"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 617 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 27 шілдедегі
№ 617 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі

1.

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

– 15 ақпан

2.

Алғыс айту күні

– 1 наурыз

3.

Аналар күні

– мамырдың екінші жексенбісі

4.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

– 31 мамыр

5.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

– 4 маусым

6.

Әкелер күні

– маусымның үшінші жексенбісі

7.

Ұлттық домбыра күні

– шілденің бірінші жексенбісі

8.

Абай күні

– 10 тамыз

9.

Спорт күні

– тамыздың үшінші жексенбісі

10.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

– 29 тамыз

11.

Білім күні

– 1 қыркүйек

12.

Отбасы күні

– қыркүйектің екінші жексенбісі

13.

Қазақстан халқы тілдері күні

– 5 қыркүйек

14.

Еңбек күні

– қыркүйектің соңғы жексенбісі

15.

Қарттар күні

– 1 қазан

16.

Нан күні

– 16 қазан

17.

Энергия үнемдеу күні

– 11 қараша

18.

Ұлттық валюта – теңге күні

– 15 қараша

19.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

– 1 желтоқсан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады