Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 431 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 431 қаулысымен
бекітілген

Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары

      1. Осы Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда олар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тәртібін айқындайды.

      2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – агент) судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінеді.

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналары аударылған Конституциялық Сот судьясының өкілеттіктері теріс себептер бойынша тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың қызметін құқықтық, ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультациялық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган да Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді.

      Өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының, судьялардың тізімі (бұдан әрі – тізім) қоса беріледі.

      Тізім әрбір жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) агенттің атауы мен деректемелері;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) туған күні, жынысы;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;

      5) салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі;

      6) лауазымнан босатудың негізі;

      7) төлем тапсырмасының деректемелері;

      8) республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған, бюджетке алып қоюға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналарының сомалары). Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      3. Өтініште:

      1) агенттің атауы және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі төлемдер бойынша), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі төлемдер бойынша);

      2) банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК);

      3) жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК);

      4) төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні және сомасы);

      5) судьяның деректемелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      6) алып қоюға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

      Өтінішке:

      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы;

      2) жергілікті және басқа да соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды және ол елтаңбалы мөрмен куәландырылады. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, алып қою туралы өтінішке тиісті белгі қойылады;

      3) Конституциялық Соттың судьяларына қатысты Конституциялық Сот Аппаратының басшысы, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды және ол елтаңбалы мөрмен куәландырылады. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, алып қою туралы өтініште тиісті белгі қойылады.

      4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген сомаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін көрсете отырып қалыптастырады.

      Электрондық өтінімде:

      1) осы Қағидалардың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салымшының деректемелері;

      2) өтінімнің нөмірі мен күні;

      3) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

      Электрондық өтінім ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржылық жүйесі арқылы БЖЗҚ-ға жіберіледі.

      5. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.

      БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына төлем тапсырмасымен жүргізіп, тізімді қоса береді.

      6. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.

      7. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда агенттің 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бюджетке аударуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Судья теріс себептер бойынша
лауазымынан босатылған
жағдайда
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьялары, судьялар үшін
қосымша белгіленген
міндетті зейнетақы
жарналарының сомаларын
алып қою және бюджетке аудару
қағидаларына
1-қосымша

Агенттің судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының, судьялардың ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға өтініші

  "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамы
_________________________
_________________________

      1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің (агенттің) деректемелері атауы

      _____________________________________________________________________

      БСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі төлемдер бойынша) ___________________

      СТН (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі төлемдер бойынша) ____________________

      БСК ______________________ ЖСК _______________________________________

      2. Судьяның деректемелері

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      ЖСН ________________________________________________________________

      міндетті зейнетақы жарналарының сомасы _______________________________

      Алып қойылатын сома _________________________________________________

      (бірнеше төлем тапсырмалары бойынша міндетті зейнетақы жарналарының есепке

      жатқызылған сомаларын есептен шығару қажет болған жағдайда есептен шығаруға

      жататын сомалар әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)

      Алып қойылған сомаларды мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелері көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының басшысы/Сот

      әкімшілігінің басшысы/облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар

      қалалардағы аумақтық бөлімшенің басшысы

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      М.О. күні ____________

  Судья теріс себептер бойынша
лауазымынан босатылған
жағдайда
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының
судьялары, судьялар үшін
қосымша белгіленген
міндетті зейнетақы
жарналарының сомаларын алып
қою және бюджетке аудару
қағидаларына
2-қосымша

Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының, судьялардың тізімі

Р/с №

Агенттің атауы мен деректемелері*

Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялар бойынша мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні, жынысы

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні

Салымшының ЖСН

Лауазымнан босатудың негізі (Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының №, күні)

Төлем тапсырмасының №, күні

Республикалық бюджет қаражатынан қосымша аударылған, бюджетке алып қоюға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      *СТН (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі төлемдер бойынша)

      БСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі төлемдер бойынша)

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының басшысы/Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы/облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшенің басшысы

      _________________________________(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      М.О. күні_________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады