"Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 637 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарда:

      17-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың терроризмге қарсы комиссиясының (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия) үйлестіруімен тұрақты негізде (терроризмге қарсы комиссия Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерін, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерінің, иелерінің, басшылары мен өзге де лауазымды тұлғаларының террористік сипаттағы өзекті қатерлер және терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау тәуекелін азайтатын), сондай-ақ ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін жағдайлар жасау туралы хабардар болуын арттыру бойынша сабақтар өткізу арқылы террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды үйлестіреді);

      2) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздегі терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – жедел штаб) өз басшылығының шешімі бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерімен, иелерімен, персоналымен, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің қызметкерлерімен эксперименттер өткізу арқылы ұйымдастырады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51 бірлескен бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес екі данада жасалады, электрондық нұсқасы бірге әзірленеді.";

      32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) объектінің меншік иесі, иесі, басшысы объектіні облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарлама алған (жекелеген жағдайларда терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша объектінің күрделілігін ескере отырып, паспорт жасаудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін);".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады