – іс-шаралар су тасқыны, су басу, орман және дала өрттері, жер сілкіністері, сел тасқыны, қар құрсауы және боран, қауіпті биологиялық факторлар, эпидемиялар, эпизоотиялар және эпифитотиялар, улы және радиоактивті әсері күшті заттар шығарылған техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде жарылыстар туындаған кезде өткізіледі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "**** – іс-шаралар әсері күшті улы заттармен, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар шығарындыларымен байланысты техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі жарылыс туындаған кезде өткізіледі;" деген сөздер "**** – іс-шаралар улы, радиоактивті әсері күшті заттар шығарылған техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, қауіпті биологиялық факторлар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде жарылыстар туындаған кезде өткізіледі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады." деген сөздер "орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады