Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 755 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті кәсіпорынға және осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы экономикалық бағалауын қамтитын жерлердің сапасын есепке алу және жерлердің мониторингін жүргізу, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қараулар және топыраққа бонитирлеу жүргізу болып айқындалсын.

      3. Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2023 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 755 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалған республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады