"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 644 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін резервке қоюды қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 110-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "110-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы халықты орталықтандырылған шұғыл хабардар етуді қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 143-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "143-1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестердің тізілімімен интеграциялануға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 202-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "202-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы келісуді жүзеге асыру;";

      206-4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 213-13), 213-14), 213-15), 213-16), 213-17), 213-18), 213-19), 213-20), 213-21), 213-22), 213-23), 213-24), 213-25) және 213-26) тармақшалармен толықтырылсын:

      "213-13) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік геодезиялық желінің пассивті пункттерінің координаталарын спутниктік айқындауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік гравиметриялық желісі пункттерінде гравиметриялық жұмыстарды орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-15) кеңістіктік деректер тізілімін бекіту;

      213-16) Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерінің пункттері мен белгілерін салу, зерттеп-қарау және қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-18) геодезиялық аспаптар мен жабдықтарды тексеру және зерттеу жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-19) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық жобаларды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-20) нивелирлеу пункттерінің биіктік каталогтарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-21) геодезиялық және картографиялық жұмыстар бойынша техникалық есептерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-22) Қазақстан Республикасын мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштерін бекіту;

      213-23) геодезиялық және картографиялық жұмыстардағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-24) қайта нивелирлеу материалдары бойынша жер бетінің қазіргі тік қозғалыстарының жылдамдығын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-25) геодинамикалық полигондарда геодезиялық жұмыстар жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      213-26) геодезиялық пункттердің каталогтарын жасау және басып шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 234-1) және 234-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "234-1) инновациялық қызмет сыныптамасын бекіту;

      234-2) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 245-4), 245-5) және 245-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "245-4) жобалардың басқарушы құжаттарын әзірлеу әдістемесін бекіту;

      245-5) жобаның жетілуін бағалау әдістемесін бекіту;

      245-6) жобаның түйінді ұлттық индикаторға қол жеткізудегі үлесін және Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындау нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындау әдістемесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 326-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "326-1) радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн біржолғы төлемақы мөлшерiн айқындау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 367-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "367-2) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды орындау бойынша жұмысты үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 379-12) және 379-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "379-12) деректерді өңдеу орталықтары операторларының, бұлтты есептеулер қызметтерін жеткізушілердің, интернет-трафикпен алмасу нүктелерінің қызметін реттеуді қамтамасыз ету;

      379-13) мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, олардың атауларын өзгерту, атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады