Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 407 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, мынадай құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурстық комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) құрылсын:

 
Темірбеков
Дәурен Оденұлы
 

 
– Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға
 

Арғынғазинов
Айбол Арғынғазыұлы
 

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

 
Бижанова
Айжан Әділқызы
 
 

 
– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)
 

Мәкежанов
Сұлтанбек Алмасбекұлы

– Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)
 

Бейсенғалиев
Берік Тұрсынбекұлы

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісу бойынша)
 

Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы

– Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша)
 

Уәлиева
Айгүл Бекішқызы
 

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры
 

Құттымбетов
Нұржан Сәбитұлы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша)
 

Байгенжина
Әлия Құрманқызы

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.
 

      2. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2023 – 2024 жылдарға жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөнінде конкурс өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын айқындасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады