"Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 555 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешімінің 1-тармағының б) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын елдерден Қазақстан Республикасының азаматтары 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасына әкелген М1 санатындағы бірлі-жарым көлік құралдарына (бұдан әрі – көлік құралдары) қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналысқа шығару – мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын (шассиді) шектеусіз пайдалануға және оған билік етуге рұқсат беру;
2) бастапқы тіркеу – көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу;
3) Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидалары (БҰҰ қағидалары) – 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімге (бұдан әрі – 1958 жылғы келісім) сәйкес қабылданған және 1958 жылғы Келісімге қосымша болып табылатын техникалық нұсқамалар.
4) Қазақстан Республикасының Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігі – (бұдан әрі – ҚР КҚКҚК) айналысқа шығарылатын көлік құралының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын және сынақ зертханасы беретін көлік құралының сәйкестігін бағалау туралы құжат;
5) көлік құралының конструкциясын техникалық сараптау – көлік құралының конструкциясын және оған техникалық құжаттаманы сынақтар жүргізбей талдау;
6) сәйкестендіру – көлік құралында (шассиде) немесе оның компоненттерінде бар зауыттық таңбаның және өтініш беруші тапсырған құжаттамадағы немесе сәйкестікті растайтын құжаттардағы деректердің бірдейлігін көлік құралын (шассиді) немесе оның компоненттерін бөлшектемей белгілеу;
7) сынақ зертханасы – құзыреті ISO 17025 стандартының талаптарына сәйкес келетін, Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген және көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мәлімдеген аккредиттелген сынақ зертханалары.
3. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптар қолданылатын және олардың сәйкестігін бағалау жүргізілетін көлік құралдары 12 000-нан (он екі мыңнан) аспайды.
4. Осы Қағидаларда Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – Техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды алу және ұсыну рәсімін ҚР КҚКҚК – сәйкестікті бағалау туралы жеткілікті құжат ретінде айқындау есебінен қолдану көзделеді.
Осы Қағидалардың талаптары бойынша сәйкестікті бағалаудан өткен және ҚР КҚКҚК алған көлік құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеуге жатады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу тәртібі
5. Көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу үшін өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі органға:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) көлік құралын иелену немесе пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) көлік құралының Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінгенін растайтын құжатты (кедендік жүк декларациясы не Бірыңғай сақтандыру дерекқорында растауы бар көлік құралына қатысты 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін алынған сақтандыру полисі);
5) жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын көлік құралдары үшін көлік құралына сәйкестендіру нөмірін беру туралы құжатты;
6) ҚР КҚКҚК ресімдеу үшін жеткілікті көлемдегі көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасын;
7) көлік құралдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдарды (бар болса) ұсынады, мынадай құжаттардың бірі осындай материалдар болып табылады:
компоненттерге арналған сертификаттардың көшірмелері;
өнім дайындалатын конструкторлық немесе өзге де техникалық құжаттама;
түпнұсқа бөлшектердің сызбалары және олардың өндірісінің технологиялық карталары немесе тиісті эскиздік құжаттама.
6. Сынақ зертханасы өтінімді қарайды және өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетінің ұсынылмауы көлік құралының сәйкестігін растауды жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
7. Сынақ зертханасы өтініш берушімен сәйкестікті бағалауды жүргізу мерзімдерін келіседі.
8. Сәйкестікті бағалау толық жинақталған көлік құралдарына ғана жүргізіледі.
9. Сынақ зертханасы сәйкестендіру мақсатында көлік құралын, оның ішінде сәйкестендіру нөмірі бойынша тексеріп-қарайды, көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама, сынақ жүргізеді және өлшейді, олардың нәтижелері бойынша көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама хаттамасын ресімдейді.
Көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама жүргізген кезде сынақ зертханасы осы Қағидалардың 11-13-тармақтарында және Техникалық регламентке 4–6-қосымшаларда, 7-қосымшаның 4-тармағында көзделген талаптардың орындалуын тексереді (Техникалық регламентке 4-қосымшаның 4, 5-бөлімдерінің ережелерін қоспағанда).
10. Техникалық регламенттің 70-тармағына сәйкес өтініш беруші БҰҰ-ның № 10 – 12, 14, 16 – 18, 21, 26, 34, 39, 46, 48, 58, 73 және 107-қағидаларында көзделген көлік құралының типін ресми бекіту туралы хабар ұсынған кезде Техникалық регламентке 4-қосымшаның тиісті бөлімдері бойынша техникалық сараптама жүргізілмейді.
11. Өтінімді қарау және ол бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша сынақ зертханасы өтінім берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР КҚКҚК береді.
12. Көлік құралы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ол сәйкестікке келтіріледі және талаптардың орындалуын қайта тексеру үшін сынақ зертханасына ұсынылады.
13. Талаптардың орындалуын тексеруге қатысы бар құжаттама сынақ зертханасының архивінде кемінде бес жыл сақталады.
14. Сынақ зертханасы ҚР КҚКҚК бекітілгенмен кейін үш жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге қолма-қол, пошта арқылы не электрондық адреске тапсырады/жолдайды және ҚР КҚКҚК көшірмесі мен осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес құжатты техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
15. Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган сынақ зертханасынан осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес құжаттарды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР КҚКҚК-ні көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін, маркаларын және коммерциялық атауларын көрсете отырып, ҚР КҚКҚК тізілімінде тіркейді.
нысан
Сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім
____________________________________________________________________
(сынақ зертханасының толық атауы) жеке тұлға
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
_____________________________________________________________________
көлік (көлік құралының атауы және шартты белгісі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, көлік құралын жасаушының атауы) құралының сәйкестігіне бағалау жүргізуді сұраймын.
20 __ жылғы "__" __ (қолы)
Қоса беріліп отырған құжаттар
20 __ жылғы "__" ____ (қолы)
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІ
№ ________________
АККРЕДИТТЕЛГЕН СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ, АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ |
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
МАРКАСЫ | ||
КОММЕРЦИЯЛЫҚ АТАУЫ | ||
ТИПІ | ||
БАЗАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ/ШАССИ | басқа дайындаушының базалық көлік құралы/шассиі пайдаланылған кезде ғана (Қазақстан Республикасының көлік құралының типін мақұлдауды ресімдеген кезде) | |
СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ (VIN) | ||
ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЫЛЫ | ||
САНАТЫ | ||
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫП | ||
ӨТІНІШ БЕРУШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ | ||
ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ | ||
ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ | бар болса | |
КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ | ||
Дөңгелек формуласы / жетек дөңгелектері | ||
Көлік құралының орналасу схемасы | ||
Қозғалтқыштың орналасуы | ||
Шанақ типі/есіктер саны (М санаты үшін) | ||
Отыруға арналған орындардың саны (қатарға бөлінеді) | ||
Габариттік өлшемдері, мм | ||
Жарақталған күйдегі көлік құралының салмағы, кг | ||
Көлік құралының техникалық рұқсат етілген ең жоғары салмағы, кг | ||
Гибридті көлік құралының сипаттамасы: | сыртқы көзден қайта зарядтау көзделген немесе көзделмеген; көзделген жұмыс режимдері (тізбелеу): тек іштен жану қозғалтқышы, тек біріктірілген электр қозғалтқышы (осы жұмыс режимінің қысқаша сипаттамасы) | |
Іштен жану қозғалтқышы (маркасы, типі) | ||
Отын | ||
Қорек жүйесі (типі) | ||
Пайдаланылған газдарды шығару және бейтараптандыру жүйесі | ||
Электромобиль электр қозғалтқышы (типі) |
(тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток жағдайында-синхронды немесе асинхронды, фазалар саны) | |
Трансмиссия (типі) | (трансмиссия схемасының сипаттамасы) | |
Электр машинасы: (маркасы, типі) | (әр электр машинасының сипаттамасы: негізгі функция (қозғалтқыш немесе генератор), тұрақты немесе айнымалы ток. | |
Жұмыс кернеуі, В | ||
Ілінісу (маркасы, типі) | ||
Беріліс қорабы (маркасы, типі) | ||
Аспасы | ||
Рульдік басқару (сипаттама) | ||
Тежеу жүйелері | ||
Шиналар | өлшемді белгілеу | |
Көлік құралының жабдықтары |
Ресімделген күні _____________________
Сынақ зертханасының жетекшісі (оның орынбасары)
____________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мөрі (бар болса)