Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 890 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Еренғалиұлы Жанәліновке Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 10 қарашадағы
№ 890 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісім

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті, Түркия Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Тараптар" деп аталады),

      Тараптар арасындағы берік орныққан ынтымақтастық қатынастарды растай отырып,

      Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру қажеттігін тани отырып,

      Тараптар мемлекеттері арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды жүргізу мерзімдерін қысқартуға және оңайлату үшін жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,

      кеден әкімшіліктерінің тауарларды беру тізбегі бойынша өткізуді қолдаудағы рөлінің маңыздылығын түсіне отырып,

      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасының ережелерін, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Дүниежүзілік кеден ұйымының стандарттары мен ұсынымдарын, сондай-ақ ақпарат алмасудың халықаралық практикасын назарға ала отырып,

      Оңайлатылған кеден дәлізінің дамуын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Оңайлатылған кеден дәлізінің дамуын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

Негізгі терминдер

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер төменде көрсетілген мағыналарға ие:

      a) "Оңайлатылған кеден дәлізі" – Тараптар мемлекеттері арасындағы саудада тасымалданатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасуға бағытталған, ерікті негізде пайдалану үшін ашық және көліктің барлық түрінде пайдаланылуы мүмкін электрондық жүйе;

      b) "Сауда операторлары" – Оңайлатылған кеден дәлізіне қатысатын және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес кедендік рәсімдерді аяқтайтын тауарлар мен көлік құралдары туралы анық ақпарат беретін;

      c) "Ақпарат алмасу" – Тараптар мен көлік құралдары арасында экспортталатын тауарлар туралы ақпарат алмасу;

      d) "Техникалық шарттар" – осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамамен нақтыланатын техникалық инфрақұрылым және өңдеу деректері.

2-бап

Жалпы ережелер

      1. Тараптар осы Келісімді жүзеге асыруға Тараптар мемлекеттерінің мынадай кеден органдарына уәкілеттік береді:

      Әзербайжан Республикасында – Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;

      Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қырғыз Республикасында – Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;

      Түркия Республикасында – Түркия Республикасының Сауда министрлігі;

      Өзбекстан Республикасында – Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті.

      2. Оңайлатылған кеден дәлізі (бұдан әрі мәтін бойынша – ОКД) Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары арасында ақпарат алмасу технологияларына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы ақпарат алмасуға негізделген.

3-бап

Қолдану объектісі мен саласы

      1. Алмасатын ақпараттың мазмұны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын осы Келісімге қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.

      2. Ақпарат алмасу ОКД пайдаланатын сауда операторлары жүзеге асыратын жүктер бойынша және ерікті негізде жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Ақпарат алмасудың техникалық шарттарын Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары осы Келісімге қол қойылғаннан кейін 6 (алты) ай ішінде әзірлеуге және бекітуге тиіс.

      4. ОКД көліктің барлық түріне және жүктердің барлық түріне қолданылатын жалпы қабылданған практика болуға тиіс.

      5. Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары ОКД-ға қатыспайтын компанияларға қатысты осы регламенттің ерікті сипатына нұқсан келтіруі мүмкін осы Келісімге қайшылықтардан аулақ болуға тиіс.

      6. ОКД ашық, болжамды және кемсітусіз болуға тиіс. ОКД практикасы қандай да бір жосықсыз бәсекелестікке әкелмеуге тиіс.

4-бап

ОКД шеңберінде сыртқы сауда операторларына шеңберінде сыртқы сауда операторларына берілетін жеңілдіктер

      1. Сауда операторларының мынадай артықшылықтары болуға тиіс:

      a) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес өткізу (межелі) пункттерде кедендік ресімдеудің басым тәртібі;

      b) ресімдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін жекелеген қозғалыс жолақтарын қоса алғанда, мүмкін болатын оңайлатылған кедендік формальдылықтар;

      c) Тараптар мемлекеттерінің кеден заңнамасын бұзу тәуекелі анықталған жағдайларды қоспағанда, өткізу (межелі) пункттерде кедендік жете тексеруді қолданбау. Егер кедендік жете тексеру қажет болса, ол қысқа мерзімде жүргізілуге тиіс.

5-бап

Ақпараттар мен құжаттарды пайдалану

      1. Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары осы Келісім шеңберінде алынған ақпаратты Тараптар мемлекеттерінің арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мақсаттары үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

      2. Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары алған ақпарат кеден мақсаттарында ғана пайдаланылады және ақпаратты ұсынған Тарап мемлекетінің кеден органының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

      3. Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары өздерінің мемлекеттері арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы электрондық ақпарат алмасуды ұйымдастыру кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік кеден ұйымының, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасының нормаларын, стандарттары мен ұсынымдарын және ақпарат алмасудың халықаралық озық тәжірибесін пайдалануға тиіс.

      4. Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы Келісімді бұзушылықтарға қатысты тиісті шаралар қабылдайды және осы бұзушылықтар туралы, сондай-ақ ақпарат алмасу барысында алынған деректердің сәйкессіздігі және/немесе анық еместігі туралы, Тараптар мемлекеттерінің арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы бір-біріне хабар береді.

6-бап

Енгізу процесі

      Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары:

      a) ақпарат алмасудың техникалық шарттарын және деректерді өңдеу мен беру технологиясын, сондай-ақ деректер қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды әзірлеу және келісу,

      b) осы Келісімді іске асыру барысында туындаған техникалық проблемаларды реттеу мақсатында тікелей байланыстар орнату үшін тиісті уәкілетті кедендік лауазымды адамдарының тізімін айқындайды.

7-бап

Пилоттық жоба

      1. Осы Келісімде көзделген ақпарат алмасу технологияларын әзірлеу мақсатында Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары осы Келісім күшіне енгеннен кейін ұзақтығы 6 (алты) ай болатын Пилоттық жобаны ұйымдастырады және жүзеге асырады, ол Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарының жазбаша келісуі негізінде ұзартылуы мүмкін.

      2. Пилоттық жобаның алғашқы 3 (үш) айы ішінде Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары:

      a) ақпарат алмасудың негізгі техникалық шарттарын;

      b) берілетін деректердің тізбесін, құрылымы мен форматын;

      c) ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды;

      d) ОКД рәсімі шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру тәртібін келісуге тиіс;

      e) Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары өздерінің тиісті әкімшіліктерінің кеден органдарын айқындайды, оларда ОКД-ға сәйкес тасымалданатын тауарлармен кедендік операциялар жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары Пилоттық жобаны бастауға өздерінің дайын екендігі туралы бір-біріне және жобаға қатысатын кеден органдарына жазбаша хабар береді.

      4. Келесі 3 (үш) ай ішінде Тараптар ОКД-ны практикалық тұрғыдан іске асыруды орындауға тиіс.

8-бап

Басқа да халықаралық келісімдермен байланыс

      Осы Келісімнің ережелері Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

9-бап

Дауларды реттеу

      1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындауы мүмкін кез келген дау, негізінен, Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі. Мұндай процесс шеңберінде шешілмеген мәселелер дипломатиялық арналар арқылы реттелуге тиіс.

      2. Әрбір Тарап екінші Тараптан осы Келісімді түсіндіруге, қолдануға және өзгертуге байланысты дауларға немесе туындауы мүмкін кез келген ықтимал дауды реттеуге қатысты консультация сұрата алады.

      3. Осы баптың 1 немесе 2-тармақтарының шеңберінде Тараптар арасында жүргізілуге тиіс кез келген келіссөз немесе консультация, егер өзгеше шешім қабылданбаса, жазбаша сұрау салу алынғаннан кейін 20 (жиырма) күн ішінде басталуға тиіс.

10-бап

Толықтырулар мен түзетулер

      1. Осы Келісім Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалар арқылы өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      2. Бұл хаттамалар осы Келісімнің 11-бабына сәйкес күшіне енеді.

11-бап

Күшіне енуі, қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтатуы

      1. Тараптар депозитарийге осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерінің аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабар береді. Осы Келісім депозитарий барлық Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы басқа Тараптарға хабар берген күннен кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.

      2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың кез келгені осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімге қатысуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда бұл Тарап үшін осы Келісімнің қолданысы депозитарий осындай хабарламаны алған күннен кейін үш айдан соң тоқтатылады. Осы Келісімнің қолданысын тоқтату жүзеге асырылып жатқан транзакцияларға әсер етпейді.

      3. Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады. Депозитарий осы Келісімнің куәландырылған көшірмелерін барлық Тарапқа береді.

      2022 жылғы ___ __________ әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік, өзбек және ағылшын тілдерінде алты төлнұсқа данада жасалды, барлық мәтін теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Келісімді түсіндіруге қатысты қандай да бір келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі атынан
      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан
      Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті атынан
      Түркия Республикасының Үкіметі атынан
      Өзбекстан Республикасының Үкіметі атынан

  Түркі мемлекеттері ұйымына
мүше мемлекеттердің үкіметтері
арасындағы оңайлатылған кеден
дәлізін құру туралы келісімге
қосымша

Бірлесіп пайдаланылатын ақпараттың мазмұны

      Экспорттық кеден органының коды.

      Жөнелтушінің/экспорттаушының атауы.

      Жөнелтушінің/экспорттаушының мекенжайы.

      Алушының атауы.

      Жөнелту кезінде көлік құралының атауы, нөмер, көлік құралы тіркелген ел.

      Контейнер нөмірі.

      Жеткізу шарттары.

      Шекарадан өту кезінде көлік құралының атауы, нөмір, көлік құралының тіркелген ел.

      Берілген шоттың валютасы және жалпы сомасы.

      Кедендік жөнелту пункті.

      Тауардың орамасы мен сипаттамасы (маркасы мен нөмірі, контейнердің нөмірі, саны мен түрі).

      Тауар коды (10 цифр).

      Шығарылған елінің коды.

      Брутто салмағы-кг.

      Нетто салмағы.

      Қосымша өлшем бірліктері.

      Қосымша ақпарат/Берілген құжаттар/Сертификаттар мен рұқсаттар/лицензиялар.

      Жөнелту пункті.

      Кедендік межелі пункт және ел.

      Шот-фактураның нөмірі мен күні.

      Кіретін кеден органының коды.

      Импорттық кеден органының коды.

      Көлік құжатының атауы мен нөмірі.

      Қоса берілетін құжаттар саны.

      Көлік құжатының күні.

      Шығарылған елі туралы деректер.

      Кедендік құн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады