Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 562 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті "Білім беру мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттары (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен адамның баланы тәрбиелеуге қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар тізбесін келісу;";

      15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      16) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;";

      19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиісті типтегі және түрдегі үлгілік қағидаларын бекіту;

      20) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асыру және оны жүргізуді үйлестіру, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу процесін онлайн-оқыту нысанында ұйымдастыру қағидаларын бекіту;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту;";

      62), 63) және 64) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      63) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      64) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "67-1) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту;";

      72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "72) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту;";

      76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 89-1), 89-2), 89-3), 89-4), 89-5), 89-6), 89-7), 89-8), 89-9), 89-10), 89-11), 89-12) және 89-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "89-1) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін бекіту;

      89-2) патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражат мөлшерін және оны төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      89-3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынжайын жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгілік шартын бекіту;

      89-4) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынжайының сақталу қағидаларын бекіту;

      89-5) пәтер үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар, әкімшілік ғимараттар мен отбасылардың тұруына арналған құрылысжайлар, сондай-ақ үй іргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылығы орналасқан балалар ауылы аумағының ең аз мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту;

      89-6) жыл сайын білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеу;

      89-7) білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту;

      89-8) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекіту;

      89-9) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру жинақтау салымын сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      89-10) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      89-11) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп қатысушы-банк пен оператор, оператор мен сақтандыру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;

      89-12) "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту;

      89-13) қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және төлеу мөлшерін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 103-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "103-1) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру;";

      106) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "106) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және оны енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      116), 117) және 118) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "116) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың, мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту;

      117) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту;

      118) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "158) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалану шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      179) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "179) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту;";

      191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаларға:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары мен күндізгі және онлайн оқыту нысандары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

      мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары мен күндізгі және онлайн-оқыту нысандары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

      рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру;";

      192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "192) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;";

      200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру;";

      203) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "203) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 204-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "204-1) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;";

      207) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "207) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасы мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;";

      228) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "228) білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      235-12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "235-12) оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды нығайтуға, оларда инклюзивті және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 235-13), 235-14), 235-15), 235-16), 235-17), 235-18), 235-19), 235-20), 235-21), 235-22), 235-23), 235-24), 235-25), 235-26), 235-27), 235-28) және 235-29) тармақшалармен толықтырылсын:

      "235-13) он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту;

      235-14) он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау;

      235-15) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту;

      235-16) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту;

      235-17) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;

      235-18) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту;

      235-19) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттелген органдарын тану қағидаларын бекіту, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сондай-ақ оларды оған енгізу, тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастыру және бекіту;

      235-20) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы және оны әзірлеу қағидаларын бекіту;

      235-21) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілік тәртібін әзірлеу және бекіту;

      235-22) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған, қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      235-23) тиісті саланың уәкілетті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын келісу;

      235-24) кәсіптік стандартқа сәйкес әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау бағдарламасын әзірлеу;

      235-25) тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптарды әзірлеу және бекіту;

      235-26) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру және оның қызметі туралы ережені бекіту;

      235-27) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын келісу;

      235-28) әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау қағидаларын келісу;

      235-29) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын келісу;";

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      12-тармақ алып тасталсын;

      Министрліктің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Астана қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті.";

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Білім беру мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады