Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 905 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 11,55 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының әкімі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі Комитет) А-30 "Подстепный – Федоровка – РФ шекарасы" 0-144 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау (салу) үшін берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту шараларын қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 16 қарашадағы
№ 905 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы Жалпы алаңы,
гектар
орман
көмкерген
орман көмкермеген,
оның ішінде:
өртенген, қураған екпелер алаңқайлар жайылым
дар
1 2 3 4 5 6

"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

4,35

4,22

 
 
-

 
 
-

0,13

"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7,2

5,66

 
 
0,89
 

 
 
0,65
 

-

Барлығы:

11,55

9,88

0,89

0,65

0,13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады