Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1041 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы "Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № А-11/554 бірлескен қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 7С-22-3 шешіміне келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1041 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады