"Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 813 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларында:

      3-тармақта:

      1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оператордың:

      Қазақстан Республикасында отандық өндірістің жаңа жеңіл автокөлігіне тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын жаңартуға байланысты өңдеу саласындағы жобаларды 2022 жылы қаржыландыруының қорытынды көлемі 100000000000 (бір жүз миллиард) теңгені, отандық өндірістің автобустарына – 30000000000 (отыз миллиард) теңгені және отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына – 30000000000 (отыз миллиард) теңгені;

      Қазақстан Республикасында отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен техниканы жаңартуға байланысты өңдеу саласындағы жобаларды 2023 жылы – 20000000000 (жиырма миллиард) теңгені құрайды;

      2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100000000000 (бір жүз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 30 жыл, нысаналы мақсаты: жеке тұлғаларды – отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларды қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – қарыз алушылар) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін, түпкі қарыз алушылардың қарыз алушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуіне қарай қайтарылатын қаражатты ұйым Қағидалардың осы тармағы 8-1) тармақшасының талаптарына сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан көлік құралдарының автоөндірушілерінен техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндірістің автобустарын сатып алатын лизинг алушыларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін жібереді.

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 30 жыл, нысаналы мақсаты: жергілікті атқарушы органдар жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) және/немесе техникалық регламентке сәйкес экологиялық кластағы отандық өндірістің автобустарын көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарының автоөндірушілерінен сатып алып, оларды кейіннен жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бірлесіп басқаруға беретін тасымалдаушыларды (бұдан әрі бірлесіп – автобустарды лизингке алушылар деп аталады) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 15 жыл, нысаналы мақсаты: ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан отандық өндірушілердің (бұдан әрі – техниканы лизингке алушылар) техникалық регламенттерінде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жаңа техникасын қаржы лизингіне сатып алатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін лизингтік компанияларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20000000000 (жиырма миллиард) теңге, қарыз мерзімі 15 жыл, нысаналы мақсаты: техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру үшін лизингтік компанияларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      негізгі борышты өтеу – ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

      ұйым оператордан қарыз алуды қамтамасыз етуді ұсынбай жүзеге асырады;

      3) ұйым қарыз алушылармен мынадай негізгі шарттарда қарыз шарттарын жасасады:

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1,0 %-дан аспайды;

      қарыз мерзімі – 2030 жылғы 31 шілдеге дейін;

      қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 рет;

      қарыз алушылардың қарыз қаражатын игеру мерзімі – ұйым мен қарыз алушы арасында қарыз сомасын ұлғайту туралы қарыз шарты/қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін;

      қарыз валютасы – теңге;

      негізгі борышты өтеу – ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

      қарыз шарты шеңберінде қаражат жеке тұлғаларды – отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларды қаржыландыру мақсаттарына бағытталады, бұл ретте қарыз алушыларға бөлінетін қаражатты шетел валютасына не қарыздың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін өзге құралдарға инвестициялауға жіберуге тыйым салынады;

      қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;

      4) әрбір отандық жеңіл автокөлік өндірушіге арналған қаржыландыру лимиті уәкілетті органның Индустриялық даму комитеті бекіткен, осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын өнеркәсіп орындары өкілдерінің құрамынан комиссияның шешімімен айқындалады және оны ұйымның басқармасы бекітеді.

      Лизинг алушыларды, оның ішінде автобустар мен техниканы лизингке алушыларды қаржыландыруды ұйым және лизингтік компаниялар автобустар мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын әрбір отандық өндірушіге арналған қаржыландыру лимитін бөлмей, лизинг алушылар өтінімдерінің түсуіне қарай жүргізеді.

      Осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын автобустар мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілердің тізбесін уәкілетті органның тиісті ведомствосы ұйымға ұсынады.

      5) бөлінетін қаражат мақсатсыз пайдаланылған және/немесе уақтылы игерілмеген және/немесе түпкі қарыз алушылар өтейтін қаражат ұйымға уақтылы қайтарылмаған, сондай-ақ ұйым мен қарыз алушы арасындағы қарыз шартында көзделген жағдайлар туындаған жағдайларда ұйым тиісті қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алуға құқылы;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) отандық өндірістің автомобильдерін сатып алатын түпкі қарыз алушыларды қаржыландырудың негізгі шарттары:

      нысаналы топ – жеке тұлғалар, техникалық регламентке сәйкес экологиялық кластағы отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушылар;

      кредит түпкі қарыз алушыларға нысаналы пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында беріледі, оның ішінде:

      жеңіл автокөліктің 1 бірлігі үшін қаржыландыру сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды, жеңіл автокөліктің құны 15000000 (он бес миллион) теңгеден қымбат емес;

      бір түпкі қарыз алушыға қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді;

      қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

      бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;

      кредит беру валютасы – теңге;

      түпкі қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4,0 %-дан аспауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес айқындалатын түпкі қарыз алушы үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге) бойынша түпкі қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5 %-дан аспауға тиіс;

      түпкі қарыз алушылар отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сақтандыру және кепілге ресімдеу жөніндегі шығыстарды төлейді;";

      8) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 0 %-ынан бастап;";

      8) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларында және/немесе облыс орталықтарында қызметін жүзеге асыратын тасымалдаушылар (оның ішінде ӘКК-мен бірлескен қызметті жүзеге асыратындар) қаржыландыру шарттарын пайдалана алмайды, бұл ретте ұйым қаржыландыруға мақұлдаған тасымалдаушылардың (оның ішінде ӘКК-мен бірлескен қызметті жүзеге асыратындардың) өтінімдері болмаған жағдайда оларды оператордан алған күннен не оларды револьверлік қағидат бойынша қайтарған күннен бастап бір жыл өткен соң ұйым Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды (оның ішінде ӘКК-мен бірлескен қызметті жүзеге асыратындарды) қаржыландыруға құқылы;";

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ұйым лизингтік компаниялармен мынадай негізгі шарттарда қарыз шарттарын жасасады:

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,35 %-дан аспайды;

      қарыз мерзімі – 15 жылға дейін;

      қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 рет;

      лизингтік компаниялардың қарыз қаражатын игеру мерзімі – ұйым мен лизингтік компания арасындағы қарыз сомасын ұлғайту туралы қарыз шарты/қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін;

      қарыз валютасы – теңге;

      негізгі борышты өтеу – ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

      қарыз шарты шеңберінде қаражат техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру мақсаттарына жіберіледі, бұл ретте лизингтік компанияларға бөлінетін қаражатты шетел валютасына не қарыздың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін өзге құралдарға инвестициялауға жіберуге тыйым салынады;

      бөлінетін қаражат мақсатсыз пайдаланылған және/немесе уақтылы игерілмеген, сондай-ақ ұйым мен лизингтік компания арасындағы қарыз шартында көзделген жағдайлар туындаған жағдайларда ұйым тиісті қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алуға құқылы;

      қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;

      10) лизингтік компания отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алатын техниканы лизингке алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:

      лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,0 %;

      лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 0 %-ынан бастап;

      негізгі қарызды өтеу – жылына 1 рет;

      қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанасын ұстау) – техниканы лизингке алушының есебінен;

      техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады (ұйымнан тартылған қарыз сомасы шегінде), қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер техниканы лизингке алушылармен жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберіледі;

      техниканы бір лизингке алушыға арналған қаржыландыру сомасы 205000000 (екі жүз бес миллион) теңгеден және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен аспайды, техниканы бір лизингке алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық емес беріледі. Егер лизинг нысаналарының жиынтық құны Қағидаларда белгіленген техниканы бір лизингке алушыға арналған қаржыландыру сомасынан асып кеткен жағдайда, соңғысы лизинг берушіге бастапқы жарна (аванс) түріндегі айырманы төлеуге құқылы;

      қаржы лизингі шартының өзге талаптары лизингтік компанияның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.";

      сілтеме2 мынадай редакцияда жазылсын:

      "2Жылдық 6,0 % мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесі ұйымның қаражатын лизингтік компаниялардың өзге қаражатымен 80/20 пропорциясында микширлеу есебінен белгіленеді.".

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) ұйым отандық өндірістің автобустарын сатып алатын лизинг алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:

      лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,0 %, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері оператордың қаражатын ұйымның өзге қаражатымен 80/20 пропорциясында микширлеу есебінен белгіленеді;

      лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 15 %-ынан бастап. Бұл ретте дәнекерлеу және бояу жөніндегі операцияларды қамтитын әдіспен жүргізілген автобустардың моделінде аванстық төлем кемінде 5 %-ды құрайды;

      ұйым лизинг алушылардың шанақты дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялармен шығарылған отандық өндірістің автобустарына берген өтінімдерін басымдықпен қарайды;

      қаржы лизингі шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады