"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒБО" КеАҚ) "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "ҰАҒБО" КеАҚ-пен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1061 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласы";
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласы";
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-160-жолмен толықтырылсын:
"123-160. "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-8-жолмен толықтырылсын:
"389-8. "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.