"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1006 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      186) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "186) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосуларда және хабарларда көтеріп отырған жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингті және анықтауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "186-1) жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады