"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 700 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тәуелсіз директор Джон Дудастың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

      2. Мұхаммед Жәмил әл Рамахи "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайлансын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қызмет бабында пайдалану үшін;

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:

      мына:

      "

Джон Дудас

-

тәуелсіз директор

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұхаммед Жәмил әл Рамахи

-

тәуелсіз директор

      ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады