"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 985 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      197) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "197) өз құзыреті шегінде тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарының сақталуын және шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері себептері бойынша құқықтарға нұқсан келтіруге жол бермеуді, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 206-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "206-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау, оларды жою бойынша шаралар қабылдау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады