Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 785 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Президентінде өткен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі 2023 жылғы 18 тамыздағы № 23-01-7.7 кеңес хаттамасының 2.1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспарды орындауға жауапты орталық атқарушы мемлекеттік органдар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы облысының әкімдіктері, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 наурыздан және 1 қыркүйектен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 785 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көзі*

1

2

3

4

5

6

1.

Сейсмологиялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды Қырғыз Республикасы мен Қытайдың ерте құлақтандыру жүйелерімен интеграциялау

2026 жылғы желтоқсан

сейсмикалық белсенділік бойынша деректермен алмасу туралы келісім

ТЖМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
3,2 млрд теңге)

2.

Сейсмологияда табиғи апаттардың жерүсті-ғарыштық мониторингін қолдануды қамтамасыз ету

2026 жылғы желтоқсан

есептер (карталар, ғарыштық суреттер)

ТЖМ, ҰЭМ, Қаржымині, "ҚҒС" ҰК" АҚ

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
3,6 млрд теңге)

3.

Өрттер және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы халық пен бизнестің хабардар болуын арттыру мақсатында түсіндіру жұмысын жандандыру және оқу-жаттығулар өткізу

жыл сайын

жыл сайынғы есеп, есепті кезеңнен кейінгі
1 ақпанға дейін

ТЖМ, ҰЭМ, Қаржымині

талап етілмейді

4.

Алматы қаласының көп қабатты ғимараттарындағы өрттерді жою үшін жарақтандыру деңгейін 80 %-ға дейін жеткізе отырып, өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту

2024 – 2025 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

ТЖМ, ҰЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі

РБ
(2024 – 2025 жылдар –
5 млрд теңге),
ЖБ
(2024 – 2025 жылдар –
2,2 млрд теңге)

5.

Үлкен Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік өзендерінің халық тығыз қоныстанған тұрғын алаптары арқылы өтетін арналарындағы сел қауіпті учаскелерде тұрақтандырушы арналарды реконструкциялау және жаңаларын салу

2024 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

ТЖМ, ҰЭМ, СРИМ, Қаржымині, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
29,5 млрд теңге)

6.

Ақсай өзені бассейнінде сел ұстайтын бөгет құрылысын аяқтау

2024 жылғы желтоқсан
 

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

ТЖМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ

7.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде объектілердің сейсмикалық тұрақтылығы талаптарын сақтау бөлігінде қала құрылысын бақылаудың тиімділігін арттыру үшін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтау

2023 жылғы қазан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысының жобасы

ӨҚМ, Алматы қаласының әкімдігі, ТЖМ, ҰЭМ, Қаржымині

талап етілмейді

8.

Қарғалы өзенінде су тарту құрылысжайын салу

2023 жылғы қазан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, СРИМ, ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ

РБ

9.

Ақсай өзенінде су тарту құрылысжайын салу

2025 жылғы қараша

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, СРИМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 – 2025 жылдар –
29 млрд теңге)

10.

"Ерменсай" су тарту құрылысжайын салу

2025 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, СРИМ, ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ

РБ
(2024 – 2025 жылдар – 14 млрд теңге)

11.

"Барлық" су тартқышын салу
 

2026 жылғы қараша

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, СРИМ, ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
4 млрд теңге)

12.

Алматы қаласындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 сумен жабдықтауды қамтамасыз етуді қоса алғанда, Талғар су құбырларының 3 тармағын № 29 су құбыры алаңына дейін реконструкциялау

2024 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі, ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2026 жылдар – 27 млрд теңге)

13.

Алматы қаласының жоғарғы бөлігін ауызсумен қамтамасыз ету үшін 3 су тартқышты жобалау және салу

2023 – 2024 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі, ТЖМ, СРИМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 – 2024 жылдар –
6 млрд теңге)

14.

Халықаралық тәжірибе негізінде оңтайлы тұтыну нормасын айқындай отырып, сумен жабдықтау саласында сараланған тарифті енгізу

2024 жылғы желтоқсан

заңнамаға өзгерістер енгізу
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, БҚДА, СРИМ, ӨҚМ, Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

15.

Жерасты сумен жабдықтау көздерін айқындау жөніндегі гидрогеологиялық іздестіруді жүргізу

2024 жылғы желтоқсан

сараптамалық есеп

Алматы қаласының әкімдігі, ӨҚМ, СРИМ

ЖБ
(2023 – 2024 жылдар –
350 млн теңге)

16.

2040 жылға дейінгі перспективаға Алматы қаласын сумен жабдықтау және су бұру схемасын әзірлеу және бекіту

2024 жылғы желтоқсан

Алматы қаласы мәслихатының шешімі

Алматы қаласының әкімдігі

ЖБ

17.

Батыс коллекторын салу (34 км)

2024 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
45 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

18.

Қала сыртындағы коллекторларды реконструкциялау (3 тармақ)

2024 – 2027 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2027 жылдар –
62 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

19.

"Сорбұлақ" кәріздік тазарту құрылысжайы мен жинақтағышын реконструкциялау
 

2024 – 2027 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2027 жылдар –
27 млрд теңге)

20.

Алматы ЖЭО-2-ні газға ауыстыра отырып жаңғырту

2023 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша),
"Самұрық-Энерго" АҚ (келісу бойынша), ЭМ

меншікті және қарыз қаражаты
(2023 – 2026 жылдар –
330 млрд теңге)

21.

Алматы қаласына іргелес Алматы облысының 25 елді мекенін газдандыру
(қаржыландыру схемасы: жер учаскелерін сатып алу – РБ; желілер салу – "QazaqGaz" ҰК" АҚ есебінен 50 % және Алматы облысы мен Алматы қаласының жергілікті бюджеттері есебінен 25 %)

2023 – 2027
жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

ЭМ, Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдіктері, ҰЭМ, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

РБ
(14,1 млрд теңге),
Алматы қаласының ЖБ
(2,5 млрд теңге),
"QazaqGaz" ҰК" АҚ
(5 млрд теңге)

22.

Алматы қаласында ауа сапасын жақсарту мақсатында заңнамалық базаны жетілдіру:
операторлар үшін рұқсат беру тәртібін енгізе отырып, көлік құралдарын техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптарды күшейту;
автожанармай құю станцияларында өткізілетін автомотор отынының сапасын мониторингтеу;
шығарындылар деңгейі төмен аймақтар құру және шығарындылар нормаларын бақылаудың заманауи технологияларын пайдалану;
белгіленген шығарындылар нормативтерін бұзатын көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейту;
жылжымалы және стационарлық экобекеттердің жұмысын реттеу;
кездейсоқ қоқыстардың пайда болуы және жасыл екпелерді жойғаны үшін жауапкершілікті күшейту;
Алматы қаласының аумағында III және IV санаттағы объектілерді реттеуді енгізу;
Алматы қаласының мәслихатына Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын және Қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту құзыретін беру

2023 жылғы қараша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы
 
(Қазақстан Республикасының Экология кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Жол жүрісі туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңдары)

ЭТРМ, ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, КМ, ІІМ, СИМ, ӨҚМ, ДСМ, Әділетмині

талап етілмейді

23.

Қажетті заңнамалық түзетулерді қабылдай отырып, инфрақұрылымды жаңғырту үшін әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды жандандыру

2024 жылғы желтоқсан

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
ҰЭМ, ОМ, ДСМ, ӨҚМ нормативтік құқықтық актілері

ҰЭМ, ДСМ, ОМ, Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

24.

Алатау ауданында 200 төсектік перинаталдық орталығы бар 300 төсектік заманауи көпбейінді аурухана салу

2026 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
60,1 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

25.

Алатау ауданында онкологиялық орталығы және 350 адам қабылдайтын емханасы бар 250 төсектік көпбейінді аурухана салу

2026 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі

РБ
(2024 – 2026 жылдар – 46,7 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

26.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа корпусын салу

2026 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
40 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

27.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Алматы қаласының Медеу ауданында 200 төсектік халықаралық аурухана салу (Страсбург Университеттік ауруханасының стратегиялық медициналық серіктесімен бірге)

2026 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жеке инвестициялар
(2025 – 2026 жылдар –
53,1 млрд теңге немесе 119 млн АҚШ доллары)

28.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің бірыңғай стандартына сәйкес 2 емхананы жаңғырту, 11 емхананы жобалау және салу

2023 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі

ЖБ
(2023 – 2026 жылдар –
41 млрд теңге)

29.

Алматы қаласының көліктік қаңқасын дамытудың шебер-жоспарын әзірлеу және бекіту

2023 жылғы желтоқсан

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

жеке инвестициялар

30.

Алматыда 500 электрлік зарядтау станциясын орнату

2023 – 2024 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

жеке инвестициялар, ЖБ

31.

Саин көшесін ұзартып салуды аяқтау (Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін)

2024 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 жыл –
500 млн теңге)

32.

Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзартып салуды аяқтау

2024 жылғы қыркүйек

жұмыс қозғалысын ашу

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 жыл –
4,8 млрд теңге)

33.

Төле би көшесін ұзартып салу (Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін)

2023 – 2025 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 жыл –
3,4 млрд теңге)

34.

Рысқұлов даңғылын ұзартып салу (Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін)

2023 – 2025 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2025 жылдар –
6,2 млрд теңге)

35.

Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі қиылысында көлік жолайырығын салу

2024 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 – 2024 жылдар –
4,5 млрд теңге)

36.

Саин көшесі – Мөңке би көшесі қиылысында көлік жолайырығын салу

2024 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 – 2024 жылдар –
2,9 млрд теңге)

37.

Райымбек даңғылы бойынша BRT-ны жобалау және салу (17 км)

2023 – 2025 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 – 2025 жылдар – 13,1 млрд теңге)

38.

"Қалқаман" станциясының құрылысын аяқтау

2025 жылғы желтоқсан

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2025 жылдар – 53,1 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

39.

"Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін метрополитеннің бірінші желісінің жаңа 3 станциясын жобалау және салу

2024 – 2027 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

сыртқы қарыз алу
(транштарға бөліп тарту – 1 млрд АҚШ доллары)

40.

Алматы қаласына EPC-келісімшарттар қағидаттары бойынша метроны дамыту және салу үшін сыртқы қарыз алудың лимитін ұлғайту

2023 жылғы қараша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині, КМ, Алматы қаласының әкімдігі

қарыз алу лимиті
(транштарға бөліп тарту – 1 млрд АҚШ доллары)

41.

3 көліктік-ауысып отыру торабын жобалау және салу (Батыс КАТ ("Барлық" базары), "Шығыс қақпасы" КАТ, "Солтүстік" КАТ)

2024 – 2025 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2024 – 2025 жылдар – 19,5 млрд теңге)
 

42.

Алматы-2 және Алматы-1 станциялары арасында жерүсті метросын ұйымдастыру

2025 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2025 – 2026 жылдар –
20 млрд теңге)

43.

LRT бірінші желісін жобалау және салу
(26 км)

2024 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі, КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2025 – 2026 жылдар –
130 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

44.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қалалық тасымалдаушылармен келісімшарттар талаптарын айқындау және бөлінген жолақтар бойынша стандарттарды бекіту функцияларын қала әкімдігіне беру бөлігінде толықтыру енгізу бойынша ұсыныстарды пысықтау

2023 жылғы қазан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысының жобасы

КМ, ҰЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

45.

Жастар жұмыссыздығын қысқарту жөніндегі барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды бейімдей отырып, Алматы қаласының NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру (оқыту, жұмысқа орналастыру, микрокредит беру, гранттар және басқа да шаралар) бағдарламасын әзірлеу және қабылдау. Жастардың жалпы санынан 2025 жылдың соңына дейін оның үлесін 5,2 %-ға дейін және 2030 жылдың соңына дейін 4 %-ға дейін қысқартуды қамтамасыз ету

2023 жылғы желтоқсан

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

46.

Берілетін тұрғын үй қарыздарының көлемін 2030 жылға дейін жыл сайын 100 пәтерге ұлғайта отырып, "Алматы Жастары" жеңілдікті кредит беру бағдарламасын кеңейту (қосымша 600)

2024 – 2029 жылдар

ипотекалық шарттар

Алматы қаласының әкімдігі

ЖБ
(2024 – 2029 жылдар –
12 млрд теңге)

47.

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйді салу немесе сатып алу бағдарламасын 2030 жылға дейін жыл сайын 100 пәтерге кеңейту (қосымша 600)

2024 – 2029 жылдар

пәтерлерді коммуналдық тұрғын үй қорына беру

ӨҚМ, МАМ, ҰЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі

РБ
(2024 – 2029 жылдар –
7 млрд теңге),
ЖБ-ден қоса қаржыландыру
(2024 – 2029 жылдар –
3 млрд теңге)

48.

Алматы және Астана қалаларында ғимараттарды ЖОО жатақханалары етіп реконструкциялау кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшерін жаңадан енгізілетін объектілер (жатақханалар) бойынша жылына 1 төсек-орын үшін 92 АЕК-тен 184 АЕК-ке дейін ұлғайту

2023 жылғы желтоқсан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ, ҰЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі

РБ
(2024 – 2026 жылдар –
қосымша
5 млрд теңге)

49.

Жаңа студенттік жатақханалар салуда, сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін 12 мың жаңа төсек-орын және 2030 жылдың соңына дейін тағы 20 мың төсек-орын құру үшін бейінді емес ғимараттарды жаңғыртуда ЖОО-ларға жәрдемдесу

2023 – 2030 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

ҒЖБМ, ҰЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі

РБ
(2023 – 2030 жылдар –
152,3 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

50.

2024 жылы 40 млрд теңге, 2025 жылы
45 млрд теңге бөлу арқылы басым салаларда ШОБ-ты қолдау

2023 жылғы қараша

2024 – 2026 жылдарға арналған РБ жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, Алматы қаласының әкімдігі

РБ
(2023 – 2025 жылдар –
85 млрд теңге), өзге қаржыландыру көздері

51.

Алматы Индустриялық аймағын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (II кезең)

2023 – 2025 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі, ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 – 2025 жылдар –
29 млрд теңге)

52.

Алматы темір жол бөлімшесі учаскесіндегі логистикалық тораптың жүк инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру және Алматы Индустриялық аймағы резиденттерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Боралдай және Ақсеңгір станциялары арасында қосымша жүк теміржол станциясын салу

2023 – 2026 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (келісу бойынша), КМ, ҰЭМ, Қаржымині

РБ
(2023 – 2026 жылдар –
12 млрд теңге)

53.

Тау туризмі кластерін дамытудың шебер-жоспарын әзірлеу

2023 жылғы желтоқсан

шебер-жоспар

Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

54.

Сауданы заманауи форматқа көшіру және көлеңкелі экономикадан шығару үшін Алматы қаласының барлық ірі базарларын жаңғырту

2023 – 2025 жылдар

объектіні пайдалануға қабылдау актілері

Алматы қаласының әкімдігі, базарлардың акционерлері (келісу бойынша)

жеке инвестициялар

55.

"Алтын Орда" базарында тиімсіз делдалдар мен алыпсатарлар тізбегін жою үшін түбегейлі шаралар қабылдау, базар қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру

2023 жылғы желтоқсан

жұмыс тобының қорытындысы

СИМ, ІІМ, Қаржыминінің МКК, БП (келісу бойынша), Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдіктері

талап етілмейді

56.

Республикалық маңызы бар қалалар және астана аудандары әкімдіктерінің аппараттарына өкілеттіктерді одан әрі беру

2023 жылғы желтоқсан

одан әрі берілуі тиіс функциялар тізбесін ҰЭМ-ге ұсыну

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҰЭМ, Қаржымині

талап етілмейді

57.

Алматы қаласының дизайн-кодын бекіту

2023 жылғы желтоқсан

Алматы қаласы мәслихатының шешімі

Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

58.

Сыртқы жарықтандыруға қызмет көрсету функцияларын аудандық деңгейге бере отырып, қала көшелерін сапалы сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау

2023 жыл

шарттар жасау

Алматы қаласының әкімдігі, БП (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша)

ЖБ
(2023 жыл –
7,1 млрд теңге)

      Ескертпелер:

      * - республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдері тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып нақтыланатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АЕК

айлық есептік көрсеткіш

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БҚДА

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ЖБ

жергілікті бюджет

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"ҚҒС" ҰК" АҚ

"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қаржыминінің МКК

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

КАТ

көліктік-ауысып отыру торабы

КМ

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

ҚМА

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

МАМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ОМ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ӨҚМ

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

РБ

республикалық бюджет

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

"Самұрық-Энерго" АҚ

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы

СИМ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СРИМ

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ШОБ

шағын және орта бизнес

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ЭТРМ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады