"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № 866 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр";

      42-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-1. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша";

      мынадай мазмұндағы 42-2-тармақпен толықтырылсын:

      "42-2. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады