"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 846 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

      10-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша) қабылданады және оларға ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖҒТК мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және дауыс беру парағына қоса берілуі тиiс.";

      11-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)";

      "Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі (келісім
бойынша)" деген жолға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "Закарья Күнсұлу – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Закарья Күнсұлу – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";

      "Медеу Ахметқал – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" деген жолға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "Здоровец Максим Владимирович – "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Здоровец Максим Владимирович – "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласы бойынша филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)";

      "Дәуленов Мирас Мұхтарұлы – "Нархоз Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті – басқарма төрағасы, құқық саласындағы PhD доктор (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 26 қазандағы
№ 846 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссия
туралы ережеге
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшеcінің дауыс беру парағы

      ___________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы/атағы

      отырыс №________ күні: ________


Мәселенің

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

ерекше пікір
(егер шешім қолдау тапса, толтырылмайды)

1

2

3

4

5

6

1.






      ____________________________

      Қолы

      Ескертпе: Комиссия отырысында тікелей толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін хатшыға беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады