Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, инновациялық қызмет салаларында, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, дербес деректер және оларды қорғау, байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша басшылықты, сондай-ақ жобалық басқару саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру, дербес деректер мен оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласын, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, байланыс қызметінің тиімді дамуы мен жұмыс істеуі;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;";
158) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 159-1) және 159-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"159-1) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу және бекіту;
159-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 191-1) тармақшамен толықтырылсын:
"191-1) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару тәртібін келісу;";
212) және 213) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"212) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
213) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін ескере отырып, геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының деректері мен материалдарын есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 213-1), 213-2), 213-3), 213-4), 213-5), 213-6), 213-7), 213-8), 213-9), 213-10), 213-11) және 213-12) тармақшалармен толықтырылсын:
"213-1) бюджет қаражатының есебінен орындалатын аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
213-2) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу;
213-3) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелері арасындағы трансформациялау мен өзгерту параметрлерін әзірлеу және бекіту;
213-4) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
213-5) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
213-6) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
213-7) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелерінің арасындағы трансформациялау және өзгерту параметрлерін айқындау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
213-8) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
213-9) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды мемлекеттік геодезиялық желілерге жатқызу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
213-10) нивелирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
213-11) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау және дамыту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
213-12) базалық кеңістіктік деректердің тізбесін бекіту;";
214) тармақша алып тасталсын;
215) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"215) бюджет қаражатының есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесін әзірлеу және бекіту;";
216) тармақша алып тасталсын;
217) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"217) Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту;";
219) тармақша алып тасталсын;
222) және 223) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"222) бюджет қаражатының есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
223) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және жаңартып отыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";
282) тармақша алып тасталсын;
346) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"346) мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру;";
347) және 348) тармақшалар алып тасталсын;
349) және 350) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"349) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшем құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру;
350) Қазақстан Республикасындағы геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
351), 352) және 353) тармақшалар алып тасталсын;
354) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"354) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;";
355), 356) және 357) тармақшалар алып тасталсын;
359) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"359) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау мен дамытуды ұйымдастыру;";
мынадай мазмұндағы 359-1), 359-2), 359-3), 359-4), 359-5) және 359-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"359-1) топографиялық карталар мен жоспарларды жасау және жаңартып отыру;
359-2) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және дамыту;
359-3) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар және стандарттау жөнінде ұсынымдар дайындау;
359-4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
359-5) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
359-6) мемлекеттік есептеу жүйелері мен картографиялық проекцияларды әзірлеу;".
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 162) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"162) әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жүгіну тәртібін айқындау;".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |