Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жобалар бойынша мәміле жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамына сәйкес АҚШ долларымен қайта есептей отырып, осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес мердігердің 2023 – 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат шығындарды бөлуі туралы;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |