Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 440 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті "Нұра" ауданының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесi құрылсын.

      2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тiзбесiнде:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:

      "21-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті "Нұра" ауданының полиция басқармасы".

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады