Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 1046 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 1046 қаулысымен
  бекітілген

Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) жер комиссиясы – облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға арналған алқалы орган;

      3) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар арасынан "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын заңды тұлға;

      4) ядролық қауіпсіздік аймағының жері – ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін жер.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Кодекске, Қазақстан Республикасының "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы", "Атом энергиясын пайдалану туралы" және "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заңдарына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру тәртібі

      3. Кешенді экологиялық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 126 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27680 болып тіркелген) Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеп-қарау әдістемесіне (бұлан әрі – әдістеме) сәйкес жүргізіледі.

      Уәкілетті ұйым әдістеменің 120-тармағына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстырылатын жер учаскелерінің шекаралары мен ауданын негіздейтін кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарын (бұдан әрі – материалдар) дайындайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді.

      4. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген материалдар түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде материалдарын келіседі не ұсынылған материалдар толық болмаған және әдістемеге сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тарту туралы уәжді жауап береді.

      Уәкілетті орган материалдарды келісуден бас тартқан жағдайда уәкілетті ұйым материалдарды пысықтап, оларды қайтадан жібереді.

      5. Уәкілетті органның материалдарды келісу қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22007 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен материалдарды санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға жібереді.

      6. Уәкілетті ұйым материалдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның қорытындысымен бірге Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген) Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынады.

      7. Уәкілетті ұйым материалдарға мемлекеттік экологиялық сараптама алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шекараларында ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстырылатын жер учаскелері тұтастай немесе олардың бір бөлігі орналасқан жергілікті атқарушы органға жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішпен жүгінеді.

      8. Жер комиссиясының қорытындысын алғаннан кейін уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларында белгіленген тәртіппен ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстырылатын босалқы жерлердің жерге орналастыру жобасын әзірлеуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жерге орналастыру жобасын шекараларында ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстырылатын жер учаскелері толық немесе олардың бір бөлігі орналасқан жергілікті атқарушы органға бекітуге енгізеді.

      9. Уәкілетті ұйым жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді, негіздемені, кешенді экологиялық зерттеп-қарау нәтижелерін, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысын және жерге орналастыру жобасын ұсынады.

      10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген материалдар енгізілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді.

      Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген материалдар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру туралы уәкілетті ұйымның ұсынысын олар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру туралы ұсыныстың қайтарылуы босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру туралы ұсынысты қайта енгізу үшін кедергі болып табылмайды.

      11. Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру туралы уәкілетті ұйымның ұсынысын қайта қарау осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      12. Босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасы міндетті түрде:

      шекараларында ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстырылатын жер учаскелері орналасқан облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      13. Уәкілетті орган босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру жөніндегі материалдардың және мүдделі мемлекеттік органдармен келісудің негізінде босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.

Об утверждении Правил перевода земель запаса в земли зоны ядерной безопасности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2023 года № 1046.

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      В соответствии с подпунктом 3-4) статьи 13 Земельного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила перевода земель запаса в земли зоны ядерной безопасности.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, но не ранее 1 января 2024 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 ноября 2023 года № 1046

Правила перевода земель запаса в земли зоны ядерной безопасности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевода земель запаса в земли зоны ядерной безопасности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3-4) статьи 13 Земельного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок перевода земель запаса в земли зоны ядерной безопасности.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) уполномоченный орган в области использования атомной энергии (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области использования атомной энергии;

      2) земельная комиссия – коллегиальный орган при местном исполнительном органе области, города областного значения (на территории, переданной в его административное подчинение) и района для рассмотрения заявлений (заявок) и подготовки заключений о предоставлении прав на земельные участки (об определении победителя конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства), изменении целевого назначения земельных участков (за исключением земель населенных пунктов) и переводе земель водного фонда в земли других категорий;

      3) уполномоченная организация по обеспечению функционирования Семипалатинской зоны ядерной безопасности (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, определяемое в соответствии с Законом Республики Казахстан "О Семипалатинской зоне ядерной безопасности" для обеспечения функционирования Семипалатинской зоны ядерной безопасности, из числа государственных предприятий, находящихся в ведении уполномоченного органа;

      4) земли зоны ядерной безопасности – земли, предоставляемые в установленном законодательством Республики Казахстан порядке для создания и функционирования зоны ядерной безопасности.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Кодексом, законами Республики Казахстан "О радиационной безопасности населения", "Об использовании атомной энергии" и "О Семипалатинской зоне ядерной безопасности".

Глава 2. Порядок перевода земель запаса в земли зоны ядерной безопасности

      3. Комплексное экологическое обследование земельных участков, на которых проводились испытания ядерного оружия, проводится в соответствии с методикой по проведению комплексного экологического обследования земельных участков, на которых проводились испытания ядерного оружия, утвержденной приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 8 апреля 2022 года № 126 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 27680) (далее – методика).

      Уполномоченная организация в соответствии с пунктом 120 методики готовит материалы комплексного экологического обследования, обосновывающие границы и площади земельных участков, подлежащих переводу в земли зоны ядерной безопасности (далее – материалы), и направляет их на согласование в уполномоченный орган.

      4. Уполномоченный орган в течение 30 (тридцать) рабочих дней с даты поступления материалов, указанных в пункте 3 настоящих Правил, согласовывает материалы либо выдает мотивированный ответ об отказе в согласовании в случаях неполноты и несоответствия представленных материалов методике.

      В случае отказа в согласовании уполномоченным органом материалов уполномоченная организация повторно направляет их после доработки.

      5. По итогам согласования уполномоченным органом материалов уполномоченная организация в течение 10 (десять) рабочих дней направляет материалы на санитарно-эпидемиологическую экспертизу в порядке, определяемом Правилами проведения санитарно-эпидемиологической экспертизы, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-334/2020 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22007).

      6. Материалы с заключением государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения представляются уполномоченной организацией на государственную экологическую экспертизу в порядке, определяемом Правилами проведения государственной экологической экспертизы, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 9 августа 2021 года № 317 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 23918).

      7. Уполномоченная организация в течение 10 (десять) рабочих дней со дня получения государственной экологической экспертизы на материалы обращается в местный исполнительный орган, в границах которого полностью или частично расположены земельные участки, подлежащие переводу в земли зоны ядерной безопасности, с заявлением о предоставлении соответствующего права на земельный участок.

      8. После получения заключения земельной комиссии уполномоченная организация организует и обеспечивает разработку землеустроительного проекта земель запаса, подлежащих переводу в земли зоны ядерной безопасности, в порядке, определяемом Правилами составления землеустроительного проекта по формированию земельных участков, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 июня 2022 года № 180 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28399), и вносит землеустроительный проект на утверждение в местный исполнительный орган, в границах которого полностью или частично расположены земельные участки, подлежащие переводу в земли зоны ядерной безопасности.

      9. Уполномоченная организация после утверждения землеустроительного проекта в течение 10 (десять) рабочих дней вносит в уполномоченный орган предложение о переводе земель запаса в земли зоны ядерной безопасности с представлением обоснования, результатов комплексного экологического обследования, заключения государственной экологической экспертизы, заключения санитарно-эпидемиологической экспертизы и землеустроительного проекта.

      10. Уполномоченный орган в течение 30 (тридцать) рабочих дней со дня внесения материалов, указанных в пункте 9 настоящих Правил, разрабатывает проект решения Правительства Республики Казахстан о переводе земель запаса в земли зоны ядерной безопасности.

      В случаях неполноты представленных материалов, указанных в пункте 9 настоящих Правил, уполномоченный орган отклоняет предложение уполномоченной организации о переводе земель запаса в земли зоны ядерной безопасности в течение 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня его внесения.

      Отклонение предложения о переводе земель запаса в земли зоны ядерной безопасности не является препятствием для повторного внесения предложения о переводе земель запаса в земли зоны ядерной безопасности.

      11. Повторное рассмотрение предложения уполномоченной организации о переводе земель запаса в земли зоны ядерной безопасности осуществляется в порядке, установленном пунктом 10 настоящих Правил.

      12. Проект решения Правительства Республики Казахстан о переводе земель запаса в земли зоны ядерной безопасности в обязательном порядке согласовывается с:

      местными исполнительными органами областей, в границах которых расположены земельные участки, подлежащие переводу в земли зоны ядерной безопасности;

      уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.

      13. На основании материалов по переводу земель запаса в земли зоны ядерной безопасности и согласования с заинтересованными государственными органами уполномоченный орган вносит на рассмотрение Правительства Республики Казахстан проект решения Правительства Республики Казахстан для принятия окончательного решения по вопросу перевода земель запаса в земли зоны ядерной безопасности.

      ________________