Ескерту. Осы қаулының 3-тармағына сәйкес 15.10.2023 дейін қолданыста болды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
"Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 51 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарының бастапқы мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 15 қазанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 848 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 51 шешімінің 1-тармағының б) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қойылатын міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында 175 бірлік көлемінде айналымға шығарылатын санатындағы жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қолданылады.
Қағидаларда "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсыну рәсімін қолдану кезінде айқындау, Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті айқындау сәйкестікті бағалау туралы жеткілікті құжат ретінде айқындау көзделеді.
Осы Қағидалардың талаптары бойынша сәйкестікті бағалаудан өткен және Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік алған көлік құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте "Көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдалануға жол беріледі" деген жазу жазылады.
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналымға шығару – мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын (шассиді) шектеусіз пайдалануға және оған иелік етуге рұқсат беру;
2) бастапқы тіркеу – көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу;
3) дәлелдемелік материалдары – техникалық реттеу объектісінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін белгілеуге мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған құжаттар;
4) көлік құралы – доңғалақпен жүретін санатындағы құрылғы;
5) көлік құралының (шассидің) типі – техникалық сипаттамада тіркелген конструктивтік белгілері ортақ, бір дайындаушы жасаған көлік құралдары (шасси);
6) қауіпсіздікті қамтамасыз ету – техникалық реттеу объектісін азаматтардың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің тәуекелі болмайтын жағдайға келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені;
7) Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік – айналымға шығарылатын көлік құралдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын және сынақ зертханасы беретін көлік құралының сәйкестігін бағалау туралы құжат;
8) сынақ зертханасы – құзыреті ISO 17025 стандартының талаптарына сәйкес келетін, Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген және бірлі-жарым көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мәлімдеген аккредиттелген сынақ зертханалары.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу тәртібі
2. Айналымға шығарар алдында көлік құралының сәйкестігін бағалауды сынақ зертханасы әрбір көлік құралын сәйкестендіргеннен және КО ТР 018/2011 11 – 14-тармақтарында және КО ТР 018/2011 № 4 – 6-қосымшаларда, КО ТР 018/2011 № 7 қосымшаның 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін конструкцияға техникалық сараптамасы, қажет болған жағдайда сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асырады.
3. Тексеруге жиынтықты көлік құралдары ғана тартылады.
4. Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлігін алу мақсатында өтініш беруші сынақ зертханасына:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
3) көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжатты;
4) Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеуге қажетті көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасын;
5) КО ТР 018/2011 № 4 – 6 қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестікті растайтын дәлелдемелік материалдарды (бар болса) ұсынады.
Көлік құралының ТР 018/2011 № 4 – 6 қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын дәлелдемелік материалдар ретінде сынақ зертханаларында жүргізілген сынақ хаттамаларын ұсынуға болады.
Өтініш беруші 1985 жылы Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көліктерге орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау туралы келісімнің негізінде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Экономикалық комиссиясының № 10 – 12, 14, 16 – 18, 21, 26, 34, 39, 46, 48, 58, 73 және 107 қағидаларында көзделген көлік құралдарының типін ресми бекіту туралы хабарлар ұсынған жағдайда КО ТР № 4 қосымшаның тиісті бөлімдері бойынша техникалық сараптама жүргізілмейді.
5. Сынақ зертханасы өтінім тіркелген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеуге келісім береді немесе негізді түрде бас тартады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетінің ұсынылмауы көлік құралының сәйкестігіне бағалау жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
6. Сынақ зертханасы көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізуге келісім бергеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде көлік құралын сәйкестендіру мақсатында, оның ішінде сәйкестендіру нөмірі бойынша тексеріп қарайды, көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама, оның ішінде қажетті сынақтар мен өлшеулер жүргізеді және нәтижелері бойынша одан әрі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдей және бекіте отырып, хаттама ресімдейді.
7. Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сынақ зертханасы оны өтініш берушіге жібереді және көшірмесін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
8. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құжаттарды сынақ зертханасынан алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін, маркаларын және коммерциялық атауларын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер тізілімінде тіркейді.
9. Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік осы Қағидаларға сәйкес сынақ зертханасының бланкісінде сынақ зертханасының мөр бедерімен бекіту арқылы қағаз жеткізгіштерде ресімделеді.
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті алуға өтінім
1. ________________________________________________________ атынан
өтініш берушінің атауы мен мекенжайы
_______________________________________________ негізінде әрекет ететін
жарғының, сенімхаттың немесе бұйрықтың нөмірі
__________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасының аумағына айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес
__________________________________________________________________
маркасы, типі, санаты (VIN)
Қазақстан Республикасының көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік беруді сұрайды.
2. Өтінімге Қағидаларда көзделген, өтінім берген кезде өтінім берушіде бар барлық құжаттар қоса беріледі, оның ішінде: өтініш берушінің атауы және мекенжайы: деректемелер: өтініш берушінің телефоны: электрондық мекенжай:
Өтінім беруші Жеке қолтаңбасы Қолтаңбаның толық жазылуы
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
№ ________________
АККРЕДИТТЕЛГЕН СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ, АКРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ |
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
МАРКАСЫ | |
КОММЕРЦИЯЛЫҚ АТАУЫ | |
ТИПІ | |
ШАССИ (басқа дайындаушының шассиі пайдаланылған кезде ғана) | |
Сәйкестендіру нөмірі (VIN) | |
ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЫЛЫ | |
САНАТЫ | |
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫБЫ | |
ӨТІНІШ БЕРУШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ | |
ДАЙЫНДАУШЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ | |
ҚҰРАСТЫРҒАН ЗАУЫТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ | |
КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ | |
Доңғалақ формуласы/жетек доңғалақтар | |
Көлік құралын құрастыру схемасы | |
Жолаушылар сыйымдылығы | |
Багаж бөлімдерінің жалпы көлемі | |
Отыруға арналған орындар саны | |
Көлік құралының жарақталған күйдегі салмағы, кг | |
Көлік құралының техникалық жол берілетін ең жоғары салмағы, кг | |
Габариттік мөлшері, мм | |
- ұзындығы | |
- ені | |
- биіктігі | |
Базасы, мм | |
Алдыңғы/артқы доңғалақтардың ізі, мм | |
Гибридті көлік құралының сипаттамасы | |
Іштен жану қозғалтқышы (маркасы, типі) | |
- цилиндрлердің саны мен орналасуы | |
- цилиндрлердің жұмыс көлемі, см3 | |
- сығу коэффициенті | |
- ең жоғары қуаты, кВт (мин.-1) | |
Отын | |
Қорек жүйесі (типі) | |
Тұтану жүйесі (типі) | |
Пайдаланылған газдарды шығару және бейтараптандыру жүйесі | |
Электромобильдің электр қозғалтқышы (типі, маркасы) | |
Жұмыс кернеуі, В | |
Ең жоғары 30 минуттық қуаты, кВт | |
Энергия жинақтау құрылғысы | |
Трансмиссиясы (типі) | |
Электрлі машина: (маркасы, типі) | |
Жұмыс кернеуі, В | |
Ең жоғары 30 минуттық қуаты, кВт | |
Ілініс (маркасы, типі) | |
Берілістер қорабы (маркасы, типі) | |
Аспа (типі) | |
- алдыңғы | |
- артқы | |
Рульдік басқару (маркасы, типі) | |
Тежегіш жүйелері (типі) | |
- жұмыс | |
- қосалқы | |
- тұрақ | |
Шиналар (мөлшерін көрсету) | |
Көлік құралының қосымша жабдығы |
Қосымша ақпарат: Қазақстан Республикасының Көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің __________ жылғы № _____ қаулысының негізінде ресімделді.
Ресімделген күні _____________________
Сынақ зертханасының басшысы
(оның орынбасары)________________________________
қолтаңбасы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), мөрі (бар болса)