Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1011 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үшін көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы 175-1-тармақпен толықтырылсын:

      "175-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.".

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады