"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 894 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы "Үздік цифрландырушы" төсбелгісі" деген кіші бөліммен және 58-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Үздік цифрландырушы" төсбелгісі

      58-1. "Үздік цифрландырушы" төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметінде оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және жауапты орындайтын, осы салада кәсіпқойлық көрсеткен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы 15 және одан көп еңбек сіңірген цифрландыру саласындағы жұмыскерлер марапатталады. Төсбелгімен ерекше жағдайларда цифрландыру саласындағы ерекше еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.";

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және 76-2-тармақпен толықтырылсын:

      "Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісі:

      76-2. "Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісімен гуманитарлық сала өкілдері, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқан адамдар, қазақ тілін оқыту бойынша IT жобалардың авторлары болып табылатын білікті мамандар, сондай-ақ гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға жəне дамытуға елеулі үлес қосқан шетел азаматтары да марапатталады.";

      мынадай мазмұндағы "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісі" деген кіші бөліммен және 82-4-тармақпен толықтырылсын:

      "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісі

      82-4. "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметінде оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және жауапты орындайтын әрі сауда саласында бастама және кәсіпқойлығын көрсететін сауда саласында кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар жұмыскерлер және сауданы дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде және сипаттамаларында:

      "1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі" деген бөлімде:

      "Төсбелгілер" деген кіші бөлімде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі:

      1) "Ы. Алтынсарин";

      2) "Білім беру ісінің құрметті қызметкері".";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі:

      1) "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін";

      2) "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін";

      3) "Ахмет Байтұрсынұлы".";

      10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

      1) "Үздік байланысшы";

      2) "Үздік цифрландырушы".";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) "Еңбек сіңірген сауда қызметкері".";

      "2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – сипаттамалар)" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілері" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілері";

      "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (49-қосымша)" деген тарау алып тасталсын;

      "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" (50-1-қосымша)" деген тарау алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгілері:

      "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (50-2-қосымша)

      "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі диаметрі 28 мм шеңбер пішінінде қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.

      Төсбелгінің беткі жағында сегіз бұрыштың бейнесі орналастырылған, оның ортасында "Мәңгілік" көне белгісі бар.

      Төсбелгінің артқы жағында "ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналастырылған.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар ені 25 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанға жалғанады.

      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.

      "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" (50-3-қосымша)

      "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі диаметрі 42 мм жеті бұрышты пішіндегі жезден дайындалады.

      Төсбелгінің беткі жағында шаңырақ, кереге және айналдыра "АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгінің сыртқы жағында ортада "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналасқан.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ұлттық ою бар көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітілетін, ені 29 мм және биіктігі 26 мм тікбұрышты тағанға жалғанады. Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.

      "Ахмет Байтұрсынұлы" (50-4-қосымша)

      "Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісі шеңбер пішінінде диаметрі 34 мм жезден дайындалады.

      Төсбелгінің беткі жағында (аверс) Ахмет Байтұрсынұлының бейнесі орналастырылған. Шеңбердің сыртқы жиегінде "АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ" деген шығыңқы жазу жазылған. Жазудың екі шетіне ұлттық ою салынған.

      Төсбелгінің сыртқы жағының (реверс) ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу орналастырылған. Жазудан жоғары және төмен бөліктерде ұлттық ою орналастырылған. Төменгі бөлігінде реттік нөмірі бар.

      Төсбелгі құлақша және шығыршық арқылы ені 26 мм және биіктігі 22 мм тіктөртбұрышты тағанға бекітіледі. Таған көк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған, киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.";

      "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің төсбелгілері" деген кіші бөлім: мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:

      "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісі (61-3-қосымша)

      "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісі диаметрі 45 мм шеңбер нысанында жезден дайындалады.

      Төсбелгінің беткі жағында ортада бедерлі, шығыңқы, жылтыр элемент – сауда символы "Кадуций" орналасқан. Төменгі бөлігінде айналдыра "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" деп күрең қызыл эмальмен нақышталған, жазудың сыртқы жиегін бойлай Мемлекеттік Ту түстес көгілдір жиекпен көмкерілген. Шеңбердің сыртқы бөлігін жылтыр, шығыңқы бедер нысанында орындалған сегізбұрыш көмкерген.

      Төсбелгінің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде ұлттық ою, ортасында "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі" деген жазу орналасқан және төменгі бөлігінде сериялық нөмірі жазылған.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл жібек лентамен қапталған, киімге визорлық бекіткіші бар түйреуішпен бекітілетін, ені 35 мм және биіктігі 31 мм төртбұрышты тағанға жалғанады.";

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің төсбелгілері" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің төсбелгісі";

      мынадай мазмұндағы 62-1-тараумен толықтырылсын:

      "Үздік цифрландырушы" (62-1-қосымша)

      "Үздік цифрландырушы" төсбелгісі диаметрі 30 мм шеңбер пішінінде жезден дайындалады. Төсбелгіні дайындағанда көгілдір және ақ түсті эмаль пайдаланылады.

      Төсбелгінің беткі жағында ортада ақ түспің бетінде көгілдір түспен шеңбердің ішіндегі шаңырақ сұлбасын білдіретін USB-бау мен микросхема бейнеленген. "Шаңырақ" көк түсті дәндермен қоршалған. Төсбелгінің ортаңғы шеңберіне көгілдір түстің бетінен "ҮЗДІК ЦИФРЛАНДЫРУШЫ" және "QAZAQSTAN" деген сары түсті жазулар жазылған. Төсбелгінің сыртқы шеңбер жиегінде радиалды бедерлі кертіктер салынған.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті қатқыл жібек лентамен қапталған, киімге визорлық бекіткіші бар түйреуішпен бекітілетін, ені 26 мм және биіктігі 22 мм төртбұрышты тағанға жалғанады,.";

      сипаттамаларға 49 және 50-1-қосымшалар алып тасталсын;

      осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес сипаттамаларға 50-2, 50-3, 50-4, 61-3 және 62-1-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 894 қаулысына
1-қосымша
  Сипаттамаларға
50-2-қосымша

Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 894 қаулысына
2-қосымша
  Сипаттамаларға
50-3-қосымша

"Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі




  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2022 жылғы 11 қарашадағы
  № 894 қаулысына
3-қосымша
  Сипаттамаларға
50-4-қосымша

"Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
  № 894 қаулысына
4- қосымша
  Сипаттамаларға
61-3-қосымша

"Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 11 қарашадағы
  № 894 қаулысына
5-қосымша
  Сипаттамаларға
62-1-қосымша

"Үздік цифрландырушы" төсбелгісі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады