Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын (I кезең: 2023 – 2025 жылдар) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 723 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 145 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (I кезең: 2023 – 2025 жылдар) (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп отырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты есепті жылдан кейінгі 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспары іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп отырсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 24 тамыздағы
№ 723 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (I кезең: 2023 – 2025 жылдар)

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

I. Ақпараттық саясатты жетілдіру

1.

Масс-медиа жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық шараларды қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

АҚДМ

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ

2023 жылғы қараша

талап етілмейді

3.

Заңсыз спутниктік жабдықты ("сұр табақтар") таратқаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ

2023 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді

4.

Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру, оның ішінде:
мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландырудың жаңа тетігін енгізу (гранттық қаржыландыруға көшу);

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

АҚДМ
 

2024 жылғы ақпан
 

талап етілмейді

ақпарат нарығының жай-күйі мен даму перспективаларын, оның ішінде халықтың медиатұтынуын зерделеуге байланысты әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеулер жүргізу;


АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша), ҚСЗИ
(келісу бойынша)
 

2024 жылғы наурыз
 


деструктивті ақпараттық өнімдерге сараптама жүргізу мақсатында агрессивті медиаортаны зерттеу;


АҚДМ, Қорғанысмині,
ОКҚ (келісу бойынша), ҰҚК
(келісу бойынша)

2024 жылғы маусым
 


Орталық Азия өңірінде бірыңғай ақпараттық агенттік құру;


АҚДМ, СІМ, ҰЭМ, Әділетмині

2024 жылғы маусым


бірыңғай ұлттық медиаөлшем жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.


АҚДМ,
ЦДИАӨМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2024 жылғы маусым
 


5.

Мемлекеттік органның ресми сайтында орналастыра отырып, ақпараттық саланың жай-күйі туралы талдамалық баяндама дайындау

талдамалық баяндама

АҚДМ

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

6.

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі ұғымдық аппаратты біріздендіру ("гибридтік қатерлер", "гибридтік соғыстар", "ақпараттық манипуляция" және т.б. терминдерді енгізу)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ІІМ, Қорғанысмині, Әділетмині, ҰҚК (келісу бойынша), БП (келісу бойынша)

2024 жылғы
мамыр

талап етілмейді

7.

DDОS шабуылдарынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуде отандық интернет-ресурстарға жәрдемдесу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

ЦДИАӨМ, АҚДМ, ҰҚК
(келісу бойынша)

2024 жылғы ақпан

талап етілмейді

8.

Медиасаладағы бизнес-процестерді цифрландыру шеңберінде "Бірыңғай медиаплатформа" ақпараттық жүйесін құру

өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі АҚДМ, ЦДИАӨМ, ҰҚК (келісу бойынша)

2024 жылғы
қыркүйек
 

Республикалық бюджет комиссиясының
2023 жылғы
14 наурыздағы
№ 6 шешіміне сәйкес көзделген қаражат шегінде

9.

Жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып, ұлттық ақпараттық кеңістікті мониторингтеу жүйесін жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ

2024 жылғы наурыз
 

талап етілмейді

10.

Телерадио хабарларын тарату операторларының хабар тарату мониторингін автоматтандыру жөнінде инвестициялық ұсыныс дайындау және ЦДИАӨМ мен ҰЭМ-ге енгізу

ЦДИАӨМ мен ҰЭМ-нің қорытындысы АҚДМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ 2025 жылғы сәуір
 

талап етілмейді

11.

Ақпараттық кеңістікте ұлттық мүдделерді ілгерілету тетіктерін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ОКҚ
(келісу бойынша), АҚДМ, ОМО, ЖАО

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

12.

Сыртқы ақпараттық шабуылдарға, деструктивті идеологияның, үгіт-насихат пен жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

жол картасы

АҚДМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК
(келісу бойынша), ОКҚ
(келісу бойынша)

2024 жылғы
қаңтар

талап етілмейді

13.

Есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының тізілімін өзектілендіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ЖАО

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

14.

Ақпараттық кеңістіктегі проблемалық мәселелерді мониторингтеу және шешу жөнінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы тәртібін әзірлеу және бекіту

бұйрық

АҚДМ, ОКҚ
(келісу бойынша), ОМО, ЖАО

2023 жылғы
қыркүйек

талап етілмейді

15.

ОКҚ мен АҚДМ базасында дағдарыстық коммуникациялар жөнінде мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныптарын ұйымдастыру

тәмамдау туралы сертификаттар

АҚДМ, ОКҚ
(келісу бойынша)
 

жеке кестеге сәйкес
2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан
 

талап етілмейді

II. Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігі мен отандық ақпараттық контенттің сапасын арттыру

16.

Отандық БАҚ жұмыскерлерінің біліктілігін жоғарылату бойынша, оның ішінде салалық журналистиканы дамыту және жаңа ақпараттық трендтер мен цифрлық технологияларды игеру шеңберінде курстар, тағылымдамалар ұйымдастыру

тәмамдау туралы сертификаттар

АҚДМ

жеке кестеге сәйкес
2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

17.

Ұлттық қорғаныс университеті базасында күштік құрылымдар жұмыскерлері мен журналистерге арналған әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар оқу курсын ұйымдастыру

тәмамдау туралы сертификаттар

АҚДМ, Қорғанысмині, ТЖМ, ОКҚ
(келісу бойынша)

жеке кестеге сәйкес
2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

18.

Журналистика факультеті студенттерінің біліктілігін арттыруға және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған "Ruh vision" жобасы шеңберінде іс-шаралар кешенін іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

19.

Елдің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық журналистика бойынша кадрлар даярлау жөніндегі екіжақты келісімдерге қол қою

екіжақты келісімдер

ҒЖБМ, АҚДМ, СІМ
 

2024 – 2025 жылдардағы
мамыр

талап етілмейді

20.

Геймификациялау элементтері бар мобильді қосымшаны әзірлеу арқылы балалар мен жастардың медиасауаттылығын арттыру және сыни ойлауын дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы
желтоқсан

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

21.

"Кемел болашақ" жобасы аясында баспасөз хатшылары мен журналистердің біліктілігін арттыру бойынша семинарлар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы
желтоқсан

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

22.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, журналистика факультеттері үшін оқу және бизнес-әдебиетті шет тілінен мемлекеттік тілге аудару

келісімдер

ҒБЖМ, АҚДМ

2024 – 2025 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

23.

Байланыс операторларының жеңілдікті шарттар ұсынуы арқылы мемлекеттік БАҚ, интернет-ресурстары мен мобильдік қосымшаларының, мессенджерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету

БАҚ пен байланыс операторлары арасындағы келісімдер

ЦДИАӨМ, АҚДМ

2024 жылғы
мамыр

талап етілмейді

24.

Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:
телерадио хабарларын тарату саласы субъектілерінің техникалық базасын жаңғырту;
баспа басылымдарын таратуға арналған шығындарды субсидиялау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ЦДИАӨМ,
"Қазпошта" АҚ (келісу бойынша)
 

2024 жылғы
наурыз

талап етілмейді

25.

Халықтың кемінде 97 %-ын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен, сондай-ақ елдің шекаралас аумақтарында отандық радио хабарларын таратумен қамту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Қазтелерадио" АҚ (келісу бойынша)

2025 жылғы қараша

"Қазтелерадо" АҚ меншікті қаражаты
 

26.

Спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізгені үшін отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, ҰЭМ

2024 – 2025 жылдар

Республикалық бюджет комиссиясының
2023 жылғы
14 наурыздағы
№ 6 шешіміне сәйкес көзделген қаражат шегінде

27.

"Galam TV" отандық (Оver the Top) сервисін жаңғырту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ЦДИАӨМ, "Қазтелерадио" АҚ (келісу бойынша)

2024 жылғы мамыр

"Қазтелерадо" АҚ меншікті қаражаты

28.

Отандық және шетелдік БАҚ арасында келісімдер жасасу арқылы контент алмасу бойынша шетелдік БАҚ-пен өзара іс-қимылды кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, СІМ

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

29.

"Қазақстан" РТРК" АҚ өңірлік филиалдарын техникалық жаңғырту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы ақпан

талап етілмейді

30.

Цифрлық гигиена қағидалары туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған әдістемелік материалдарды, аудио-, бейне- және өзге де көрнекі өнімдерді әзірлеу және тарату

көрсетілген қызметтер актілері

АҚДМ, ҒЖБМ, ОМ, МСМ, ИИДМ, ЖАО, ОКҚ
(келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

31.

Шетелдік медианарықтарға өткізілетін аудиобейне өнімнің үлесін ұлғайту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, МСМ

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

III. Ақпараттық кеңістікті құндылықтық тұрғыдан толықтыру

32.

Интернет желісі үшін мемлекеттік тілде креативті балалар контентін өндіру орталығын құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

АҚДМ, ОМ, ҒБЖМ

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

33.

Балаларға арналған танымдық, білім беру-тәрбие бейнеконтентін өндіру және тарату

көрсетілген қызметтер актілері

АҚДМ, ОМ

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

34.

Қоғамның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінің өзекті мәселелеріне арналған деректі фильмдер түсіру және трансляциялау

көрсетілген қызметтер актілері

АҚДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

35.

Қазақ мәдениетін ілгерілету және танымал кейстер негізінде тренд қалыптастыру мақсатында танымал әлеуметтік желілердің жаңа аккаунттарын ашу және қолданыстағыларын қолдау

көрсетілген қызметтер актілері

АҚДМ

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

36.

Тарихи өткеннің, Қазақстан тарихының өркендеуі үздіксіздігінің және оны түсіндірудің объективті бейнесін көрсететін деректі, көркем тарихи фильмдер мен сериалдар түсіру және трансляциялау

көрсетілген қызметтер актілері

АҚДМ, МСМ

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

37.

Ақпараттық доктринада, сондай-ақ жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласында айқындалған
7 ұлттық құндылықты танымал етуге бағытталған циклдік деректі фильмдер мен сериалдар түсіру және трансляциялау

көрсетілген қызметтер актілері

АҚДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ
(келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы желтоқсан

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

38.

Бәсекеге қабілетті және адамгершілік-дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған еңбек идеологиясы мен мемлекеттік бастамаларды танымал ету жөніндегі "Ұлттық тәрбие" жобасын іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы
желтоқсан

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

39.

"Балалар әлемі" жобасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттық-әдістемелік және білім беру іс-шараларының кешенін өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

АҚДМ, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы
желтоқсан

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде

40.

Танымал телебағдарламалар мен мультфильмдерді қазақ тіліне аударып, отандық телеарналарда трансляциялау
 

көрсетілген қызметтер актілері

АҚДМ, ҚҚДИ (келісу бойынша)

2023 – 2025 жылдардағы
желтоқсан

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шеңберінде


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Қазақстан" республикалық телерадиокомпаниясы" акционерлік қоғамы

      "Қазпошта" АҚ – "Қазпошта" акционерлік қоғамы

      "Қазтелерадио" АҚ – "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы

      ҚҚДИ – Қазақстандық қоғамдық даму институты

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ҚСЗИ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

      "Хабар" агенттігі" АҚ – "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады