"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1005 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 1005 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға.

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі.

      6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.

      7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

      8. Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша).

      9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

      10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.

      11. Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі.

      12. Қазақстан Республикасының Көлік министрі.

      13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

      14. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

      15. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

      16. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

      17. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.

      18. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.

      19. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі.

      20. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

      21. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

      22. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.

      23. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

      24. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      25. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша).

      26. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша).

      27. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      28. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      29. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша).

      30. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      31. Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – "Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша).

      32. Здоровец Максим Владимирович – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласы бойынша филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).

      33. Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі (келісу бойынша).

      34. Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті (келісу бойынша).

      35. Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      36. Пя Юрий Владимирович – "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

      37. Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады