Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 656 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласында орналасатын "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тiзбесiнде:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi.".

      реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады