"1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 567 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы

      1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      соттардан шығатын өтініштер (тапсырмалар), сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот актілерін тану және орындау туралы өтінішхаттар, талап қоюды қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

      қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттерді орындау, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге байланысты процестік құжаттарды жіберу және тапсыру, сондай-ақ сот процесiнiң нәтижелерi туралы ақпарат беру, қылмыстық жолмен алынған заттай дәлелдемелерді, құжаттарды, құнды заттарды беру, іс материалдарын жіберу, сұрау салушы тарапқа адамдардың сотталғандығы, оларды іздестіру және сәйкестендіру туралы мәліметтер беру, прокурордың және тергеу судьясының (соттың) санкциясын талап ететін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындауға беру, қылмыстық қудалауды қозғау және жүзеге асыру, күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды, куәгерлердi, жәбiрленушiлердi, сарапшыларды тергеу, қылмыстық істер жөніндегі үкімдерді (шешімдерді) тану және орындау туралы өтінішхаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жататын құжаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, әділет органдары мен мекемелерінен, нотариустар мен адвокаттардан, сондай-ақ сот орындаушыларынан шығатын өтініштер (тапсырмалар) бөлігінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шарттың ережелерін іске асыру бойынша құзыретті органдар болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасын Шарттың ережелерін іске асыру бойынша тағайындалған құзыретті органдар, олардың функциялары және байланыс деректері туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады