Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрiні, улы заттарды уақытша алып қою, ал мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан қарумен,
оқ-дәрiмен және улы заттармен қатар жауынгерлiк және әскери оқу техникасын да, жарылғыш және радиоактивтi заттарды да уақытша алып қою көзделедi.";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Коменданттық сағатты енгізу тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Баспа басылымдарының міндетті даналары мен радио- және телебағдарламалар материалдарын сұратып алу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды жүзеге асыру тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жоюға кедергі келтіретін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі";
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Көшіру-көбейту техникасын, радио- және телехабар тарату аппаратурасын, дыбыс және бейнежазба техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу, сондай-ақ дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды уақытша алып қою тәртібі";
16, 17 және 18-тармақтарға орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сатудың, сатып алудың және бөлудің ерекше тәртібін орнату";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және қаржы қаражатын алып өтуді қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруына шектеу қою тәртібі";
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға шектеу қою немесе тыйым салу, дәрі-дәрмектің, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгілеу тәртібі";
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан қарумен, оқ-дәрімен және улы заттармен қатар, жауынгерлік және әскери оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою тәртібі";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан жауынгерлік және әскери оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қойған кезде жергілікті жердің комендатурасы күнтізбелік үш күн ішінде алып қойылған техникалық құралдарды уақытша сақтау үшін қауіпсіздік талаптары және көлемі бойынша сәйкес келетін үй-жайларды айқындайды, көрсетілген қаруды, оқ-дәрілер және улы заттарды уақытша сақтауға алып қоюды, оларды күзетуді және сақтауды, сондай-ақ аталған шараның қолданылуы аяқталғаннан кейін меншік иелеріне қайтаруды қамтамасыз етеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |