Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманың іске асырылуына жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 961 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты (негізгі параметрлер)
Атауы | Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі –Тұжырымдама) |
Әзірлеу үшін негіздеме |
1. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығы. |
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар | Ұлттық экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Атамекен" ҰКП, "Отандастар қоры" КеАҚ, "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ, Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы ЗТБ, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КЖХҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ). |
Іске асыру мерзімі | 2023 – 2027 жылдар |
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасында көші-қон саясаты маңызды орын алады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында көші-қон саясатын дамытудың негізгі үш кезеңін бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезеңнің (1991 – 2000 жылдар) басталуы КСРО-ның таратылуы және әкімшілік режимнің ауысуына байланысты елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауымен сипатталады. Осы кезеңде елдің демографиялық бет-бейнесі айтарлықтай өзгерді, көші-қон процестерінің әсерінен ел халқының саны 1991 жылғы 16,5 млн адамнан 2000 жылы 14,8 млн адамға дейін күрт төмендеді, туу деңгейі 1,0 мың адамға шаққанда 14,9 дейін төмендеді, ал өлім деңгейі 1,0 мың адамға шаққанда 10,6-ға дейін өсті.
Осы кезеңдегі мемлекеттік көші-қон саясаты этникалық қазақтарды репатриациялауға бағдарланды, бұл көші-қон процестерін реттеу жөніндегі заңнамалық актілерде көрініс тапты: 1995 жылы қазақ диаспорасын қолдау мемлекеттік бағдарламасы, 1997 жылы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының алғашқы Заңы қабылданды, Көші-қон және демография агенттігі құрылды, 1993 жылы қазақтардың (10 мың отбасы немесе шамамен 40 мың адам) көшіп келуінің бір жылдық квотасы белгіленеді, 1998 жылы этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтару тұжырымдамасы қабылданды.
Екінші кезең (2001 – 2010 жылдар) экономикалық өсумен, серпінді әлеуметтік-саяси өзгерістермен және реформалармен сипатталады.
Ана мен баланы қолдауға, кедейлікті азайтуға, тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, сондай-ақ этникалық қазақтардың репатриациясына мақсатты бағытталған мемлекеттік бағдарламалар елдің демографиялық көрсеткіштеріне оң әсер етті.
Осы кезеңде халық саны 16,4 млн адамға жетті немесе бала туудың өсуі, өлім-жітім деңгейінің айтарлықтай төмендеуі және этникалық қазақтардың келуі (шамамен 1 млн адам) есебінен 1,5 млн адамға ұлғайды (коэффициент 1,0 мың адамға 22,53-тен асты).
2004 жылдан бері алғаш рет барлық көші-қон легі бойынша оң сальдо байқалды, ол 2006 жылға қарай +33,0 мың адамға жетті және кезең соңына дейін сақталды.
Шетелдік мамандар үшін елдің тартымдылығы өскені байқалады, елге заңды еңбекші көшіп-қонушылардың ең көп легі (58,8 мың адам) 2007 жылы тіркелген.
Сондай-ақ ішкі көші-қонның жандануы байқалды, оған қатысушылар саны ауыл халқының ірі қалаларға және жаңа астанаға көшуі есебінен 300 мың адамнан асты.
Сонымен қатар ел халқының ірі қалаларға жаппай келуі және оралмандарды оңтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыру елдегі демографиялық теңгерімсіздік проблемасын ушықтырды.
Осы проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының 2001 – 2010 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттарда алғаш рет тұру жағдайлары ерекше қолайсыз елді мекендердің тұрғындарын тірек ауылдарға көшіру және этникалық қазақтарды тартуға арналған квотаны 20 мың отбасына дейін ұлғайту көзделген болатын.
Үшінші кезең (2011 – 2022 жылдар) жаһандануға тән шарттарды, сыртқы әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық факторлардың басым әсерін айқындады, олардың ықпалымен этникалық репатриация көрсеткіштері төмендеді және білікті кадрлардың кетуі күшейе түсті.
2012 жылы елде 1990 жылдардағы дағдарыстан кейін алғаш рет көші-қонның теріс сальдосы қалыптасты (-1,4 мың адам), ол кейіннен абсолюттік көрсеткіштерде де, ел халқының жалпы санына қатысты да өсу трендіне ие болды.
Жалпы 2011 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде негізінен еңбекке қабілетті жастағы жоғары (38 %) және техникалық-кәсіптік (34 %) білімі бар 367,1 мың адам шетелге тұрақты тұруға кетті. Тек 2019 – 2021 жылдары елден тұрақты тұруға шетелге 106,5 мың адам (2019 жылы – 45,2 мың адам, 2020 жылы – 29,1 мың адам, 2021 жылы – 32,3 мың адам), оның 90 %-ы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдеріне жұмысқа орналасу немесе тарихи отанына оралу мақсатында көшіп кетті.
Соңғы жылдардағы көші-қон ағындарының серпіні жоғары білімі бар эмигранттар санының өсуін және елге жоғары білімі бар көшіп келушілердің қарама-қарсы легінің қысқаруын көрсетеді: 10 жыл ішінде елге келген жоғары білімі бар адамдар саны екі еседен астамға қысқарып, 2020 жылы 1,9 мың адамды құрады.
Бұл эмиграция негізінен білімді жастар мен білікті мамандарды қамтитынын көрсетеді, бұның өзі Қазақстан Республикасының адами капиталының сапасына әсер етеді.
Жас топтары бойынша 2019 жылы елден тысқары жерлерге кететіндер қатарындағы 0-ден 15 жасқа дейінгі адамдардың үлесі 25,8 % құрайды, бұл деректер келушілер санында 13,8 % құраса, 2020 жылы ол тиісінше 25,6 % және 15,7 % құрады, бұл ата-аналармен бірге кететін балалар мен жастардың жоғары үлесін көрсетеді.
Шетелдік оқу орындарында оқу қазақстандықтардың эмиграциясының алдын ала кезеңі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім беру бойынша көрсетілетін қызметтерінің жаһандық нарығының белсенді қатысушысы болып табылады.
2021 жылы Қазақстан Республикасының 89,3 мың азаматы 55 шетел университетінде, оның ішінде 71,4 мың адам Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ), 2,2 мың адам Түркия Республикасында (бұдан әрі – Түркия), 2,1 мың адам Қырғыз Республикасында (бұдан әрі – Қырғызстан), 1,8 мың адам Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі – АҚШ) білім алды.
Шетелдік білім берудің неғұрлым жоғары сапасы мен беделі, әлемді көруге және өз ой-өрісін кеңейтуге, шет тілдерін үйренуге деген ұмтылыс, студенттердің белгілі бір бөлігі үшін – одан әрі жұмысқа орналасу және шетелде тұру қазақстандық жастар үшін жоғары білім алу мақсатында шетелге шығудың негізгі ынталандырулары болып табылады.
Мұнда Қазақстан Республикасынан білім беру көші-қонының "сыртқы жағы" көрінеді: бұл – көшіп-қонушылардың белгілі бір бөлігінің оқуды аяқтаған соң басқа елдерде тұруға және жұмыс істеуге деген ұмтылысына байланысты елдің зияткерлік әлеуеттің бір бөлігінен айырылуы.
Болып жатқан көші-қон процестері "адами капиталды" дамыту қажеттігі проблемасын айқындады және мемлекеттік саясат оның призмасы арқылы елді жаңғыртуға ықпал ету мақсатында қалыптасты.
Осы тұрғыда 2011 жылы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, білікті шетелдік жұмыскерлерді тарту басымдығы Қазақстан Республикасы 2017 – 2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасында көрініс тапты.
Негізінен солтүстік облыстардан ел түкпіріне және оңтүстік өңірлерден мегаполистерге бағытталған көші-қон қозғалыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы облыстарының халық санының көп бағытты серпіні және халықтың ел аумағы бойынша бөлінуінің өзгеруі байқалады.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында халық санының өсуі басқа өңірлерден озып келеді және 2022 жылғы тамызға қарай 2019 жылдың басымен салыстырғанда тиісінше 23,1 %, 15,1 % және 16,8 % құрайды, ал олардың ел халқының жалпы санындағы үлесі осыған ұқсас кезеңде 21,4 %-дан 23,6 %-ға дейін ұлғайды.
Облыс орталықтарының ішінде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар сияқты қарқынды дамып келе жатқан қалалық орталықтар бар.
Қазақстанның ірі қалалары көшіп-қонушылар үшін инфрақұрылымымен және мүмкіндіктерімен тартымды: Қазақстан азаматтарының көбі қалаларда өмір сүруді қалайды. Мемлекет тұрғысынан урбанизация дамудың катализаторы болып табылады: экономика тиімдірек болып әртараптандырылады, өндірістің жаңа нысандары пайда болады, қызмет көрсету саласы кеңейеді, кәсіби білім тереңдей түседі, инновациялық қызмет жанданады.
Алайда ауылдық жерлерден қалаларға жаппай стихиялық көші-қоны жұмыс қолының жетіспеушілігі туындайтын ауылдық аумақтар үшін де, қалалар үшін де қиындықтар туғызады. Қалаларда бұл проблемалар тұрғын үй құрылысымен, қалалық көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытумен, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту қажеттігімен, тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.
Табиғи және көші-қоны өсімінің арқасында Маңғыстау облысында халық саны 2019 жылдан бастап 2022 жылғы қыркүйекке дейін 12,0 %-ға, Атырау облысында – 8,6 %-ға, Жамбыл облысында-7,9 %-ға, Алматы облысында – 7,6 %-ға, Ақтөбе облысында – 6,3 %-ға өсті.
Сонымен бірге елдің орталық, солтүстік және шығыс өңірлері халық санын толықтыруды және көші-қон легін жабуды қамтамасыз етпейтін табиғи демографиялық өсімнің төмен болуына байланысты халық санының жоғалуына ұшырады.
Ол Қостанай облысында (-4,6%), Солтүстік Қазақстан облысында (-3,5%) және Шығыс Қазақстан облысында (-2,7%) анағұрлым көбірек байқалады.
Халықты қоныстандырудың өңірлік диспропорциясы ішіндегі проблемаларды шешу жөніндегі шаралар 2011 – 2021 жылдар аралығында іске асырылған жұмыспен қамту бағдарламалары шеңберінде нақтыланған болатын.
2017 – 2020 жылдар кезеңінде ғана осы бағдарламалар шеңберінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына шамамен 32 мың адам қоныс аударғанын, олардың тең жартысын еңбекке қабілетті жастағы адамдар құрағанын атап өту қажет.
Сонымен қатар азаматтарды жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыруда тұрғын үй құрылысының сапасы, бейімделу қызметтерін көрсету жөніндегі шаралардың жеткіліксіздігі бойынша проблемалар туындады, бұл қоныс аударушылардың шығу өңірлеріне кетуіне әкеп соқты.
2014 жылдан бастап "Мәңгілік ел жастары – Индустрияға" – "Серпін – 2050" білім беру жобасы іске асырылуда, ол жұмыс күші артық өңірлердің жастары үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктерін ұсынуға және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерде жұмысқа орналастыруға бағытталған.
Сонымен қатар солтүстік өңірлерде жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігіне байланысты оқыту өңірлерінде "Серпін – 2050" жобасының түлектерін бекіту, сондай-ақ жобаларды іске асыруда орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында нақты үйлестірудің болмауы мәселелері бар.
Бұдан басқа, "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша әлеуметтік қолдаудың (көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит) мөлшерін айқындау кезінде сараланған тәсілдің болмауы проблемалары бар, яғни қаражатты бөлу кезінде әртүрлі өңірлердегі өңірлік ерекшеліктер мен өмір сүру деңгейі ескерілмейді, бұл аталған жобаны жастар үшін тартымсыз етеді.
Ішкі қоныс аударуды дамытуға және өңірлік теңгерімсіздікті теңестіруге аумақтық қоныстандыру қағидатын негізге ала отырып, білім беру гранттарын беру тәсілдерін қайта қарастыру үлкен әсер етеді.
Солтүстік өңірлердің оқу орындары үшін білім беру гранттарының ұлғаюы жастарды азаматтардың ұтқырлығы жоғары санаты ретінде солтүстік өңірлерге өңірлік көші-қон ішінде кеңірек қатысуға ынталандырады, жергілікті дәстүрлермен өзара алмасуды және этномәдени айырмашылықтарды азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік шараларды іске асырумен бір мезгілде халықтың ішкі көші-қонын қолдау үшін жергілікті деңгейде, әсіресе жергілікті жерлерде қоныс аударушылар мен қандастардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени интеграциясы бөлігінде ықпал етуді дамыту қажет.
Осыған байланысты халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын институционалдық жаңарту, жұмыс тәсілдерін қайта қарау және жергілікті жерлерде көші-қон іс-шараларын үйлестіруді қамтамасыз ету қажет.
Қазақстан Республикасы үшін көші-қон процестерінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі этникалық көші-қон – этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы болып табылады.
1991 жылдан бастап 2022 жылғы 1 қазанға дейін тарихи отанына Өзбекстан Республикасынан (бұдан әрі – Өзбекстан), Қытай Халық Республикасынан (бұдан әрі – ҚХР), Түрікменстан, Моңғолиядан 379 мың отбасы немесе 1 млн 101 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты елге келетін қазақтар саны азайды. Егер 2016 жылы 33,7 мың қандас келсе, 2019 жылы – 17,7 мың, ал 2021 жылы – 14 мыңнан астам адам келді.
Соған қарамастан көшіп келушілердің басым бөлігін қазақ ұлтының адамдары құрайды – олардың елімізге көшіп келушілердің жалпы легіндегі үлес салмағы әрқашан 50 % белгісінен асып отырды.
Бүгінгі таңда мемлекет Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтарға – қандастарға үлкен қолдау көрсетеді.
Сонымен бірге шет елдердің аумағында тұрақты тұратын және жақын арада тарихи отанына көшуге ниеті жоқ қазақтар мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалады.
Осыны ескере отырып, елімізді дамыту мақсатында олардың әлеуетін пайдалану үшін шетелде тұратын этникалық қазақтарға қатысты мемлекеттік саясат құру қажет.
Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тарту тетігі халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілді, жоғары білікті мамандар үшін жұмысқа рұқсат алудың оңайлатылған тәртібі, трансұлттық корпорациялар үшін қызметкерлердің еркін қозғалысы қағидаты енгізілді.
Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік мамандардың пропорциясын және тең еңбек үшін бірдей еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету шарттары да реттелді. Квоталау жүйесі салалық форматқа қайта бағдарланған, олардың санаты мен саласына қарай ШЖК үшін алымдардың сараланған мөлшерлемесі енгізілді.
Квоталар бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекші көшіп-қонушылардың ең көп саны 2015 және 2016 жылдарға келді (тиісінше 37,9 мың және 36,8 мың адам).
Кейінгі жылдары олардың саны 2 есе – 18,3 мың адамға дейін (2017 жылы – 23,2 мың, 2022 жылы – 10,5 мың) айтарлықтай қысқарды, егер 2016 жылы олардың үлесі Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің жалпы көлемінің шамамен 0,43 % құраса, 2022 жылы ол 0,31%-ға дейін қысқарды.
Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен көші-қон легін реттеу жөнінде қосымша шаралар қабылданды.
Осы шаралар шеңберінде үй шаруашылықтарында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін визасыз режимі бар елдерден келген еңбекші көшіп келушілерге 1 618,9 мыңнан астам рұқсат берілді, бұл ретте олар Қазақстан Республикасы бюджетіне 29,9 млрд теңгеден астам мөлшерде жеке табыс салығын төледі.
Таяу болашақта көршілес елдердегі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы еңбекші көшіп-қонушылар үшін, ең алдымен ЕАЭО елдерінен көшіп келушілер үшін тартымды болып қала бермек.
Ең алдымен жеке тұлғаларда квотадан тыс және патент бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерді есепке алу мен мониторингті қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады.
Көші-қон процестерін басқару саласындағы негізгі бағыттардың бірі ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асырылатын заңсыз көші-қонға қарсы күрес болып табылады.
Бірінші кезекте Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикасынан "маусымдық көшіп-қонушылар" есебінен заңсыз еңбек көші-қонының өсу үрдісі байқалады.
Қазақстан Республикасындағы заңсыз көші-қонның себебі көбінесе көшіп-қонушылар мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуымен, оның ішінде еңбек шартын ресімдемей және еңбек жағдайлары мен оларға жалақы төлеу талаптарын бұза отырып жұмысқа орналастыру не біліктілігі төмен шетел азаматтарын жалдаумен байланысты.
Сондай-ақ заңсыз көші-қон көлемінің өсуіне шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий белгілеу және көші-қон қызметі мен еңбек инспекциясы тарапынан ШЖК кеңінен тартатын объектілерде (құрылыс, қызмет көрсету, сауда) бақылаудың жеткіліксіздігі себеп болды.
Елімізге келетін азаматтар үшін де, шетелге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін де репатриация бойынша сақтандырудың болуы бойынша талаптың болмауы көші-қон саласындағы проблемалардың бірі болып табылады.
Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда шетел азаматтарын елден шығару немесе қазақстандықтарды шетелден қайтару жөніндегі шығыстарды жиі мемлекет көтереді.
Негізінен бүгінгі таңда медициналық сақтандыру жүйесі дамыған, онда азаматтар полистерді сатып алу арқылы мүмкін болатын әрекеттер үшін жауап береді. Репатриация бойынша сақтандырудың болуы тетігі азаматтардың өз қаражаты есебінен азаматтардың кепілді қайтарылуын немесе шетелдіктерді шығарып жіберуді қамтамасыз ету үшін қажет.
Шетелде жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін қабылдау қажет. Бұл – еңбекші көшіп-қонушыларды жұмысқа орналастыру және олардың құқықтарын қорғау үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған келісімдер жасау, өзара көмек орталықтарын құруға, болу елі туралы түрлі анықтамалық материалдарды көздейтін қазақстандық еңбек эмигранттары үшін мобильдік қосымшалар әзірлеу.
COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы және оған байланысты 2020 жылы енгізілген адамдардың қозғалысы мен трансшекаралық көлік қатынасына шектеулер әлемнің барлық жерінде көші-қон легін ұзақ уақытқа төмендетті. COVID-19 іскерлік белсенділікті, ел ішіндегі (өңір ішіндегі) қозғалысты айтарлықтай шектеді, бұл жұмыс орындарының жоғалуына, халық табысының төмендеуіне және ішкі өңіраралық көші-қон легіне алып келді. Бұл ретте тағы бір проблема – көші-қон мен халықтың қоғамдық денсаулығының өзара байланысы анықталды.
Ағымдағы геосаяси жағдай, әлемдік экономикаға және қазіргі заманғы көші-қон процестеріне әсер ететін жаһандық санкциялық текетірес Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалының өзгеруіне алып келеді.
Бұл, ең алдымен, РФ-дан көшіп келу есебінен орта Азиядан еңбекші көшіп-қонушылардың келуіне, РФ-ның өзінен келген көшіп қонушылар санының және босқындар мен пана іздеушілер санының артуына, сондай-ақ көшіп-қонушылардың Қазақстанды үшінші елдерге кету үшін транзиттік аумақ ретінде пайдалануына байланысты.
Бұдан басқа РФ-дан Қазақстанның шекаралас өңірлеріне көші-қон қысымы, тұрғын үйді жалға алу құнының және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің өсуі байқалады.
Бағалау деректері бойынша, РФ-дағы ахуал нашарлаған жағдайда өз елінен уақытша немесе тұрақты кетуге және Қазақстанмен шекарадан өтуге ниет білдірген 18 – 35 жас аралығындағы ресейліктердің саны 818 мың адамды, оның ішінде шекара маңындағы өңірлерде 145 мың адамды құрайды.
Еңбекке жарамды жастағы көшіп-қонушылардың шамадан тыс келуімен Қазақстан азаматтары үшін еңбек нарығының тарылуы және әлеуметтік шиеленістің туындау қаупі бар.
Екінші жағынан, көші-қон жағдайын ескере отырып, Қазақстаннан тыс жерлерге кететін азаматтар легі төмендеуде. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қыркүйекке дейін елден 18,3 мың азамат кетті, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14 %-ға төмен (2021 жылғы 1 қыркүйекке 21,2 мың адам, 2021 жылы барлығы – 32,2 мың адам кетті). Бұл ретте 2019 жылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 45,2 мың адам кетті.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Қазақстан Республикасына келушілер ағыны байқалады, 2022 жылдың 8 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 49 %-ға көп азамат немесе 6339 адаммен салыстырғанда 9595 адам келді.
Қазақстан экономикасының дамуы үшін соңғы геосаяси оқиғалардың да келешегі бар – бұл өндірістерді, жаңа технологияларды релокациялау, ең алдымен IT-салада білікті мамандардың көшіп келуі.
Осыны ескере отырып, "цифрлық көшпенділер" үшін арнайы виза енгізу қажет, ол оның иесіне Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт тұру және жұмыс істеу құқығына кепілдік береді.
"Цифрлық көшпенділер" – IT-мамандар, әдетте, олардың табыстары жоғары және адам бұл ақшаны – тұрғын үйді жалға алуға, тамақтануға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, демалуға жұмсаған кезде бұл мемлекеттерге тиімді болады, осылайша тұрғылықты ел кәсіпкерлерінің табысын арттырады.
Бұл жерде IT-саладағы мамандардың қатысуының әсері, тіпті уақытша болса да, максималды болуы үшін елдің экожүйесіне интеграциялау үшін осындай жағдайлар жасау маңызды.
Осыған байланысты арнайы қолдау бағдарламаларын құра отырып, инновациялар мен жергілікті басталатын стартаптармен жұмыс істеу үшін инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, келген мамандарды тарту қажет.
Ағымдағы демографиялық және көші-қон үрдістерінің нәтижесінде ел халқының саны 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 19666,8 мың адамды құрады, ал 2019 жылдың басымен салыстырғанда (18395,6 мың адам) халық саны 1271,2 мың адамға немесе 6,9 %-ға өсті.
Халықтың жас құрылымы экономикалық даму үшін қолайлы: еңбекке жарамды жастағы (15 – 62 (65) жастағы) халықтың үлесі 2022 жылдың басында 57,7 % құрады. Осыған байланысты таяудағы онжылдықтарда Қазақстан Республикасы халықтың демографиялық құрылымының артықшылықтарын пайдалануға тиіс.
Осылайша, жалпы бүгінгі таңда мынадай негізгі проблемалар мен үрдістерді атап өтуге болады:
Сыртқы көші-қон саласында – бұл сыртқы көші-қонның теріс сальдосы (2019 жылы – 2020 жылы минус 32970 адам шығу және кіру бойынша шектеу шаралары кезеңінде – минус 17718 адам), оларды төмен кәсіби кадрлармен алмастыра отырып, білікті қызметкерлердің кетуі және еңбек нарығындағы теңгерімсіздіктің өсуі, білікті мамандардың жетіспеушілігі, Қазақстан Республикасы халқының санының өсуіндегі көші-қон өсімі үлесінің төмендеуі, сондай-ақ халық арасында, әсіресе жастар арасында көші-қон көңіл-күйінің өсуі;
ішкі көші-қон саласында – қандастарды қоса алғанда, халықтың қоныстануының өңірішілік диспропорциясының күшеюі, оңтүстік өңірлердегі халық тығыздығы және ішкі көші-қон легінің негізгі көлемінің Астана, Алматы және Шымкент қалаларына шоғырлануы, нақты ішкі көші-қон есебінің болмауы, бақыланбайтын және реттелмейтін ішкі көші-қон және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шиеленісуі, солтүстік өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту;
этникалық көші-қон саласында – қандастарды қоныстандырудың елеулі өңірлік диспропорциясы, олардың оңтүстік өңірлерде тұруына артықшылық беру, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар, тілдік тосқауыл, ынталандырудың жеткіліксіздігі және тарихи отанына көшу әлеуетінің төмендеуі себебінен этникалық репатрианттардың төмен интеграциясы;
еңбек көші-қоны саласында – еңбекші көшіп келушілерді бақылау жүйесінің жетілмегендігі және заңсыз еңбек көші-қонының өсуі, ЕАЭО елдерінен және оған іргелес елдерден келген еңбекші көшіп келушілер санының артуы, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін елден тыс жерлерге шығатын қазақстандықтарды есепке алу жүйесінің болмауы және еңбекші қазақстандықтарды қабылдаудың негізгі елдерімен ынтымақтастық туралы келісімдер және қазақстандық еңбекші көшіп келушілердің құқықтарын бұзу санының өсуі.
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
Көші-қон процестерін басқарудың және оның проблемаларын шешудің жинақталған оң әлемдік тәжірибесі Қазақстан Республикасында пайдалану үшін өзекті.
Ішкі көші-қон процестерін реттеу
РФ
Еңбек ұтқырлығын арттырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында елдің еуропалық бөлігінің солтүстігінде, шығысында және бірқатар облыстарында орналасқан өңірлерінде қоныс аударған Ресей азаматтарына көшу шығындарын өтеу, тұрғын үй беру мен оқу кезеңіндегі жеңілдіктер, жалақыға үстемақы, біржолғы жәрдемақы төлеу және кепілдендірілген жұмыспен қамту түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Қолдау шараларының кешенін 80 % федералдық және өңірлік бюджеттер және 20 % жұмыс берушілер қаржыландырады.
ҚХР.
Көші-қон легін басқару ҚХР экономикасының даму тиімділігін арттыру құралдарының бірі, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестіру және адами капиталдың сапасын арттыру факторларының бірі болып табылады.
Экономикалық реформалар ауылдық көшіп қонушылардың серпінді дамып келе жатқан өнеркәсіптік және қалалық аудандарға легін ынталандырады. Үкімет бұл лекті экономикалық жағдайға және қалалық еңбек нарықтарындағы қажеттіктерге байланысты Hukou жүйесін (тұрғылықты жері бойынша отбасылық тіркеу) қолдана отырып, оларды көбейту және азайту арқылы реттеді.
Бұл жүйе ҚХР халқын қатаң түрде ауылдық және қалалық деп бөле отырып, халықтың ұтқырлығын тежейді және қала халқы санының өсуін бақылаудың жұмыс істейтін құралы болып табылады. Hukou жүйесі ырықтандыру бағытында бірнеше рет реформаланды, бірақ оның халықты тіркеу орны бойынша жіктеудің негізгі қағидаты әлі де сақталуда.
Сыртқы көші-қон процестерін реттеу
АҚШ
АҚШ-тың сыртқы көші-қон саласындағы тәжірибесі демократиялық биліктің негізіне қауіп төндірмей, көшіп-қонушылардың елеулі легін мемлекеттің қабылдауы және ассимиляциялау қабілеті үшін қызықты. Соңғы жылдардағы саясаттағы өзгерістер көші-қон саласындағы қауіпсіздік мәселелеріне көбірек назар аударумен сипатталады.
Көші-қонды реттеудің маңызды тетігі Green Card (Жасыл карта) болды, ол көшіп-қонушылардың азаматтығын өзгертпестен және сонымен бірге АҚШ азаматтарының құқықтарын (сайлаудан басқа) пайдалана отырып, АҚШ-та тұрақты тұруға және жұмысқа орналасуға құқық береді. Бес жыл тұрақты тұрғаннан кейін карта иелері американдық азаматтықты ала алады.
Эстония Республикасы, Қырғызстан.
Эстония мен Қырғызстанда IT-саласындағы мамандардың көшуін және елде тұруын ынталандыру мақсатында визалық көші-қон заңнамасын жеңілдету бойынша пәрменді шаралар қабылдануда.
"Цифрлық көшпенділер" визасы (Digital Nomad Visa, қысқартылған түрде DNV) — қашықтағы жұмыскерлерге арналған визаның мүлдем жаңа түрі. Эстония мұндай визалар қол жетімді болған алғашқы елдердің бірі болды.
Бұл виза 1 жылға дейін беріледі және шетелдік компанияның қызметкері немесе фрилансер ретінде Эстониядан қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. DNV Эстонияда 1 жыл тұруға құқық береді және визаны тұрақты тұру үшін сөре алаңы ретінде пайдалануға болады.
Эстонияда "цифрлық көшпенді" визасы екі нұсқада бар: С типті виза (90 күнге дейін қысқа мерзімді болу; алым 80 еуро) және D типті виза (12 айға дейін ұзақ мерзімді болу; алым 100 еуро).
Эстонияның цифрлық салада дамығаны соншалық, азаматтар Интернетте көптеген нәрселерді, соның ішінде дауыс беруді де жасай алады. Шын мәнінде, танымал Skype қоңырау шалу және хабар алмасу қызметі Эстонияда құрылды, бұл елдің инновациялық сипатын көрсетеді.
Қырғызстан қашықтан жұмыс істеу үшін елге көшуді жоспарлап отырған "цифрлық көшпенділерге" визасыз және бірқатар жеңілдіктермен релокация құқығын ұсынды.
Олар Қырғызстан аумағына алдын ала виза алмай/өзге де көші-қон рәсімдерін орындамай кіруге/болуға құқылы, нақты тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу алып тасталды, шетелдік тапсырыс берушілерге еңбек қызметін заңды түрде орындау үшін рұқсат құжаттарын (жұмысқа рұқсат) алдын ала алмай, жұмыс міндеттерін орындауға/қызметтерді қашықтықтан режимінде көрсетуге құқығы бар, заңды тұлғаны тіркеуге бастамашылық жасау мүмкіндігі бар.
Бұл ретте Қырғызстанда жаңа бағдарлама қолжетімді болатын Digital Nomad шыққан елдердің тізбесі 6 елмен шектелген.
Германия Федеративтік Республикасы.
Германияда білікті жұмыс күшіне үлкен сұраныс бар. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ IT саласында білікті қызметкерлер қажет.
2020 жылғы 1 наурыздан бастап Еуропалық одаққа кірмейтін елдердің кадрлары үшін жұмысқа орналасуды жеңілдету туралы жаңа заң қабылданды.
Мысалы, неміс тілі деңгейі кем дегенде B1 (немесе ағылшын тілін білуі) бар шетелдік IT-мамандар Германияда дипломды растамай жұмыс істей алады – олардың өз саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі (соңғы жеті жылда) және айына кемінде 4140 еуро жалақысы бар еңбек шарты болуы жеткілікті.
Этникалық көші-қонды реттеу
Германия Федеративтік Республикасы.
Қоныс аударушыларға жұмысқа келгенге дейін біржолғы төлемдер және отбасының әрбір мүшесіне жұмыс алғанға дейін ай сайынғы жәрдемақылар, жұмысқа орналасуға көмек, әлеуметтік тұрғын үйге ақы төлеу, ерікті интеграциялық және тілдік курстар беріледі.
Бұл ретте "Friedland" қоныс аударушыларға арналған орталықтандырылған лагерьден қоныс аударған кезде олардың тілектері мен Германияда тұратын туыстарының болуы, бірақ көбінесе – жекелеген Герман аумақтарының мүмкіндіктері, қоныс аударушылар үшін жатақханалардың болуы, қоныс аударушылар мен босқындарды қабылдау жөніндегі квоталарда бекітілген жергілікті еңбек нарықтарындағы жағдай ескеріледі.
Израиль.
Израильде отандастар мен бір діндегілер үшін репатриацияның ең ашық, нақты саясаты бар. Қолданыстағы қайтару туралы заң шексіз репатриацияны қолдайды және әрбір еврейге Израиль азаматы мәртебесін береді.
Елде қоныс аударушылардың өмір салтына сәйкес өмір сүру жағдайлары бар абсорбция орталықтары құрылды. Репатрианттар "абсорбция қоржыны" бойынша төлемдер алады, жеке жұмыспен қамту бағдарламаларына, егер ол белгілі бір деңгейден төмен болса, жалақыға үстемақыға, тегін тіл курстарына, қарттық бойынша жәрдемақыға, сондай-ақ білім алуға, салық төлеуге және әлеуметтік тұрғын үй сатып алуға кредит алуға арналған жеңілдіктерге құқығы бар.
Абсорбция бағдарламасында кіретін репатрианттардың жекелеген санаттары: 33 жасқа дейінгі дәрігерлер мен медбикелер, 33 жастан 42 жасқа дейінгі азаматтар, зейнеткерлер үшін ерекше жеңілдіктер қарастырылған.
Білім беру көші-қонын реттеу
ҚХР
Білім экспортын стратегиялық басымдықтардың бірі және "жұмсақ күш" саясатының бөлігі ретінде қарастыра отырып, ҚХР шетелдік студенттерді Қытай университеттерінде оқуға белсенді түрде тартады, сонымен бірге шетелдік университеттерде оқитын өз елінің жас азаматтарын қайтаруға қажетті жағдайлар жасайды.
Білім беру көші-қоны шеңберінде Қытай Ғылым Академиясының қамқорлығымен оралған ғалымдарға ғылыми жұмысты ұйымдастыруда жеңілдіктер беріледі, олардың бейімделуі үшін арнайы жағдайлар – шетелдік паспортты сақтау мақсатында ұзақ мерзімді визалар, балаларын оқыту үшін екі тілді мектептер қамтамасыз етіледі.
Аустралия.
Ел білім беруді интернационалдандырудың 2015 – 2025 жылдарға арналған ұлттық стратегиясын іске асыруда және жан басына шаққанда шетелдік студенттердің ең жоғары пайызына ие.
Жақсы академиялық көрсеткіштері бар халықаралық студенттер Аустралия үкіметтік материалдық көмек ұйымы (AusAID) арқылы стипендия алуға өтініш бере алады. Жоғары оқу орындарында студенттерді қабылдау және ұстап қалу стратегиялары іске асырылады, оқуды аяқтағаннан кейін шетелдік студенттер оқу деңгейіне байланысты 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге аустралиялық жұмыс визасын ала алады.
Канада
Ел оқыту арқылы көшіп келу саясатын жүргізеді. 2020 жылы Канада халықаралық студенттер саны бойынша әлемде үшінші орынға шықты.
Тартымды артықшылықтары: білім алушының отбасымен бірге Канадаға көшу және оқу кезеңінде ресми қосымша жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ шетелдік студенттердің жұбайларына Канадада жұмыс істеуге ашық рұқсат (Open Work Permit) алуға өтініш беру құқығы беріледі.
Еңбек көші-қонын реттеу
Филиппин Республикасы
Шамамен 2,5 млн филиппиндік азамат басқа елдерде жұмыс істейді. Ел өз азаматтарын басқа елдердің еңбек нарықтарында жұмысқа орналастырудың және шетелдік жұмысқа орналасу кезеңінде олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудің кешенді жүйесін құра алды.
Елімізде еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғаудың сенімді институционалдық жүйесі құрылды. Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінде Шетелде жұмысқа орналастыру әкімшілігі, филиппиндіктерге шетелде әлеуметтік көмек көрсету әкімшілігі және Көшіп-қонушыларды қайта біріктіру орталығы бар. Филиппин елшіліктерінің жанындағы 135 елде еңбек атташелері жұмыс істейді, Филиппиндік еңбекші көшіп-қонушылардың саны көп елдерде Министрліктің өкілдіктері ашылған.
Филиппиндіктер шетелге тек мемлекеттік немесе жеке (лицензияланған) жұмыспен қамту агенттігінің делдалдығы арқылы ғана жұмысқа шығады немесе олардың келісімшарттарын Шетелде жұмысқа орналастыру әкімшілігі мақұлдауы тиіс.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде көшіп қонушылар филиппиндіктерді шетелде қолдау қорының қаржылық көмегіне сене алады.
Өзбекстан
Бұл ел Орталық Азиядағы еңбекші көшіп-қонушылардың ірі экспорттаушысы және шетелде тұратын көшіп-қонушылардың ақша аударымдары үшін өңірдегі негізгі мемлекет болып табылады.
Өзбекстан cыртқы еңбек көші-қонын басқару мақсатында РФ-пен, Қазақстан Республикасымен, Корея Республикасымен және Түркиямен екіжақты келісімдер жасасу арқылы жұмыс күшін жалдаудың ұйымдасқан нысандарын кеңейтуге баса назар аударады.
Өзбек еңбекші көшіп-қонушыларын жалдау үшін шетелдік компанияларды тағайындау және аккредиттеу елдерінде сыртқы еңбек көші-қоны мәселелері жөніндегі агенттіктің өкілдіктерін ашу саясаты жүргізілуде.
Еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау аясында шетелдегі еңбек құқықтары бұзылған өзбек көшіп-қонушыларының құқықтық және әлеуметтік қорғауды ұсынатын көшіп-қонушыларды қолдау және қорғау қоры құрылды.
4-бөлім. Көші-қон саласындағы саясаттың пайымы
Көші-қон саясатының өткен кезеңдердегі іске асырылу қорытындысы, сондай-ақ коронавирус пандемиясының салдары мен негізгі әлемдік үрдістер мынадай басым бағыттарды айқындады:
1. Көші-қон халықтың табысын арттырудың және жұмыспен қамту мәселесін шешудің табиғи тетігі ретінде мыналарға бағытталуы тиіс:
жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен және елде қоныстанудың біркелкі тығыздығын қамтамасыз ету мақсатында нысаналы ішкі өңіраралық және этникалық көшіп келуді дамыту көзделеді. Бұл ретте жаңа өндірістер ашып, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, өңірлерге көші-қон қозғалысын қамтамасыз ету; инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтер саласын дамыту есебінен елді мекендер мен қабылдаушы аумақтар қалаларының көші-қон тартымдылығын арттыру; қоныс аударушыларға жұмыс күші тапшы өңірлерде өмір сүру құнын ескере отырып, олардың бастапқы бейімделуіне, тұрғын үй сатып алуына және материалдық көмек көрсетуіне мемлекеттік қолдау көрсету қажет.
2. Көші-қон "адами капиталды" дамыту факторы ретінде:
көші-қон легін азайту және білікті мамандарды тарту үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Жоғары білімді жастар мен білікті кадрлардың көшіп кетуінің өсуін тежеу жөнінде шаралар қабылдау; тапшы құзыреттері бар жоғары білікті мамандарды тарту бағдарламасын пысықтау; тартылатын мамандардың келуі мен еңбек қызметімен айналысуының икемді және ашық тетігін әзірлеу қажет.
3. Көші-қон ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлемдік көші-қон процесіне интеграциялау факторы ретінде:
халықаралық институттармен және Еуропалық Одақ, ТМД елдерімен және АҚШ-пен өзара іс-қимыл жасау, еңбекші көшіп-қонушылардың шығу елдерімен және қазақстандық азаматтарды қабылдау елдерімен ақпарат алмасу, заңсыз көші-қон деңгейін төмендету бойынша бірлескен шаралар қабылдау, жұмысқа орналасу мақсатында кеткен Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғаудың және заңсыз көшіп-қонушыларға қарсы күрестің институционалдық жүйесін құруға бағытталуы тиіс.
Елдің жаңа көші-қон саясаты ұлттық ерекшелікке бейімделген үздік әлемдік практикаларға негізделіп, мынадай негізгі міндеттерді шешу:
1) ел ішіндегі теңгерімсіздіктер мен мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, көшіп келушілердің жекелеген, талап етілетін санатын қазақстандық қоғамға ыңғайлы интеграциялау мүмкіндігін бере отырып, Қазақстанды білікті кадрларды тарту орталығына айналдыру үшін жағдай қалыптастыру;
2) шет елдердегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын тиімді қорғау жүйесін құру;
3) жинақталатын демографиялық теңгерімсіздікті реттеудің тиімді құралдары мен тетіктерін енгізу арқылы отандық экономиканың дамуына ықпал ететін болады.
Көрсетілген міндеттерді шешу Қазақстанның:
1) білімнің көшіп келуі шеңберінде оқушы жастар, магистранттар, докторанттар үшін де, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер үшін тартымды өңірлік білім беру хабына;
2) қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті өндірістер мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарды, оның ішінде бизнес-көшіп келу призмасы арқылы арнайы кейстерді әзірлей отырып, басым салаларда құру үшін инвестициялар салудың қажет етілетін объектісіне;
3) "еңбек иммиграциясы" бағытының шеңберінде, оның ішінде этникалық көшіп келу шеңберінде репатриациялау процесін қайта ойластыру арқылы білікті еңбек ресурстары үшін тартымды мемлекетке;
4) босқындармен және азаматтығы жоқ адамдармен жұмыс шеңберінде халықаралық міндеттемелерді орындау жөніндегі сенімді әріптеске;
5) еңбек нарықтарының жаһандануы жағдайында болмай қоймайтын, Қазақстан азаматтарының еркін жүріп-тұруына сөзсіз құқықты назарға ала отырып, Қазақстан азаматтарының шет елдердегі құқықтарын қорғау кепілгеріне (еңбек эмиграциясы);
6) халық ұтқырлығының ішкі бағдарламасы шеңберінде қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасында демографиялық теңгерімсіздік жоқ аумаққа айналуын қамтамасыз етеді.
Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясат қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған оқиғаларды дамытудың болжамды сценарийлерін әзірлеу және шешімдер қабылдаудың барынша ашық жүйесін қалыптастыру үшін деректердің үлкен ауқымын өңдеудің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерімен және технологияларымен сүйемелденетін болады. Бұл болжаудың сапасын, сондай-ақ жоспарланатын және іске асырылатын шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ іс-шаралардың іске асырылу барысын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.
5-бөлім. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Қазақстан Республикасының Көші-қон саясаты мынадай негізгі қағидаттарды сақтауға негізделеді:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беру;
2) ұлттық мүдделерді қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыру;
4) пайдаланылатын ақпаратты жаңарту және көп мәрте пайдалану негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығы;
5) көшіп келудің алуан түрлерін реттеуге мемлекеттің сараланған көзқарасы;
6) көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі шаралардың қаржылық қамтамасыз етілуі;
7) ұтқырлық адам құқығы ретінде. Нақты және түсінікті ережелер жасау.
Әлемдегі ағымдағы жағдайды және орын алып жатқан жаһандық геосаяси өзгерістерді негізге ала отырып туындайтын жаңа сын-қатерлер анықталған ішкі тәуекелдермен қатар негізгі жеті бағыт бойынша үш түйінді блок (сыртқы көшіп келу және көшіп кету, сондай-ақ ішкі көші-қон немесе ұтқырлық) шеңберінде шешімдер іздеу қажеттігін айқындады.
Оларды іске асыру мыналарды:
елге білікті кадрлардың келуін ынталандыруды;
шетелде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауды;
қандастар мен көшіп-қонушылардың өзге де санаттарына біздің еліміздің аумағында бизнесті дамытуға жәрдемдесуді;
Қазақстан өңірлері арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті жою тетіктерінің тиімділігін арттыруды көздейді.
Ұсынылатын шаралар шеңберінде тапшы мамандықтар бойынша үздік мамандарды тарту көзделеді.
Көші-қон саясатының бірінші бағыты – білім беру иммиграциясы, оның мақсаты – Қазақстанды өңірлік білім беру хабы – "Қазақстан – академиялық ұтқырлық және неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша жетекші ғалымдар мен мамандарды тарту орталығы" ретінде таныту.
Бұған алғышарттар мыналар болып табылады:
Қазақстанның білім беру жүйесінің білім беру қызметтерінің жаһандық халықаралық нарығына интеграциялануының жоғары дәрежесі;
білім беру инфрақұрылымын кеңейту және елге жетекші шетелдік жоғары оқу орындарын тарту жөнінде қабылданатын шаралар;
өңірдегі қазіргі геосаяси жағдай және ТМД кеңістігіндегі Болон жүйесінің тарылуы;
шетелдік оқытушылар құрамын тарту бойынша Қазақстанның табысты тәжірибесі;
ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігі;
көші-қон процесінің негізгі заңдылықтарының бірі – көшіп-қонушылар қысқа қашықтыққа қоныс аударумен қатар, Орталық Азия елдерінде жоғары оқу орындарының жетіспеушілігі проблемасы.
Осы бағытты іске асыру көшіп келушілердің қазақстандық қоғамға кірігуіне жұмсалатын шығындарды барынша азайта отырып, еліміздің жедел экономикалық дамуын кадрлық қамтамасыз ету үшін стратегиялық резерв қалыптастыруды қамтамасыз етеді және қазақстандық оқу орындарының түлектері қайтып келетін елдерге мәдени экспансияны таратушы болады.
Үздік халықаралық практикалар үлгісі бойынша оқыту қызметтерін көрсететін білім беру жүйесінің объектілерін құрылымдау орта мерзімді перспективада білім беру қызметтері сапасының жалпы өсуіне жәрдемдесетін, сондай-ақ қосымша шаралар қабылдау кезінде демографиялық теңгерімсіздікті жоюға жәрдемдесетін болады.
Осы бағыт шеңберінде мынадай бастамалар іске асырылатын болады.
1-бастама: Академиялық ұтқырлық.
Бұл бастама:
шетелдік жетекші білім беру мекемелерін академиялық ұтқырлық бағдарламасына тарту және қос дипломды білім беру практикасын одан әрі дамыту арқылы елдік білім беру инфрақұрылымын кеңейту;
жетекші әлемдік жоғары оқу орындарын оқу процесіне тарту, олардың өзара іс-қимыл аясын кеңейту, жалпы білім беру сапасын арттыру мақсатында әдіснамалық алмасу және үздік әдістемелер трансферті есебінен іске асырылатын болады.
Осы стратегиялық міндетті іске асыру білімге негізделген экономиканы дамыту, қазақстандық жоғары мектеп пен ғылымның беделін арттыру, қазақстандықтардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыру, "зиялылардың кетуінен" болатын ықтимал шығындарды өтеу және сайып келгенде, Қазақстан Республикасы адами капиталының инновациялық дамуы үшін жағдайлар жасау үшін қағидатты маңызды болады.
2-бастама: Шетелдік оқытушыларды тартудың табысты моделі есебінен оқытудың жоғары сапасы.
Сұранысқа ие мамандықтар бойынша үздік оқытушылар мен сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады, бұл ретте шетелдік ғалымдар мен оқытушылар үшін тұруға ықтиярхат алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді визалар көзделетін болады.
Осындай мүмкіндіктер жұмысқа шектеулі рұқсат беру мүмкіндігімен тапшы мамандықтар бойынша оқитын талантты шетелдік студенттер қатарындағы магистранттар мен бакалаврлар үшін қолданылатын болады.
Бұл қазақстандық оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді және өз болашағын біздің елмен байланыстыруды жоспарлап отырған шетелден келген талантты жастар үшін қазақстандық білімнің тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады.
3-бастама: Білім беру инфрақұрылымын кеңейту.
Облыс орталықтарында және бірқатар моноқалаларда заманауи кампустары, үздік ғылыми зертханалары, өндірістік алаңдары және білім беру инфрақұрылымы бар салалық университеттер құру жоспарлануда.
Білім беру инфрақұрылымы объектілері үшін жаңа алаңдарды таңдау сұранысқа, демографиялық теңгерімсіздікті жоюға және елдің барлық өңірлерінің біркелкі дамуына негізделе отырып жүзеге асырылатын болады.
4-бастама: "Білім орталығы және тартылыс орталығы" экожүйесін қалыптастыру.
Оқушыларды қазақстандық жоғары оқу орындары мен колледждерге тарту мақсатында шетелдік оқушыларға арналған гранттар санын ұлғайту және түсу емтихандарын өткізу мерзімдерін өзгерту, сондай-ақ РФ тәжірибесі бойынша оқу орындары атынан Орталық Азия елдеріне шығатын кәсіптік бағдарлау және қабылдау комиссияларын ұйымдастыру мүмкіндіктері зерделенетін болады.
Инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен дайындығын бағалау, білім беру сапасын арттырудың қосымша ынталандыруларын жасау мақсатында білім беру иммиграциясы шеңберінде қызмет көрсету үшін отандық жоғары оқу орындарын аккредиттеу жүйесін жаңғырту жөнінде ұсыныс әзірленетін болады.
Көші-қон саясатының екінші бағыты – бизнес-иммиграция, оны инвестициялар үшін әлемде күшейіп келе жатқан жаһандық бәсекелестік – "Қазақстан – еркін экономикалық, қаржылық белсенділік пен жаңа мүмкіндіктер аумағы" аясында ынталандыру қажет.
Қазақстанда қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру бойынша жоспарлы және нысаналы жұмыс:
визалық-көші-қон құралдары арқылы өңірдің қаржылық және инвестициялық "хабы" ретінде Қазақстан Республикасын қалыптастыру жөніндегі бастамаларды іске асыру;
инвестициялық міндеттемелер туралы келісім шеңберінде преференциялар берудің қолжетімді тетіктерін әзірлеу;
"бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларға жәрдемдесуді орталықтандыру;
салық және бақылау-рұқсат беру салаларын дәйекті ырықтандыру;
жер қойнауын пайдалану саласындағы, шетелдіктердің құқықтық жағдайы саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары және өзге де қызмет салаларындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
"е-Visa" жобасын одан әрі дамыту, оның шеңберінде шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүгінбей-ақ "іскерлік", "туризм" және "емделуге" деген санаттардағы электрондық визаларды ала алады;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер секторын цифрландыру, коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның инвестициялық ахуалын едәуір жақсартты.
Сонымен бірге қаржы ресурстары үшін жаһандық бәсекелестіктің күшеюі және болып жатқан геосаяси өзгерістер қосымша қадамдар қабылдауды талап етеді.
Осыған байланысты 5-бастама іске асырылатын болады: Инвесторлық виза
Бастама шеңберінде үздік бизнесмендер, оның ішінде тұтастай зияткерлік қызметке негізделген креативті индустрияны (экономиканың төртінші секторы) дамыту үшін тартылатын болады. Бұл адами капиталды дамытуға, білім құндылығы мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай серпін береді және білім беру қызметтері сапасының өсуіне ықпал етеді.
Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ долларына тең сомасына инвестиция салған шетел азаматтары үшін инвесторлық визаларды алу шарттары қайта қаралатын болады.
Виза иесі бизнесті тіркей алады, мүлікке, оның ішінде тұрғын үйге иелік ете алады, қаржылық операцияларды жүргізе алады, сондай-ақ тұруға рұқсат ала алады.
Бастама, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы негізінде іске асырылатын болады.
Ұсынылып отырған талаптарды ырықтандыру елге шетелдік инвесторлардың келу мүмкіндігін кеңейтуге, қазақстандықтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға, жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Үшінші бағыт – технологиялар трансферті мен ұлттық кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін тапшы кәсіптер бойынша кәсіби біліктілігі жоғары шетелдік мамандарға баса назар аудара отырып, Қазақстанға білікті еңбекші көшіп-қонушыларды тарту – "білікті кадрлар үшін ашықтық".
Соңғы онжылдықта, білімді көшіп келушілердің қарама-қарсы легін қысқартумен қатар, білікті кадрлардың кетуінің теріс үрдісі, сондай-ақ оқу орындарының түлектерінде біліктіліктің болмауы еңбек нарығындағы шығындарды өтеу үшін еңбек иммиграциясы мәселелерінде жаңа тәсілдерді енгізуді талап етеді.
Бұдан басқа, заңсыз көші-қонды қысқарту үшін әкімшілік сапасын арттыру мақсатында бірінші кезекте біліктілігі төмен еңбекші көшіп-қонушыларын есепке алу жүйесі құрылатын болады.
Аталған міндеттерді мынадай бастамаларды іске асыру жолымен шешу көзделеді:
6-бастама: Сұранысқа ие кәсіптерге арналған виза.
Мемлекет ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT саласындағы сұранысқа ие кәсіпқойлар үшін жеңілдіктер енгізеді және тұруға ықтиярхат алу құқығымен визалар береді.
Шетелдіктер үшін, оның ішінде біздің еліміз үшін ғылым, білім, өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар, cпорт және мәдениет салаларында құнды дағдылары бар этникалық қазақтар үшін тұруға ықтиярхаты бар "сұранысқа ие кәсіптерге арналған виза" қайта қаралады. Авторлық мектептерді ашу үшін жағдайлар жасай отырып, өнер, спорт, әдебиет саласындағы шеберлер тартылады.
7-бастама: Түйінді құзыреттер рейтингі.
Кәсіптердің басымдылығы бойынша санаттау және процесті толық автоматтандыру арқылы еңбекші көшіп келушілерге салалық квоталарды жыл сайын жаңарту үшін түйінді құзыреттер рейтингін (тапшы кәсіптердің, мамандықтардың серпінді өзектендірілетін тізбесі) әзірлеу жоспарланған.
8-бастама: Neo Nomad Visa
Сонымен қатар цифрлық көшпенділерге арналған "Neo Nomad Visa" арнайы визасы енгізіледі, бұл оның иесіне Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт бойы ел аумағында жұмысқа орналасу мүмкіндігінсіз тұру құқығына кепілдік береді.
"Neo Nomad Visa" арнайы визасы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген компаниямен еңбек шарты бар (немесе шетелде тіркелген өз компаниясына иелік ететін), көбіне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде клиенттер үшін фрилансер болып жұмыс істейтін, соңғы 6 ай ішінде 3 мың АҚШ долларына тең сомаға айлық табысы бар шет мемлекеттердің азаматтарына арналған.
"Neo Nomad Visa" визасы жергілікті компанияларға жұмысқа орналасуға тыйым сала отырып, мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 1 жылға берілетін болады.
Бұл шараны енгізу Қазақстан Республикасының беделін жақсартуға, елдің қолжетімділігін арттыруға, жоғары білікті мамандарды/еңбек ресурстарын (зияткерлік көші-қон) тартуға, жобаға қатысушылардың төлемге қабілетті сұранысы есебінен елдегі ішкі тұтынуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
9-бастама: Білім трансфері және қазақстандықтарды даярлау.
Отандық кадрларды озық даярлау және жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықта ұлттық (халықаралық/өңірлік) құзыреттер орталықтарын құру үшін тапшы кәсіптер бойынша үздік шетелдік мамандар тартылады.
Шақырылатын мамандар үшін: еңбек қызметінің қолайлы режимі, барлық рұқсат беру рәсімдерін алуды оңайлату, тұруға ықтиярхат бере отырып, "Сұранысқа ие кәсіптерге арналған виза" беру көзделеді.
Оқу орындары түлектерінің білімі мен дағдыларының, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілердің заманауи талаптарына сәйкес келуі контекстінде Жұмыс берушілер конфедерациясымен ынтымақтастықты кеңейту көзделеді.
10-бастама: Құнды дағдылар рейтингі.
Отандық кадрларды оларға сәйкес озыңқы даярлау үшін құнды дағдылар рейтингін (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастыру және жаңарту жөнінде шаралар қабылдау жоспарлануда.
11-бастама: Еңбекші көшіп-қонушыларды тіркеудің (және қадағалаудың) зияткерлік жүйесін енгізу.
Қолда бар жүйелерді интеграциялау және жаңа функцияларды іске асыру бөлігінде пысықтау, сондай-ақ көші-қон жүйесінің бизнес-процестерін реинжинирингтеу арқылы көші-қон процестерін автоматтандыру жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көшіп-қонушылардың келуін тіркеудің, есепке алудың және бақылаудың цифрлық жүйесін енгізу қабылданған шаралардың қорытындысы болады. Жүйе көшіп-қонушыны цифрлық сәйкестендіруді жүргізуге, оның қаржылық операцияларын қадағалауға, қажет болған кезде оның орналасқан жері мен жүріп-тұру маршруттарына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Жүйе сондай-ақ көшіп-қонушыларға арнайы көрсетілетін қызметтер пакетін (банк карточкасы, сим-карта және т.б.) ұсынуды және өз атынан отанына ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігін көздейтін болады.
Бұдан басқа, көші-қонның автоматтандырылған жүйесі босқындар, ішкі еңбек ұтқырлығы, қандастар және шетелдіктерді визалық қолдау бойынша есеп жүргізеді.
12-бастама: Репатриация бойынша сақтандыру.
90 күннен астам уақытқа кететін Қазақстан Республикасының азаматтары және біздің елімізге осындай кезеңге келетін шетел азаматтары үшін репатриация бойынша жауапкершілікті міндетті сақтандыруды енгізу мәселесі пысықталатын болады.
Елімізге келетін азаматтар үшін де, шетелге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін де репатриация бойынша сақтандыру сомасы көшпелі құжаттарды сатып алуға, визалық немесе көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл төлеуге арналған шығыстарды жабуға тиіс.
Репатриация бойынша сақтандырудың болуы тетігі заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы мүмкін еңбекші көшіп-қонушылар үшін және Қазақстан Республикасының жалғыз тұратын азаматтары үшін ерекше қажет.
Төртінші бағыт – этникалық көші-қонды реттеуді қайта ойластыру – "Этникалық қазақтарды – басқа елдердің азаматтарын Қазақстанды дамытуға тарту арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтау және тарихи отанымен экономикалық байланыстарды нығайту".
Ұлттық экономиканың қажеттіктерін ескере отырып, нақты елде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану және келетін қандастардың көші-қонын реттеу тетіктерін жетілдіру қажет.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде "қандас" мәртебесін беру тәртібін жетілдіру қажет.
13-бастама: "Ата жолы" картасын енгізу.
Тарихи отанымен байланысты нығайту мақсатында бірінші кезекте жоғары деңгейдегі мамандар болып табылатын немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді іске асырып, оларды Қазақстанда масштабтауға ниет білдірген этникалық қазақтарға (басқа елдердің азаматтарына) бере отырып, "Ата жолы" картасы енгізіледі.
Оның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей елге жеңілдетілген кіру мүмкіндігіне ие болады.
14-бастама: "Ата жолы" картасының иегерлеріне және кәсіпкер қандастарға арналған жыл сайынғы Президенттік сыйлық.
"Ата жолы" картасы иегерлері мен қандастар арасында бизнесте табысқа жеткен және қоғамдастықты қолдайтын сәтті мысалдарды тарату мақсатында жыл сайынғы "Парыз" конкурсы шеңберінде жыл сайынғы Президенттік сыйлықты белгілеу бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл шара меценаттықты ынталандырады және оны отандық бизнес-ортаға интеграциялауды күшейтеді.
15-бастама: Шетелдегі қазақтар үшін бизнес және мәдени гранттар.
Уәкілетті ұйымдар арқылы шетелде тұратын қазақ бизнесмендері үшін мәдениет, білім беру және бірлескен бизнес саласында қолдау шараларын енгізу мәселесі пысықталатын болады.
Мәдениет, білім және бірлескен бизнес саласындағы қолдау шаралары шетелде тұратын қазақтарға тарихи Отанымен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Аталған шара этникалық қазақтар арқылы ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, білім беру байланыстарын кеңейтуге және бизнесті жүргізу бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді.
Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін бизнес және мәдени гранттарды енгізу мәдениет, білім беру және бірлескен бизнес саласында қолдау шараларын алу бойынша қазақтарды ынталандыру есебінен еларалық алмасуды кеңейтеді, сондай-ақ олар шетелде қазақстандық құндылықтарды таратушы болады.
16-бастама: Қандастарды қоныстандыру саясатын қайта қарау.
Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген этникалық қазақтар үшін "бір терезе" қағидаты енгізілетін болады. Бұл ретте "бір терезе" функциясын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері атқаратын болады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүгінген этникалық қазақтар елге кіру үшін визаны ғана емес, оларға қандас мәртебесін беру туралы шешімді, қоныстану аумағы және қоныстану орындарында көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері, сондай-ақ экономиканың басым секторлары және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы ақпарат алатын болады.
Оңтайлы қоныстандыру мақсатында өңірлер бөлінісінде (аудандар мен елді мекендер бойынша) өңірлер бойынша саралай отырып, "Қандастарды қоныстандырудың интерактивті картасы" әзірленетін болады.
Бесінші бағыт – 1951 жылғы Конвенцияның және 1967 жылғы Хаттаманың ережелеріне, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Конвенцияларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік мәселелерін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы босқындармен, пана іздеп жүрген адамдармен, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдармен жұмыс істеу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау және босқындарға, пана іздеп жүрген адамдарға және азаматтығы жоқ адамдарға көмек көрсету.
Тұрақсыз геосаяси жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жаһандық көлік дәліздерінің өтуі босқындар мәселелері бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін болжайды. Осыған байланысты бірқатар бастамаларды іске асыру көзделуде.
17-бастама: БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Алматыдағы көп елдік өкілдігінің жұмысына қолдау көрсету және жәрдемдесу
БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Алматы қаласындағы көп елдік өкілдігімен босқындардың, пана іздеп жүрген адамдардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау және қолдау бойынша негізгі міндеттерімен ынтымақтастықты нығайту және бірлескен күш-жігерді дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
18-бастама: БҰҰ стандарттарына сәйкес гуманитарлық резерв құру.
БҰҰ қажеттіктеріне пайдалану және БҰҰ қорларын қоса алғанда, бюджеттен тыс көздерден толықтыру мүмкіндігімен БҰҰ стандарттарына сәйкес Мемлекеттік материалдық резерв құрылымында босқындарды қолдау үшін жеке резерв құру жоспарлануда.
19-бастама: Босқындар бойынша халықаралық міндеттемелерді имплементациялау және Қазақстанда азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау жөнінде халықаралық шарттар жасасу.
Ұлттық заңнаманы 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы конвенцияның және оған 1967 жылғы Хаттаманың ережелеріне сәйкес үйлестіру және 1954 жылғы Апатридтердің мәртебесі туралы конвенцияға және 1961 жылғы Азаматтығы жоқ адамдарды қысқарту туралы Конвенцияға қосылудың орындылығы туралы мәселені қарау көзделеді.
Алтыншы бағыт – Қазақстан азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылардың (эмигранттар) құқықтарын қорғау.
Жаһандану жағдайында еңбек эмиграциясы барлық ашық экономикаларға тән қасиет ретінде қарастырылады. Мемлекеттің міндеті – шетелде жұмыс істейтін өз азаматтарының құқықтарын қорғау және эмигранттардың жеке санатын (жоғары білікті жұмысшылар) даму ресурсы және инновациялық білімнің тасымалдаушысы ретінде пайдалану.
20-бастама: Заңды еңбек көші-қоны.
Қазақстаннан еңбек эмигранттарының заңды еңбек көші-қонын қамтамасыз ету бірінші кезеңде Халықтың еңбек көші-қоны саласындағы жұмысты жандандыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шараларының (жол картасы) жоспарын іске асыру есебінен көзделетін болады.
Жол картасында түпкі мақсаты Қазақстан Республикасынан еңбекші көшіп-қонушылардың жұмысқа орналасуы мен құқықтарын қорғау үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған келісімдерге қол қою үшін жағдайлар жасау болып табылатын ұйымдастырушылық, дайындық және практикалық іс-шаралар қамтылған.
Қазақстандықтарға шетелдік жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін жауапты мемлекеттік орган ретінде айқындай отырып, Қазақстаннан тыс жерде еңбек қызметіне рұқсат алуға қолдау көрсету мәселелері зерделенетін болады.
Шетелдегі азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды сапалы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің функциясы шетелде жұмысқа орналастыру бойынша азаматтарға делдалдық көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретпен толықтырылатын болады.
Шетелдік жұмыс берушілермен еңбек келісімшарттарын (шарттарын) жасасу кезінде қолдау шараларын қабылдау және шетелде жұмыс істеу кезінде отандастардың құқықтарын, еңбек жағдайларын қорғауды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бөлігінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеу тетіктері қайта қаралатын болады.
Сондай-ақ қазақстандық еңбек эмигранттары үшін мобильді қосымша әзірленетін болады, онда болу елі туралы түрлі анықтамалық материалдар, отандастар тобының чаты, болу елінің бос орындары (қажетті біліктілікті көрсете отырып), ақша аудару мүмкіндігі, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсететін қызметтердің байланыстары және т. б. көзделеді.
Жоғары білікті отандастармен – еңбек эмигранттарымен әлеуетін ұлттық экономиканы дамытуда пайдалану үшін олардың өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу.
21-бастама: Қазақстандық азаматтардың едәуір санын жұмысқа тартатын елдермен қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі екіжақты келісімдерге қол қою.
Еңбекші көшіп-қонушылардың жұмысқа орналасуы мен құқықтарын қорғау үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған келісім жасасу бойынша Біріккен Араб Әмірліктерімен (бұдан әрі – БАӘ), Қатар мемлекетімен (бұдан әрі – Қатар) және Корея Республикасымен және Қазақстаннан еңбекші эмигранттар көп басқа елдермен мәселелер пысықталатын болады.
22-бастама: Еңбекші көшіп-қонушыларға өзара көмек көрсету орталықтары.
Қазақ қауымдары мен уәкілетті ұйымдар арқылы Қазақстаннан еңбекші эмигранттар келген елдерде өзара көмек жөніндегі қоғамдық ұйымдардың жұмыс істеуіне жәрдемдесу ұйымдастырылатын болады.
Бұл шара қазақстандық эмигранттардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, құқықтық көмек көрсетуді, өмірлік қиын жағдайға тап болған эмигранттарды отанына қайтару бойынша өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша қазақ қауымдарын тартуға мүмкіндік береді.
Көші-қон саясатының жетінші бағыты – қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру үшін қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру.
Жаңартылған бағдарламаның мәні трансферт арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру және елдің басқа облыстарында іргесі қаланған қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту.
23-бастама: Экономикалық ұтқырлық сертификаты.
Жұмыс беруші растаған жұмысқа орналасу фактісі болған кезде қоныс аударушылар үшін жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50 % мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқығы бар экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілетін болады. Бұл сома құрылысқа немесе тұрғын үй сатып алуға не "Отбасы банк" АҚ-ға бастапқы жарнаны енгізуге бағытталуы мүмкін. Сондай-ақ жұмыс берушілерді еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды жалдауға ынталандырудың қосымша тікелей және жанама шараларын қабылдау көзделеді.
Экономикалық ұтқырлық сертификаты ерікті қоныс аударуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік шараларға қатысушыларға тұрғын үй жалдау және қоныс аударушылар мен қандастар үшін коммуналдық шығыстарды төлеу бойынша қолданыстағы жеңілдіктердің орнына берілетін болады.
24-бастама: Ішкі экономикалық ұтқырлық.
Негізгі агломерациялардан (Астана, Алматы, Шымкент) тыс жерлерде экономикалық өсу полюстерін құруға бағытталған Қоныс аударуды ынталандыру жөніндегі өңірлік жол картасы әзірленіп:
экономиканың басым секторларын және қосымша жұмыс күшін тартуды талап ететін өндіріс түрлерін дамыту;
жұмыс орындарын құру бойынша әлеуеті барынша жоғары тиісті бизнес-идеялар конкурсы арқылы "Солтүстік және орталық өңірлерге арналған үздік бизнес-жобалардан" кейс қалыптастыру;
кооперация жолымен мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы бағыттары бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарға жеңілдікпен кредит беру арқылы ауыл халқының табысын арттыру бойынша Жамбыл облысының оң тәжірибесін бейімдеу;
қандастар мен қоныс аударушыларға консультациялық, ақпараттық, аударма және білім беру қызметтерін көрсету үшін қоныстандыру өңірлерінде бейімделу және интеграция орталықтарын құру;
аумақтық қоныстандыру қағидатын негізге ала отырып, білім беру гранттарын беру арқылы іске асырылатын болады.
Өңірлік жол карталарын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу елдің әрбір өңірі үшін дербестендірілген әлеуметтік жарнама, сондай-ақ республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде әлеуметтік желілерде арқылы бірқатар материалдар жасауды көздейді.
25-бастама: Ауылдардағы кадр тапшылығын жабу.
Әлеуметтік қолдаудың қосымша ынталандыру шараларын қабылдау арқылы жас мамандар үшін ауылдық жерлерде еңбек қызметін жүзеге асырудың тартымдылығын арттыру жоспарлануда.
Ол ауылдық жерлерге жұмыс істеуге тартылатын жас мамандар үшін "Жастар практикасы" жобасы шеңберінде жалақыға қосымша үстемеақы белгілеу есебінен іске асырылатын болады.
Бұл ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін жастарды тартуды, елдің солтүстік және шығыс өңірлеріне жастар легін, шекара маңындағы аумақтардағы елді мекендерді толтыруды, жабылу алдында тұрған ауылдарды жандандыруды, шағын ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
26-бастама: Еңбек ұтқырлығы орталығы.
Қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған оқиғаларды дамытудың болжамды сценарийлерін әзірлеу үшін өңірлік Еңбек ұтқырлығы орталықтары құрылатын болады.
Еңбек ұтқырлығы орталықтары жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру және жергілікті жерлерде көші-қон іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейде құрылатын болады.
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы саласындағы жалпы мемлекеттік басымдықтарды қамтамасыз етуге бағытталған көші-қон процестерін тиімді заңнамалық реттеу және басқару болып табылады.
Мақсатқа жету Тұжырымдамаға 1-қосымшада көрсетілген нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады.
2028 жылға қарай негізгі күтілетін нәтижелер:
1. Көші-қон процестерін тиімді заңнамалық реттеу және басқару.
2. Техникалық, білім беру және мәдени қызмет салаларындағы адами капитал деңгейінің одан әрі даму әлеуетімен сапалы өсуі.
3. Қазақстандық қоғамға 100 % кірігуімен солтүстік және орталық-шығыс макроөңірді таңдау және онда тұру бойынша қандастарды ынталандырудың оңтайлы моделін құру.
4. 100%-ға дейін қамти отырып, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау жүйесі.
5. Солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы көші-қон көрсеткіштерініңтеңгерімсіздігін 2021 жылғы 1,75-тен 1,65-ке дейін төмендету.
6. 95%-ға дейін қамти отырып, Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алу мен мониторингтеудің электрондық жүйесі.
Ескертпелер:
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар Тұжырымдамаға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына 1-қосымша |
2023 – 2027 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар
Р/с | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Болжам | Орындауға жауаптылар | |||||
2022 жыл іс жүзінде* | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Халықтың сыртқы көші-қон сальдосы | мың адам | ҰСБ | - 21,2* | -18,0 | -12,3 | -7,2 | -3,1 | +0,1 | Еңбекмині, ІІМ, СІМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2 | Білім алушылардың жалпы санынан шетелдік білім алушылардың үлесі | % | ҰСБ | 7,0 | 8,0 | 9,0 | 10,0 | 11,0 | 11,5 | ҒЖБМ, Еңбекмині, СІМ |
3 | Сұранысқа ие кәсіптер үшін берілген визалар саны (жыл сайын) | мың адам | СІМ | - | 5 | 10 | 15 | 30 | 40 | СІМ, Еңбекмині |
4 | Берілген инвесторлық визалардың саны (жыл сайын) | мың адам | СІМ | - | 5 | 10 | 15 | 30 | 40 | СІМ, Еңбекмині |
5 |
Келген адамдардың жалпы санынан жоғары және орта кәсіптік білімі бар білікті кадрлардың үлесі | % | ҰСБ | 58,3 | 61,1 | 63,5 | 66,5 | 70,0 | 73,5 | Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
6 | Еңбекші көшіп-қонушыларды электрондық мониторингтеу жүйесімен қамту | % | Еңбекмині | - | 10 | 25 | 50 | 75 | 95 | Еңбекмині, ІІМ, ЦДИАӨМ, ҚРҰБ, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
7 | "Ата жолы" картасы иегерлерінің саны (жыл сайын) | мың адам | Еңбекмині | - | 5 | 10 | 15 | 30 | 40 | Еңбекмині, СІМ, "Отандастар" КЕАҚ (келісу бойынша) |
8 | Еңбекке жарамды қандастар мен қоныс аударушылардың, оның ішінде кәсіпкерлік бастаманы дамыта отырып, жұмыспен қамту деңгейі | % | Еңбекмині | 80 | 83 | 85 | 87 | 90 | 95 | Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Отандастар" КЕАҚ (келісу бойынша) |
9 | Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі келісімге қол қою | бірлік | Еңбекмині | - | - | 1 | 1 | 2 | 2 | Еңбекмині, СІМ |
10 | Ішкі ұтқырлық деңгейі, өңіраралық көші-қон шеңберінде адамдардың жалпы санынан солтүстік және шығыс өңірлерге келгендердің үлесі | % | Еңбекмині | 12,6* | 13,2 | 13,7 | 14,3 | 15,0 | 16,2 | Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
* - 2021 жылғы көрсеткіштер
Қазақстан Республикасы көші - қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымша |
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
№ | Реформалардың / негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Аяқталу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
5.1-бағыт. Білім беру иммиграциясы | ||||
Білім алушылардың жалпы санынан шетелдік студенттердің үлесі: 2023 жыл – 8,0 %, 2024 жыл – 9,0 %, 2025 жыл – 10,0 %, 2026 жыл – 11,0 %, 2027 жыл – 11,5 %. | ||||
1. | Академиялық ұтқырлық пен оқытушылар мен жас ғалымдарды тарту бағдарламаларын кеңейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2023 жылғы II тоқсан | ҒЖБМ |
2. | Шетелдік оқытушылар мен ғалымдар үшін Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алу құқығын ала отырып, ұзақ мерзімді визалар беру | СІМ-нің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ІІМ-нің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1083404 болып тіркелген) | 2023 жылғы IІI тоқсан | СІМ, ІІМ, ҒЖБМ |
3. | IT, ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп саласындағы құнды мамандарға тұрақты түрде тұруға рұқсат берудің оңайлатылған тәртібімен алу құқығын беру | "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" ІІМ-нің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығына өзгерістер енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98630 болып тіркелген) | 2024 жылғы І тоқсан | ІІМ |
4. | Әлемдегі ең ірі шетелдік ғылыми зертханалармен, білім беру орталықтарымен және жетекші университеттермен ынтымақтастық географиясын кеңейту | ҒЖБМ бұйрығы | 2023 жылғы ІІІ тоқсан | ҒЖБМ |
5. | Орталық Азия елдеріне оқу орындарынан көшпелі кәсіптік бағдарлау және қабылдау комиссияларын, оның ішінде онлайн-режимде ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | жыл сайын 2023-2037 жылдар | ҒЖБМ, СІМ |
6. | Заманауи кампустары, үздік ғылыми зертханалары, білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге арналған өндірістік алаңдары бар салалық университеттерді құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | I-тоқсан жыл сайын | ҒЖБМ |
7. | Инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен дайындығын бағалау, білім беру сапасын арттырудың қосымша ынталандыруларын құру мақсатында білім беру иммиграциясы шеңберінде қызметтер көрсету үшін отандық жоғары оқу орындарын аккредиттеу жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | 2023 жылғы IІІ тоқсан | ҒЖБМ |
5.2 –бағыт. Бизнес-иммиграция | ||||
Берілген инвесторлық визалардың саны: 2023 жыл – 5 адам, 2024 жыл – 10 адам, 2025 жыл – 15 адам, 2026 жыл – 30 адам, 2027 жыл – 40 адам. | ||||
8. | Үздік бизнесмендерді тарту жобасын, оның ішінде инвестициялар тарту және қолайлы бизнес - ортаны қалыптастыру бойынша елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін креативті индустрияны дамыту жолымен әзірлеу және іске асыру | Еңбекминінің бұйрығы | 2023 жылғы III тоқсан |
Еңбекмині, ИИДМ, ҰЭМ, СІМ, ЭМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП |
9. | Қазақстан Республикасына келудің және болудың оңайлатылған тәртібін енгізу мақсатында Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ долларына тең сомада инвестиция салған инвесторлар үшін инвесторлық визаларды алу шарттарын өзгерту | СІМ-нің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ІІМ-нің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1083404 болып тіркелген) | 2023 жылғы III тоқсан |
СІМ, ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині, АХҚО (келісу бойынша) СЖРА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП |
10. | Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ долларына тең сомаға инвестиция салған инвесторларға қатысты АХҚО инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына қажетті өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік-құқықтық актілеріне және АХҚО актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу | 2023 жылғы ІІІ тоқсан | АХҚО (келісу бойынша), СІМ, ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша) |
11. | Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында қазақстандық визаны шет елдердің тануы бойынша "AIFC Multipass" жобасын іске асыру | Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік-құқықтық актілеріне және АХҚО актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу | 2023 жылғы IV тоқсан | АХҚО (келісу бойынша), СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша) |
5.3–бағыт. Қазақстанға еңбек иммиграциясы | ||||
Келген адамдардың жалпы санынан жоғары және орта кәсіптік білімі бар білікті кадрлардың үлесі (15 жастан жоғары): 2023 жыл – 61,1 %, 2024 жыл – 63,5 %, 2025 жыл – 66,5 %, 2026 жыл – 70,0 %, 2027 жыл – 73,5 % | ||||
12. | ШЖК-ны кейіннен отандық кадрлармен алмастыру үшін қазақстандықтарды озыңқы даярлауға білім беру трансферті мақсатында Қазақстан Республикасы үшін жиі тартылатын және тапшы кәсіптер бойынша шетелдік мамандарды тарту жобасын әзірлеу және іске асыру | Еңбекминінің бұйрығы | 2023 жылғы IІ тоқсан | Еңбекмині, ИИДМ, ҰЭМ, ЭМ, ҒЖБМ, ЖАО, ЭГТРМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
13. | Авторлық мектептерді ашу үшін жағдай жасалатын өнер, спорт, әдебиет саласында шеберлерді тарту жобасын әзірлеу және іске асыру | Еңбекминінің бұйрығы | жыл сайын II тоқсан | Еңбекмині, ІІМ, ҰЭМ, МСМ, ҒЖБМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
Сұранысқа ие кәсіптер үшін берілген визалар саны: 2023 жыл – 5 адам, 2024 жыл – 10 адам, 2025 жыл – 15 адам, 2026 жыл – 30 адам, 2027 жыл-40 адам. | ||||
14. | Ғылым, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT, спорт және мәдениет және басқа да бағыттар саласындағы Сұранысқа ие кәсіптер рейтингін қалыптастыру | Еңбекминінің бұйрығы | 2023 жылғы ІІІ тоқсан | Еңбекмині, ҰЭМ, ҒЖБМ, ИИДМ,МСМ |
15. |
Шетелдіктер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін ғылымда, білім беруде, өнеркәсіпте, ақпараттық технологияларда, спортта және мәдениетте құнды дағдылары бар этникалық қазақтар үшін тұруға ықтиярхат алу құқығымен ұзақ мерзімді (10 жыл) визалар беру | СІМ-нің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 11-1-4/128 бұйрығына және СІМ-нің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ІІМ-нің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1083404 болып тіркелген) | 2023 жылғы II тоқсан | СІМ, ІІМ, Еңбекмині, ҒЖБМ, ОАМ, МСМ, ҰЭМ, ҰҚК (келісу бойынша) |
16. |
Қазақстандық кадрларды озыңқы даярлау үшін құнды дағдылар рейтингін (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастыру және жаңарту жөніндегі қағидалар жобасын бекіту жөніндегі бұйрық жобасын әзірлеу | Еңбекминінің және ҒЖБМ бірлескен бұйрығы | 2023 жылғы II тоқсан |
Еңбекмині, ҒЖБМ, ҰЭМ, ҰБШ, "Атамекен" ҰКП |
17. | "Цифрлық көшпенділерге" арналған "Neo Nomad Visa" арнайы визасын енгізу мәселесін пысықтау | ІІМ мен СІМ бірлескен бұйрығы | 2023 жылғы ІІІ тоқсан | СІМ, ІІМ, Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ҒЖБМ, ОАМ, МСМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
18. | Сыртқы көшіп-қонушыларға салалық квоталарды жыл сайын жаңарта отырып, елді дамыту үшін басымдық бойынша (тапшы кәсіптер, мамандықтар бойынша) санаттаумен түйінді құзыреттер рейтингін айқындау жөніндегі қағидалардың жобасын әзірлеу | Еңбекминінің бұйрығы | 2023 жылғы II тоқсан |
Еңбекмині, ҒЖБМ, ҰЭМ, |
19. | 90 күннен артық шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасына 90 күннен артық келетін шетел азаматтары үшін репатриация бойынша жауапкершілікті міндетті сақтандыру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | 2023 жылғы II тоқсан | Еңбекмині, СІМ, ІІМ |
Үй шаруашылығында жұмыс істеуге тартылған еңбекші көшіп-қонушыларды электрондық мониторинг жүйесімен қамту: 2023 жыл – 10 %, 2024 жыл – 25 %, 2025 жыл – 50 %, 2026 жыл – 75 %, 2027 жыл – 95 % | ||||
20. | Қолда бар жүйелерді интеграциялау және жаңа функцияларды іске асыру бөлігінде пысықтау жолымен көші-қон процестерін автоматтандыру жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту | іс-шаралар жоспары | 2023 жылғы IІ тоқсан | Еңбекмині, ІІМ, СІМ, ЦДИАӨМ, ЭМ, ИИДМ, АШМ, Қаржымині, ДСМ, ОАМ, ҒЖБМ, МСМ, Әділетмині, АҚДМ, ҰҚК (келісу бойынша) "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша) |
21. | Көші-қон жүйесінің бизнес-процестерінің реинжинирингі және талдау (барлық бағыттар бойынша) | іс-шаралардың жоспар графигі | 2023 жылғы ІI тоқсан | Еңбекмині, ІІМ, СІМ, ЦДИАӨМ, ЭМ, ИИДМ, АШМ, Қаржымині, ДСМ, ОАМ, ҒЖБМ, МСМ, АҚДМ, ҰҚК (келісу бойынша), "ЦҰҚО" РМК (келісу бойынша) |
5.4–бағыт. Этникалық көші-қонды қайта ойластыру | ||||
"Ата жолы" картасы иегерлерінің саны: 2023 жыл – 5 адам, 2024 жыл – 10 адам, 2025 жыл – 15 адам, 2026 жыл – 30 адам, 2027 жыл – 40 адам. | ||||
22. | Елге жеңілдетілген кіру/шығу мәселесін пысықтай отырып, шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын енгізу | Еңбекминінің, ІІМ, СІМ бірлескен бұйрығы |
2023 жылғы | Еңбекмині, ІІМ, СІМ, ЦДИАӨМ, ҰҚК (келісу бойынша), ЖАО |
кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
23. | Жыл сайынғы "Парыз" конкурсы шеңберінде "Ата жолы" картасы иегерлері мен кәсіпкер қандастарға жыл сайынғы Президенттік сыйлық беру тәртібін әзірлеу | "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37059 болып тіркелген) | 2023 жылғы I тоқсан |
Еңбекмині, ЖАО, |
24. | Шетелде тұратын қазақ бизнесмендері үшін мәдениет, білім және бизнес саласында қолдау шараларын енгізу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | 2023 жылғы II тоқсан | Еңбекмині, СІМ, "Отандастар" КеАҚ (келісу бойынша) |
25. | Тарихи отанына көшу мақсатында өтініш білдірген этникалық қазақтардың өтініштерін қарау кезінде шетелдегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының қызметін "бір терезе" қағидатына көшіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | жыл сайын 2023-2027 жылдар | СІМ, "Отандастар" КеАҚ (келісу бойынша) |
Еңбекке жарамды қандастар мен қоныс аударушылардың, оның ішінде кәсіпкерлік бастаманы дамыта отырып, жұмыспен қамту деңгейі: 2023 жыл – 83 %, 2024 жыл – 85 %, 2025 жыл – 87 %, 2026 жыл – 90 %, 2027 жыл – 95 % | ||||
26. | Шетелде тұратын этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасындағы экономиканың басым секторлары және кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы ақпараттандырудың жаңа тетіктерін енгізу | ақпараттық дайджест | 2023 жылғы IІ тоқсан | Еңбекмині, ҰЭМ, СІМ, ЖАО, "Отандастар" КеАҚ (келісу бойынша) |
27. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне қоныс аударатын қоныс аударушылар мен этникалық қазақтар үшін мемлекеттік қолдау шарттары мен тетіктерін қайта қарау | "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" ДСӘДМ 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 105341 болып тіркелген) | 2023 жылғы ІІI тоқсан | Еңбекмині, ҰЭМ, ЖАО |
28. | Қандастарды қоныстандыруды реттеу үшін аймақтар бойынша саралай отырып, өңірлер бөлінісінде (аудандар және елді мекендер бойынша) олардың қоныстануының интерактивті картасын әзірлеу | тәжірибелік пайдалануға, өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі | 2023 жылғы I тоқсан | Еңбекмині, ЖАО |
29. | Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлерінде бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру, сондай-ақ қоныс аударушыларды орталықтарда қызмет көрсетілетін контингентке қосу бойынша шаралар қабылдау | ЖАО шешімі | 2023 жыл | Еңбекмині, ЖАО, "Отандастар" КеАҚ (келісу бойынша) |
5.5–бағыт. Босқындармен және азаматтығы жоқ адамдармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау | ||||
Ұлттық заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алған босқындардың үлесі: 2023 жыл – 80 %, 2024 жыл – 85 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 95 %, 2027 жыл – 100 % | ||||
30. | Ұлттық заңнама нормаларын 1951 жылғы Конвенцияның ережелерімен (Қазақстан Республикасының аумағында босқындарға, пана іздеп жүрген адамдарға және азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан аумағында болған кезеңінде тұрақты экономикалық даму және әлеуметтік қолдауға толық әрі нәтижелі еңбекпен қол жеткізу үшін медициналық көмекке, жұмысқа орналасуға, білім алуға және әлеуметтік көмекке азаматтармен және тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде қол жеткізуі бөлігінде) имплементациялау бойынша ұсыныстар дайындау және мақұлданған ұсыныстарды ескере отырып, НҚА-ға өзгерістер енгізу | реттеу саясатының консультативтік құжаты | 2023 жылғы IIІ тоқсан | Еңбекмині, ДСМ, ІІМ, ОАМ, СІМ, БЖКБ БҰҰ (келісу бойынша) |
31. | Босқындар туралы жаһандық шартта және басқа да халықаралық бастамаларда жазылған мақсаттарға сәйкес босқындардың, пана іздеп жүрген және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын ілгерілету үшін БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Алматыдағы көп елдік өкілдігімен ынтымақтастықты нығайту және бірлескен бастамаларды әзірлеу жөнінде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | жыл сайын IV тоқсан | Еңбекмині, СІМ, БЖКБ БҰҰ (келісу бойынша) |
32. | БҰҰ стандарттарына сәйкес Мемлекеттік материалдық резерв құрылымында босқындарды қолдау үшін жеке резерв құру бойынша шаралар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2023 жылғы III тоқсан | ТЖМ, Еңбекмині, СІМ, БЖКБ БҰҰ (келісу бойынша) |
5.6-бағыт. Қазақстаннан еңбек көші-қоны | ||||
Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі келісімге қол қою: 2024 жыл – 1 бірлік, 2025 жыл – 1 бірлік, 2026 жыл – 2 бірлік, 2027 жыл – 2 бірлік. | ||||
33. | Халықтың еңбек көші-қоны саласындағы жұмысты жандандыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) іске асыру | графикке сәйкес жоспарды орындау | график бойынша, жыл сайын | Еңбекмині, СІМ, ІІМ |
34. | Қазақстандық азаматтардың едәуір санын тартатын елдермен (Түркия, БАӘ, АҚШ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Корея Республикасы, Израиль мемлекеті, Қатар, Германия Федеративтік Республикасы) еңбекші көшіп-қонушылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету туралы екі жақты келісімдерді (меморандумдарды) әзірлеу | халықаралық шарт жобасы | жыл сайын I тоқсан | Еңбекмині, СІМ, ІІМ, ЖАО, КҚХҰ (келісу бойынша) |
35. | Еларалық келісімдер жасалған елдерде қазақстандықтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2023 жылғы II тоқсан | Еңбекмині, СІМ, КҚХҰ (келісу бойынша) |
Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау жүйесімен қамту: 2023 жыл – 50 %, 2024 жыл – 60 %, 2025 жыл – 70 %, 2026 жыл – 90 %, 2027 жыл – 100 % | ||||
36. | Қазақстаннан келген еңбек эмигранттарына өзара көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан келген еңбек эмигранттары бар елдердегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау | меморандумдар жасасу туралы есеп | жыл сайын III тоқсан | СІМ, Еңбекмині, "Отандастар" КЕАҚ (келісу бойынша) |
37. | Жоғары білікті отандастардың (еңбекші эмигранттармен) олардың әлеуетін пайдалану үшін олармен өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу | өзара іс-қимыл алгоритмі | 2023 жылғы III тоқсан | Еңбекмині, СІМ, ҰЭМ, ҒЖБМ, ЭМ, ИИДМ, СЖРА (келісу бойынша), ЖАО, ҰКР, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
38. | Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бөлігінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметін реттеу тетіктерін қайта қарау | Еңбекминінің бұйрығы | 2023 жылғы IV тоқсан | Еңбекмині, СІМ, ІІМ, Қаржымині, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
39. | Шетелге жұмысқа орналасуға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау үшін ақпараттық материалдар ұсыну бойынша мобильді қосымшаларды әзірлеу (заңнама, мәдениет, тіл, құжаттарды ресімдеу және т. б.) | мобильді қосымшаны пайдалануға енгізу | 2024 жылғы II тоқсан | Еңбекмині, СІМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, ІІМ, ЖАО, КҚХҰ (келісу бойынша) |
5.7-бағыт. Ішкі экономикалық ұтқырлық | ||||
Ішкі ұтқырлық деңгейі, өңіраралық көші-қон шеңберінде адамдардың жалпы санынан солтүстік және шығыс өңірлерге келгендердің үлесі: 2023 жыл – 13,2 %, 2024 жыл – 13,7 %, 2025 жыл – 14,3 %, 2026 жыл – 15,0 %, 2027 жыл – 16,2 % | ||||
40. | Урбанизация үрдісін ескере отырып, ішкі көші-қонды есепке алу және мониторингтеу жүйесін құру | ақпараттық жүйе | 2024 жылғы IІІ тоқсан | ҰЭМ, Еңбекмині, ІІМ, ЖАО,ҰСБ (келісу бойынша) |
41. | Қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған оқиғаларды дамытудың болжамды сценарийлерін әзірлеу, жергілікті жерлерде көші-қон іс-шараларын ұйымдастыру және үйлестіру және өңіраралық ынтымақтастықты күшейту үшін 20 өңірлік еңбек ұтқырлығы орталығын ашу. | ЖАО шешімі | 2023 жылғы IІ тоқсан | Еңбекмині, ЖАО |
42. | Жұмыс күші тапшы өңірлерде бизнесті ашу және дамыту жөніндегі кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау мақсатында "Үздік бизнес-идеялар" жобасын әзірлеу және іске асыру | Еңбекминінің бұйрығы | 2023 жылғы IІ тоқсан | Еңбекмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
43. | Экономикалық ұтқырлық сертификатын енгізу – Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне қоныс аударған адамның шығындарының 50 % өтеуге арналған ақшалай төлем | "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" ДСӘДМ 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 105341 болып тіркелген) | 2023 жылғы I тоқсан | Еңбекмині, ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині, ЖАО |
44. | "Қуатты өңірлер – даму драйверлері" ұлттық жобасы шеңберінде халықты жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіруді ынталандыру жөніндегі өңірлік Жол картасын әзірлеу | бағдарламаның өңірлік Жол картасын бекіту | 2023 жылғы I тоқсан | ЖАО, Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
Қоныстандыру өңірлерінде тұратын қоныс аударушылар мен қандастар үшін бейімдеу және интеграциялық қызметтер көрсету: 2023 жыл – 80 %, 2024 жыл – 85%, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 95 %, 2027 жыл – 100 % | ||||
45. | Қандастар мен қоныс аударушыларға консультациялық, ақпараттық, аударма және білім беру және басқа да бейімдеу қызметтерін көрсету үшін Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру | ЖАО шешімі |
2023 жылғы IV тоқсан, |
|
46. | Кооперация жолымен мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы бағыттары бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарға жеңілдікпен кредит беру арқылы ауыл халқының табысын арттыру бойынша Жамбыл облысының оң тәжірибесін бейімдеу | кірістерді арттыру жөніндегі жобаны іске асыру туралы есеп | жыл сайын IV тоқсан |
АШМ, Еңбекмині, ҰЭМ, ЖАО |
47. | Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге тартылатын жас мамандар үшін "Жастар практикасы" жобасы шеңберінде жалақыға қосымша үстемеақы белгілеу | "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" ДСӘДМ 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 104872 болып тіркелген) | 2023 жылғы III тоқсан |
Еңбекмині, ҰЭМ, ЖАО |
48. | Жұмыс күші тапшы өңірлердегі білім беру ұйымдары үшін білім беру гранттарын ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | 2023 жылғы II тоқсан |
ҒЖБМ, ДСМ, ЖАО |
Көші-қон саласындағы НҚА жетілдіру | ||||
Халықтың сыртқы көші-қон сальдосы: 2023 жыл – (-18,0 мың адам), 2024 жыл – (- 12,3 мың адам), 2025 жыл – (- 7,2 мың адам), 2026 жыл – (- 3,1 мың адам), 2027 жыл – (+0,1 мың адам) | ||||
49. | "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | реттеу саясатының консультативтік құжаты |
2023 жылғы қаңтар (Заң жобасының тұжырымдамасы) |
Еңбекмині, ІІМ, СІМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, Қаржымині, ЖАО, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ (келісу бойынша), СЖРА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП |
50. |
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына: | реттеу саясатының консультативтік құжаты | 2023 жылғы IV тоқсан | ІІМ, СІМ, Еңбекмині, ҰҚК (келісу бойынша) |
a) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжатты алу немесе пайдалану; | ||||
Ақпараттық сүйемелдеу | ||||
51. | Қазақстан Республикасының көші-қон саясатын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту | Еңбекминінің, АҚДМ бірлескен бұйрығы |
2023 жылғы | Еңбекмині, АҚДМ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
"Атамекен" ҰКП | - | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
АШМ | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
АХҚО | - | "Астана" халықаралық қаржы орталығы |
Әділетмині | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
БҰҰ БЖКБ | - | БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы |
ҒЖБМ | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖАО | - | жергілікті атқарушы органдар |
ИИДМ | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
КҚХҰ | - | Көші-қон халықаралық ұйымы |
Қаржымині | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚРҰБ | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі | |
МСМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
ОАМ | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | |
"Отандастар" КеАҚ | - | "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
СЖРА | - | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
СІМ | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
"ҰАТ" АҚ | - | "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы |
ҰҚК | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰСБ | - | Ұлттық статистика бюросы |
ҰЭМ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | - | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
"ЦҮҚО" ШЖҚ РМК | - | "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭГТРМ | - | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭМ | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |