Жамбыл облысының Қаратау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 796 қаулысы

      Жамбыл облысының Қаратау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының Қаратау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар мен Жамбыл облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 796 қаулысымен
бекітілген

Жамбыл облысының Қаратау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Қаратау қаласы (бұдан әрі – қала) – облыс орталығының солтүстік-батысында орналасқан Жамбыл облысы Талас ауданының өндіріс орталығы. Облыс орталығына дейінгі қашықтық 110 километрді құрайды. Қала облыстық маңызы бар "Тараз-Қаратау-Жаңатас" автожолында орналасқан, теміржол магистралі бар.

      Қала ірі фосфориттер кен орындарының арасында 1963 жылы құрылған. 2023 жылғы 1 қаңтарға қала халқының саны 28501 адамды құрады және орташа экономикалық даму әлеуеті бар.

      Қаланың инвестициялық тартымдылығы аймақтың табиғи байлығымен байланысты. Жер қойнауында қорғасын, цинк, ванадий, кремний, мәрмәр, әктас, доломит, фосфор тыңайтқыштарын өндіру үшін қолданылатын фосфориттер және тағы басқалары бар.

      Қала фосфорит шикізатының (Қаратау фосфоритті бассейінде фосфат шикізатының аса ірі қоры бар) бірегей қоры болып табылады. Жерде сирек кездесетін церий және иттрий топтарының өте үлкен қоры Қаратаудың ұсақ түйіршікті фосфориттерінде шоғырланған. Облыс бойынша анықталған 46 кен орнының 4-еуі: Шолақтау, Ақсай, Түйесай, Шилібұлақ Талас ауданында игерілуде. Ақсай және Шолақтау кен орындары жерасты тәсілімен, Түйесай, Шилібұлақ – ашық тәсілмен игерілуде. Кендегі Р2О5 орташа мөлшері 20-дан 31,55 %-ға дейін өзгереді.

      Қаланың экономикалық мамандандырылуы индустриялық сипатқа ие. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша барлық өнеркәсіп өндірісінен (859,8 миллиард теңге) қаланың үлесі 2,3 %-ды (19,7 миллиард теңге) құрады.

      Қала өнеркәсібі құрылымында өңдеу өнеркәсібі 95,4 % (2022 жылы – 18,8 миллиард теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және бапталған ауамен жабдықтау – 2,5 % (2022 жылы – 0,5 миллиард теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет – 2,1 % (2022 жылы – 0,4 миллиард теңге).

      Өнеркәсіп негізінен тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру (ұсақталған фосфат шикізатын өндіру), өңдеу өнеркәсібі (натрий цианидін, мәрмәрді, әкті, цементті өндіру), жылу энергиясын өндіру және бөлу, су және су бұру (жылу энергиясын өндіру және беру, ауызсуды жинау және тазарту), электр энергиясын өндіру және тарату (жаңартылатын энергия көздері) кәсіпорындарымен ұсынылған.

      Өнеркәсіп өнімдерін өндіруді 8 негізгі кәсіпорын: "Шолақтау" ТӨК, "Қазфосфат" ЖШС, "Talas Investment Company" ЖШС – негізгі қала құраушы кәсіпорын болып табылады, "Қаратау ПРО" ЖШС, "Жамбыл Недр" ЖШС, "Игілік" КМК, "Құрылыс-Жанар" ЖШС, "Wind Power City" ЖШС, "Wind Elektr City" ЖШС жүзеге асырады. Барлығы 1550 жұмыс орны құрылды.

      Қалада жалпы білім беретін 8 мектеп, 13 балабақша және мектеп жанындағы 6 шағын орталық, 3 мектептен тыс білім мекемесі (балалар өнер мектебі, балалар-жасөспірімдер орталығы, "Жұлдыз" аула клубы), 3 колледж, № 3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, 2 денсаулық сақтау мекемесі, 7 дәріхана, қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған "Үміт" арнайы мектеп-интернаты, Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы, 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, бір спорт кешені, 6 мәдениет объектісі (Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы, кинотеатр, музей, орталық саябақ, орталық және балалар кітапханасы) жұмыс істейді.

      Қаланың жұмыс күші 12174 адамды құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 11613 адам, жұмыссыздар – 561 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,6 %-ды құрады (2022 жыл).

      Қала бойынша 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі 13,58-ден 16,35-ке және туу көрсеткіші 23,06-дан 23,17-ге дейін көбейген, өлім-жітім 9,49-дан 6,82-ге дейін төмендеген, 1000 туылғанға шаққанда нәресте өлімі-жітімі 2021 жылғы көрсеткішпен бірдей деңгейде – 1,42. Қарастырылып отырған кезеңде ана өлімі-жітімі тіркелмеген.

      Қала тұрғындары ауызсумен, газбен, ал көпқабатты үйлер – жылумен және су бұрумен қамтамасыз етілген.

      Экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру және қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өсуі үшін мынадай іс шаралар қажет:

      1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру. Бұдан басқа, фосфорлы тыңайтқыштар өндіру зауытын ашу арқылы қаланың бұрынғы мамандануын қайта жандандыру (анықтама ретінде: "Шолақтау" ТӨК кәсіпорны толық қуатында жұмыс істемейді, сондай-ақ өндірілген шикізат қала өнеркәсібінің жалпы көлемінде көрсетілмейді, өйткені Жаңатас қаласына тиеп жіберіледі).

      2. Білім беру саласында орта мектептерге күрделі жөндеу жүргізу.

      3. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және аудандық орталық Талас ауруханасының ғимаратын реконструкциялау.

      4. "Авангард" кинотеатрының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.

      5. "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" тізіміне және Жамбыл облысы бойынша туристік объектілер қатарына енгізілген ортағасырлық "Тамды қалашығына" (VI-XIII ғасырлар) археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу.

      6. Спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін 10 көше тренажерлерін, стрит-воркаут және балалар алаңдарын орнату.

      7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету үшін жатақханалар мен тұрғын үйлерді реконструкциялау. Кезекте тұрғандардың саны 1594 адамды құрайды (2023 жылғы 1 қаңтар), оның ішінде көп балалы отбасылар – 242, халықтың әлеуметтік осал топтары – 878, бюджет саласының қызметкерлері – 465, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 9 бала.

      10. Сарқынды суларды сүзу мәселесін шешу үшін қаладағы тазарту құрылыстарын реконструкциялау.

      11. Қаланың автомобиль жолдарына реконструкциялау және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (2022 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 43,2 %-ды құрайды).

      12. Қаланы абаттандыру және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін сыртқы электрмен жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізу, тұрғын үйлердің аулаларын, саябақтарды абаттандыру және тағы басқалары;

      13. Қаланың өрт сөндіру депосына күрделі жөндеу жүргізу, қажетті құлақтандыру құрылғыларын енгізу, соғыс уақытында жұмыс істеу үшін басқару пункттерін, паналайтын жерлер құру.

      14. Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) полигонын реконструкциялау, сұрыптау жабдықтарын сатып алу, қоқыс алаңдарын орнату.


Р/с

Атауы

Аяқтау
нысаны

Орындау
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

Қаржыландыру көлемі,
млн теңге*

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуін 1,5 есеге дейін арттыру, шамамен 711 тұрақты жұмыс орнын құру (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 19,7 миллиард теңгені құрады, 12 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды).

2.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері санын 1,6 мың бірлікке дейін, онда жұмыс істейтіндердің санын 2,5 мың адамға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны – 1,3 мың бірлік, онда жұмыспен қамтылғандар – 1,8 мың адам).

3.

Ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің өсуін 10 %-ға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 22,4 миллиард теңгені құрады (Талас ауданы бойынша деректер).

4.

2027 жылға дейін 1413 жұмыс орнын құру.

5.

274,9 миллион теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.

6.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұрғындар үлесін 45 %-ға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 38,6 %).

7.

3 тұрғын үйді реконструкциялау арқылы тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар санын 11 %-ға төмендету;

8.

Тәулігіне 5900 текше метр сарқынды суды тазарту арқылы санитариялық-эпидемиологиялық теңгерімсіздікті жою;

9.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 90 %-ға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 56,8 %).

10.

Электр желілерінің тозу деңгейін 50 %-ға дейін төмендету (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 70 %);

11.

Құлақтандыру жүйесін қалалық басқару пультін және сирена-сөйлеу құрылғыларын сатып алу есебінен төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған жағдайларда қала тұрғындарын құлақтандыруды 100 %-ға қамтуды қамтамасыз ету.

12.

ҚТҚ шығаруды 1,3 мың тоннаға дейін төмендету (2022 жыл – 1,6 мың тонна).

1. Экономиканың нақты секторы

1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар

1.

Натрий цианиді өндірісінің екінші желісін іске қосу
(жаңа 300 жұмыс орнын құра отырып, қуатын жылына 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін ұлғайту)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі,
ӨҚМ

25400

БК

2.

Мәрмәр толықтырғышын өндіру зауытын салу (жаңа 25 жұмыс орнын құра отырып, қуатын жылына 110 мың тоннадан 190 мың тоннаға дейін арттыру)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

1085

БК

3.

Фосфор шикізатын өндіру зауытын салу (жаңа 250 жұмыс орнын құра отырып, қуаты жылына 150 мың тонна)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі,
ӨҚМ

15000

БК

4.

Натрий пиросульфитін өндіру зауытын салу (жаңа 100 жұмыс орнын құра отырып, жылына қуаты 28 мың тонна)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

2800

БК

1.2. Кәсіпкерлік

5.

ШОБ дамыту:

5.1.

"Шайхана" қоғамдық тамақтану орнын ашу (3 жұмыс орын құру)

пайдалануға беру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

18

БК

5.2.

Қала орталығында кілем жуу орталығын ашу есебінен қызмет көрсету саласын дамыту (3 жұмыс орын құру)

пайдалануға беру актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

4

БК

5.3.

Қоғамдық тамақтану орнын қайта жабдықтау (асхананы кеңейту,
3 жұмыс орнын құру)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

15

БК

5.4.

Құрылысқа арналған газоблок өндірісін ашу (2 жұмыс орын құру)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

5

БК

5.5.

Техникалық жөндеу орталығын кеңейту (2 жұмыс орын құру)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

15

БК

1.3. Агроөнеркәсіптік кешен

6.

5 жылыжай кешенін ашу:
аумағы 0,30 гектар, өндірістік қуаты жылына 30 тонна, 6 жұмыс орны

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

45

БК

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орны

Жамбыл облысының әкімдігі

15

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орны

Жамбыл облысының әкімдігі

15

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орны

Жамбыл облысының әкімдігі

15

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орны

Жамбыл облысының әкімдігі

15

7.

7 жылыжай кешенін кеңейту: аумағы 0,64 гектар, өндірістік қуаты жылына 64 тонна, 13 жұмыс орнын құру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

96

БК

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орнын құру

Жамбыл облысының әкімдігі

15

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орнын құру

Жамбыл облысының әкімдігі

15

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орнын құру

Жамбыл облысының әкімдігі

15

аумағы 0,10 гектар, өндірістік қуаты жылына 10 тонна, 2 жұмыс орнын құру

Жамбыл облысының әкімдігі

15,4

8.

Жартас су қоймасында 20 мың тұқы балықты, 50 мың күміс тұқымды сазанның шабақтарын өсіру

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

15

БК

9.

Көкөніс қоймаларын салу:
аумағы 350 шаршы метр, 4 жұмыс орнын құру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

15

БК

аумағы 150 шаршы метр, 3 жұмыс орнын құру

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

15

БК

аумағы 50 шаршы метр, 3 жұмыс орнын құру

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

50

БК

10.

Макарон өңдіру цехын ашу, өндірістік қуаты жылына 140 тонна, 2 жұмыс орнын құру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

22

БК

2. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым

2.1. Білім беру

11.

С. Сейфуллин атындағы орта мектепті күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

250

ЖБ

12.

М. Әуезов атындағы орта мектепті күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

250

ЖБ

13.

А.С. Пушкин атындағы орта мектепті күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

528

ЖБ

2.2. Денсаулық сақтау

14.

Талас аудандық орталық ауруханасының материалдық-техникалық базасын нығайту
(медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу, қол мен аяққа арналған роботтандырылған оңалту жүйесі стандарт кушетка, өнімділігі сағатына 15 мың литр оттегі генераторы, есту қабілетінің бұзылуын диагностикалауға және аудиологиялық скринингке арналған портативті жүйе)

қабылдау-беру актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

114,9

ЖБ
 

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

415

ЖБ
 

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

450

ЖБ
 

2.3. Мәдениет және спорт

15.

"Авангард" кинотеатры ғимаратын күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

77,5

ЖБ

16.

Қаратау қаласының "Қазақстанның киелі географиясы" тізіміне және Жамбыл облысы бойынша туристік объектілердің қатарына енгізілген ортағасырлық "Тамды" қалашығына (VI-XIII ғасырлар) археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

5

ЖБ

17.

10 көше тренажерын, стрит-воркаут және балалар алаңдарын орнату

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

10

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

10

ЖБ

2.4. Тұрғын үй

18.

3-шағын аудандағы № 5 жатақхананы реконструкциялау (су, жылыту желілерін, шатыр, еден, кіреберістің үстіндегі күнқағарларды ауыстыру, терезелер, есіктерді орнату, бетон төсемі, гидрооқшаулау, баспалдақ алаңын жөндеу)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

318,1

ЖБ

19.

3-шағын ауданындағы № 6 жатақхананы реконструкциялау (су, жылыту желілерін, шатыр, еден, кіреберістің үстіндегі күнқағарларды ауыстыру, терезелер, есіктерді орнату, бетон төсемі, гидроизоляция, баспалдақ алаңын жөндеу)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

318,1

ЖБ

20.

Б. Момышұлы көшесіндегі № 17 тұрғын үй ғимаратын реконструкциялау (су, жылу желілерін, шатыр, еден, кіреберістің үстіндегі қалқандарды ауыстыру, терезелер, есіктерді орнату, бетонды төсем, гидрооқшаулау, баспалдақ алаңын жөндеу)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

517,3

ЖБ

2.5. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым

2.5.1. Сумен жабдықтау және су бұру

21.

Тазарту құрылыстарын реконструкциялау (КТС қаладан солтүстік-шығысқа қарай 5 километр жерде орналасқан, аумағы 3,7 гектар, сумен жабдықтау және су бұруды дамыту жоспарына сәйкес қажетті қуат – тәулігіне 5900 текше метр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі,
ӨҚМ

900

БК

100

ЖБ

2026 жылғы
IV тоқсан

900

БК

100

ЖБ

2027 жылғы
IV тоқсан

1350

БК

150

ЖБ

2.5.2. Жолдар

22.

5 автомобиль жолын реконструкциялау (Шахтер, Тамды Әулие, Б. Момышұлы, Арбатас, Панфилов көшелері)

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ

700,6

РБ

2025 жылғы
IV тоқсан

700,6

2024 жылғы
IV тоқсан

76,2

ЖБ

2025 жылғы
IV тоқсан

76,2

23.

7 автомобиль көпірін реконструкциялау (Тамды өзені арқылы өтетін көпір: Төле би көшесі, Қойшығараұлы көшесі, Қаратау – Жаңатас тас жолы бағытында, Ә. Молдағұлова көшесі, "Сарытас-Удобрение" ЖШС бағытында, "Промплошадка" бағытындағы темір жол арқылы өтетін көпір)

орындалған жұмыстар актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ
 

358,9

РБ

39,8

ЖБ

24.

"Қаратау қаласына батыстан кіреберіс" автомобиль жолын орташа жөндеу (2,1 шақырым)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі
 

56,4

ЖБ

25.

"Қаратау қаласына шығыстан кіреберіс" автомобиль жолын орташа жөндеу (6,14 шақырым)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

161

ЖБ

26.

47 көшесін орташа жөндеу:

26.1

Қ. Сәтбаев көшесі – 1,065 километр, А. Байтұрсынов көшесі – 3,072 километр, М. Есжанұлы көшесі – 1,183 километр, Е. Өмірұлы көшесі – 0,771 километр, К. Тоқтыбайұлы көшесі – 1,170 километр, Қ. Жарқынбеков көшесі – 0,495 километр

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

243,8

ЖБ

26.2

Ш. Уәлиханов, Ш. Құдайбердиев, Есейхан, А. Байзатов, Қ. Назарбекұлы, Қ. Шырынбекұлы, Қойгелді батыр, Ж. Жабаев, А.Момбеков, Фабричная көшелері

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

278,5

ЖБ

26.3

Ш. Смаханұлы, Б. Майлин, К. Әзірбаев, А. Сухамбаев, К. Сүгірбаев, Ш. Өмірзақов, Н. Ақынбекұлы, К. Берікбайұлы, Ә. Жангелдин, С. Шәкіров көшелері

орындалған жұмыстар актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

278,5

ЖБ

26.4

Геологтар, П. Сеченов, Ы. Дүкенұлы, Ғ. Мұратбаев, Қ. Назарбекұлы, Железнодорожная, К. Жатқанбаев, Тау Самалы, Шолақтау, М. Шерімұлы көшелері

орындалған жұмыстар актісі

2026 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

278,5

ЖБ

26.5

Талас, Панфилов, Ж. Аймауытов, О. Жандосов, Тау бөктері, Наурыз, И. Жансүгіров, А. Шымырұлы көшелері, Төле би тұйық көшесі, С. Шәкіров тұйық көшесі, Абай 1 және 2-тұйық көшелері

орындалған жұмыстар актісі

2027 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

278,5

ЖБ

2.5.3. Жарықтандыру

27.

Сыртқы электрмен жарықтандыруды ағымдағы жөндеу (Қойшығырұлы, Амангелді, Қошманбетов, А. Байзатов, Б. Майлин, Ә. Шымырұлы, Жанкелді, К. Сүгірбаев, О. Жандосов, Арыстанбаб, Геологтар, К. Әзірбаев, Ш. Уәлиханов көшелері)

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

25

ЖБ

28.

Сыртқы электрмен жарықтандыруды ағымдағы жөндеу (А. Сухамбаев, Т. Тәттібаев, Д. Нұрпейісова, Ю. Алексеев, Ә. Молдағұлова, М. Жұмабаев, Тоқтыбайұлы, Ақан сері көшелері)

орындалған жұмыстар актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

25

ЖБ

29.

Сыртқы электрмен жарықтандыруды ағымдағы жөндеу (Қойгелді батыр, Ж. Жабаев, И. Жансүгіров, Н. Ақынбеков, С. Сейфуллин, А. Байтұрсынов, С. Шәкіров, М. Дулатов, Есейхан көшелері)

орындалған жұмыстар актісі

2026 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

25

ЖБ

30.

Сыртқы электрмен жарықтандыруды ағымдағы жөндеу (Абай, Рыспек батыр, Көшек батыр, Домалақ ана, Құдайбергенов, Железнодорожная, Қ. Рысқұлбеков көшелері, Абай 1, 2-бұрылыстары)

орындалған жұмыстар актісі

2027 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі
 

25

ЖБ

31.

Сыртқы электрмен жарықтандыруды ағымдағы жөндеу (Промышленная, М. Шерімұлы, Фабричная, Ә. Момбеков, Т. Назарбеков, Ш. Өмірзақов, К. Берікбайұлы, Ж. Аймауытов көшелері, МАИ бекеті – Жаңатас автомобиль жолы)

орындалған жұмыстар актісі

2027 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

25

ЖБ

32.

Сыртқы электрмен жарықтандыруды ағымдағы жөндеу (Тамды әулие, Алтынсарин, Шахтерская көшелері)

орындалған жұмыстар актісі

2027 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі
 

25

ЖБ

2.5.4. Абаттандыру

33.

Б. Момышұлы көшесі, № 12 үйдегі лифтіге жөндеу жүргізу

орындалған жұмыстар актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

15

ЖБ

34.

Саябақтарды, аллеяларды және көгалдарды суару жүйесін дамыту

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

20

ЖБ

35.

34 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру

А. Пушкин көшесі – 11 үй (№ 11, № 13, № 27, № 25, № 23, № 21, № 14, № 18, № 16, № 10, № 12)

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

73,2

ЖБ

Р. Сұлтанбеков көшесі – 5 үй (№ 4, № 6, № 8, № 10, № 12), Т. Рысқұлов көшесі – 9 үй (№ 20, № 33, № 27, № 29, № 31, № 25, № 23, № 21, № 19)

2025 жылғы
IV тоқсан

77,5

М. Мәметова көшесі – 9 үй (№ 9, № 11, № 10, № 8, № 6, № 4, № 7, № 5, № 3)

2026 жылғы
IV тоқсан

126,9

36.

Қалалық саябақты абаттандыру (шағын сәулет нысандары, балалар ойын алаңы, электрмен жарықтандыру, спорт алаңдары)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

90

ЖБ

3. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

37.

Өрт сөндіру депосын күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

10

ЖБ
 

2025 жылғы
IV тоқсан

250

38.

Құлақтандыру жүйесін қалалық басқару пультін енгізу – 1 жиынтық

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

6,7

ЖБ

39.

Сирена-сөйлеу құрылғыларын енгізу – 5 жиынтық

орындалған жұмыстар актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

29,5

ЖБ

40.

Аудан және қала әкімдерінің қала сыртындағы қосалқы басқару пунктін құру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

800

ЖБ

41.

Азаматтық қорғау басқармасының жылжымалы пунктін сатып алу

қабылдау-беру актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

800

ЖБ

42.

Соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған ұйымдардың паналайтын жерлерді құруы

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі,
азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған ұйымдар

1000

БК

4. Экологиялық проблемаларды шешу

43.

ҚТҚ полигонын реконструкциялау және сұрыптау жабдықтарын сатып алу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

50

БК

44.

21 қоқыс алаңын орнату (3-шағын аудан – 4, 5-шағын аудан – 2, екі қабатты үйлер – 10, Б. Момышұлы № 9 – 1, Ә. Молдағұлова, А. Ақшораев – 4)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Жамбыл облысының әкімдігі

10

ЖБ

2024 жылғы
IV тоқсан

10

      Ескертпелер:

      * "Шолақтау" ТӨК, "Қазфосфат" ЖШС, "Талас ИнвестментКомпани" (Talasinvestmentcompany) ЖШС, "Жамбыл электр жүйелері" ЖШС, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы, Жамбыл жергілікті желілер техникалық торабы – "Қазақтелеком" АҚ филиалы Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының құрылымдық бөлімшесі, "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалы, "Игілік" ШЖҚ МКК, "Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ МКК.

      Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланады.

Қолдау тапқан жобалар бойынша қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

Жиыны

РБ

-

700,6

1059,5

-

-

1760,1

ЖБ

1845,3

2048,9

2922

530,4

503,5

7850,1

БК

143

15080

31447,4

900,0

1350,0

48920,4

Жиыны

1988,3

17829,5

35428,9

1430,4

1853,5

58530,6

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚ      –      акционерлік қоғам

      БК      –      басқа көздер

      ЖШС  –      жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      ЖК      –      жеке кәсіпкер

      ЖБ      –      жергілікті бюджет

      КТС      –      кәріз-тазарту станциясы

      КММ –      коммуналдық мемлекеттік мекеме

      МКК –      мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

      ӨҚМ –      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      РБ      –      республикалық бюджет

      ТӨК      –      тау-кен өңдеу кешені

      ҰЭМ  –      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ШЖҚ КМК –      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

      ШОБ –      шағын және орта бизнес

      ЭКГ аппараты – электрокардиограф

      GPS –      Global Positioning system – жаһандық позициялау жүйесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады