Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23918 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 317 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 1-тармағына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мен "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен іске асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және "Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызметін айқындайды.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар:

      Мемлекеттік экологиялық сараптама қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағының 3) - 8) тармақшаларында көрсетілген объектілерге қатысты ұйымдастырады және жүргізеді.

      Басқа жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманы Кодекстің 88-бабының 2-тармағына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады және жүргізеді.

      3. Кодекстің 87-бабына сәйкес келесі объектілер мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамасына жатады:

      1) I және II санаттағы объектілерді салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалық құжаттама және экологиялық рұқсат алу үшін Кодексте көзделген басқа да жобалық құжаттар;

      2) ІІІ санаттағы объектілерді салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалық құжаттама және қоршаған ортаға әсері туралы декларация дайындау үшін қажетті Кодексте көзделген басқа да жобалық құжаттар;

      3) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерін тигізуі мүмкін, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары әзірлеген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      4. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, олардың функционалдық аймақтарға бөлінуін және инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын қоса алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру, республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен Республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарының аумақтарын, табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарларын тарату немесе азайту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      5) осы аумақтарды экологиялық апат немесе экологиялық төтенше жағдай аймағына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оларды іске асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын немесе көрші мемлекеттердің, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінің мүдделеріне әсер ететін шаруашылық қызмет жобалары;

      7) бұрын ядролық қару сынақ жүргізілген, сондай-ақ әскери полигондардың әсеріне ұшыраған жерлерді кешенді экологиялық зерттеу материалдары;

      8) мемлекеттік орман иеленудің және орман орналастырудың орман орналастыру жобаларын және (немесе) мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе шектеу қойылатын ерекше қорғаныс учаскелерін бөлу;

      9) экологиялық рұқсатты қажет етпейтін, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті түрде бар болуын көздейтін қызмет түрлеріне арналған жобалық құжаттар.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама экологиялық рұқсаттарды беру процедуралары шеңберінде жүргізіледі және мемлекеттік экологиялық сараптаманың жеке қорытындысы берілмейді.

      4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы іске асыратын органдардың қарауына ұсынылған құжаттамада жоспарланған қызметтің сипаттамасына байланысты шешімдер көрсетіледі:

      1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдейтін, аз және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу немесе қолдану;

      2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы өндіру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кешенді өңдеу және кәдеге жарату;

      3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суды табиғи ағындар мен су қоймаларына, жергілікті жердің бедеріне жіберуден бас тарту сияқты тазартудың басым бағыттары;

      4) атмосфералық ауаны ластанудан қорғауға қатысты негіздейтін шаралардың пәрменділігі мен кепілділігі;

      5) топырақты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мен қалпына келтіру, табиғи қорық қоры объектілерінің мәртебесін сақтау;

      6) халықты және қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету.

      5. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттарды:

      1) жоспарланған қызметтің тапсырыс берушісі/бастамашысы;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органның басшысы ұсынады.

      6. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар:

      1) Кодекстің 91-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жобаның тапсырыс берушілерінен немесе мемлекеттік органдардан мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектісін жан-жақты және объективті бағалау үшін маңызды қосымша қажетті материалдарды сұратады және алады;

      2) Кодекстің 93-бабының 1-тармағына сәйкес, егер мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшыларында жоқ арнайы білім талап етілсе, сыртқы сарапшылардың сарапшылық қорытындысы алу үшін басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай -ақ тиісті білімі мен тәжірибесі бар жекелеген ұлттық және халықаралық сарапшыларға жүгінуге құқығы бар;

      Сыртқы сарапшылардың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие.

      Сыртқы сарапшыларды тарту "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      3) Кодекстің 94-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, табиғи ресурстарды пайдалану мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мақсатында мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сараптамалық кеңестерінде, олардың ережелеріне сәйкес қаралады;

      4) оларды жою мақсатында дәлелді ескертпелер береді.

      7. Қоғамдық тыңдаулар Кодекстің 73-бабының 1-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      8. Уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып немесе оның аумақтық бөлімшелері мамандарының қатысуымен (объектінің орналасқан жері бойынша) жүргізіледі және мынадай түрде іске асырылады:

      1) жобалау материалдары көзделіп отырған шаруашылық қызметті іске асырудың қажеттілігі, орындылығы және мүмкіндігі бөлігінде, сондай-ақ келісім бойынша ұсыныстарды әзірлей отырып, жобаны тұтастай бағалау бағаланады және талданады;

      2) аумақтық бөлімшелердің өкілдері қажет болған жағдайда, жағдайды алдын ала талдауды ұсына отырып, мемлекеттік экологиялық сараптама процесін жүргізуге қатысады. Бұл жағдайда аумақтық бөлімшелердің ескертулер мен ұсыныстарды бере отырып, материалдарды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      3) ұсыныстар немесе ескертулер қалыптастырылады және жазбаша нысанда ұсынылады;

      9. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру нәтижесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру болып табылады. Қорытындыда мынадай қорытындылардың бірі көрсетіледі:

      1) "келісілмейді";

      2) "келісіледі".

      10. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, тиісті аумақтағы уәкілетті органның оның аумақтық бөлімшелерінің немесе өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшелерінің басшылары қол қояды.

2-тарау. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – 1- қызметті беруші 1) көрсетеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 1 көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім жібереді.

      осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі жазылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. 1-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге ол келіп түскен күні тіркейді және 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі бөліммен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол 1-көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, 1- көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы қажет болған жағдайда жобалық құжаттарға ұсыныстар мен ескертулер ұсыну үшін аумақтық бөлімшеге (объектінің орналасқан жері бойынша) сұрау жолдайды;

      1–көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде жобалық құжаттарға өз ұсыныстары мен ескертулерін ұсынады;

      ұсыныстар мен ескертулерді алғаннан кейін 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы:

      1) ұсынылған құжаттардың экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін қарайды;

      2) Материалдарды бағалайды және талдайды, көзделіп отырған не жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық қауіптілік дәрежесін, сараптама объектілерін іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен дұрыстығын анықтайды;

      3) жекелеген сараптамалық бағалауларды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытады;

      "Келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау және беру өтініш тіркелген кезден бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      көрсетілетін қызметті алушы 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында алады;

      ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда, 1-көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде оларды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға пысықтау үшін жолдайды;

      көрсетілетін қызметті алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде 1-көрсетілетін қызметті берушіге дәлелді ескертулерді алған күннен бастап пысықталған құжаттарды ұсынады;

      Көрсетілетін қызметті алушы жойған жағдайда, 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында, 1- көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ–сымен жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылықтарын 1-көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша 1-көрсетілетін қызметті беруші "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады;

      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындау және беру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" 1-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      15. 1-көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – 2 - қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға көрсетіледі.

      18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде жазылған.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде қажетті өзге де жобалау құжаттарына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу үшін:

      2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге ол келіп түскен күні тіркейді және 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі бөліммен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      2-көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды порталда электрондық құжат нысанында жеке кабинетте алады;

      ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтаған жағдайда 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы:

      1) ұсынылған құжаттардың экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін қарайды;

      2) материалдарды бағалайды және талдайды, көзделіп отырған не жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық қауіптілік дәрежесін, сараптама объектілерін іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен дұрыстығын анықтайды;

      3) жекелеген сараптамалық бағалауларды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытады;

      ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болмаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;

      2-көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында алады;

      ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы оларды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пысықтау үшін жолдайды;

      көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде 2-көрсетілетін қызметті берушіге дәлелді ескертулерді алған күннен бастап пысықталған құжаттарды ұсынады;

      көрсетілетін қызметті алушы жойған жағдайда 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын 2-көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша 2-көрсетілетін қызметті беруші "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады;

      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      20. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті болуы көзделген, экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлері үшін жобалық құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу үшін:

      2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ол келіп түскен күні қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті тіркейді және 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі бөліммен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      қол қойғаннан кейін 2-көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды "жеке кабинетке" жолдайды;

      ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтаған жағдайда 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы:

      1) ұсынылған құжаттардың экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін қарайды;

      2) материалдарды бағалайды және талдайды, көзделіп отырған не жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық қауіптілік дәрежесін, сараптама объектілерін іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен дұрыстығын анықтайды;

      3) жекелеген сараптамалық бағалауларды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытады;

      ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болмаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;

      қол қойылғаннан кейін 2-көрсетілетін қызметті беруші-көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын жібереді;

      ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы оларды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде пысықтау үшін жолдайды;

      көрсетілетін қызметті алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2-көрсетілетін қызметті берушіге дәлелді ескертулерді алған күннен бастап пысықталған құжаттарды ұсынады;

      көрсетілетін қызметті алушы жойған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қалыптастырады;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында, 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жоймаған жағдайда, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша 2-көрсетілетін қызметті беруші "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады;

      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      21. 2-көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларының 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз нұсқасында берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      23. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге Өтінім

  Кімге:______________________
  (мемлекеттік органның толық атауы)
  Кімнен:_____________________
  (өтініш берушінің толық атауы)
  Мекенжай___________________
  (индекс, қала, аудан, облыс,
  көше, үй №, телефон, e-mail)
  Өтініш берушінің
  деректемелері________________
  (ЗТ/ЖК, БСН, ЖСН мемлекеттік
  тіркеу туралы куәліктің №)

Жобаға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді сұраймын

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жобаның толық атауын көрсету)

      қоса берілген құжаттардың тізбесі

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Материалдарда құпия ақпарат жоқ.

      _______________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________

      (лауазым, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      "___" ____________ 20___ж.

  Мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Нысан

III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге Өтінім

  Кімге:______________________
  (мемлекеттік органның толық
  атауы)
  Кімнен:_____________________
  (өтініш берушінің толық атауы)
  Мекенжай___________________
  (индекс, қала, аудан, облыс,
  көше, үй №, телефон, e-mail)
  Өтініш берушінің
  деректемелері________________
  (ЗТ/ЖК, БСН, ЖСН мемлекеттік
  тіркеу туралы куәліктің №)

Жобаға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді сұраймын

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

                        (жобаның толық атауын көрсету)

      қоса берілген құжаттардың тізбесі

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Материалдарда құпия ақпарат жоқ.

      Өндірістік объектінің қоршаған ортаны ластайтын көздері бар өнеркәсіптік алаңдарының орналасқан жері туралы деректер:

      1-кесте. Өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан жері туралы деректер

Өнеркәсіптік алаң нөмірі

Өнеркәсіптік алаң атауы

Облыс

Аудан, елді мекен

Координаттары, градус, минут, секунд

Алып жатқан аумағы
га

ендік

бойлық


1

2

3

4

5

6

7

      Ластаушы заттар мен қалдықтар шығарындылары мөлшерінің жылдар бойынша декларацияланатын лимиттері:

      2-кесте. Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының декларацияланатын мөлшері (г/сек, т/жыл)

Декларацияланатын жыл

ластану көзінің нөмірі

ластаушы заттың атауы

г/сек

т/жыл





      3-кесте. Қауіпті қалдықтардың декларацияланатын саны (т/жыл)

Декларацияланатын жыл

қалдықтың атауы

Пайда болу саны, т/жыл

жинақтау саны, т/жыл




      4-кесте. Қауіпсіз қалдықтардың декларацияланатын саны

Декларацияланатын жыл

қалдықтың атауы

Пайда болу саны, т/жыл

жинақтау саны, т/жыл




      _______________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________

      (лауазым, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      "___" ____________ 20___ж.

  Мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

  Кімге_______________________
  (өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

      _______________________________________________________________

      (жобалау құжаттамасының атауы)

      Материалдар әзірленді ____________________________________________

      (әзірлеуші-жобалау ұйымының толық атауы)

      Жоба материалдарының тапсырыс берушісі ___________________________________

      (Тапсырыс беруші-ұйымның толық атауы)

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына мыналар ұсынылды:

      __________________________________________________________________

      (жобалау құжаттамасының атауы, ұсынылған материалдардың, басқа құжаттардың

      жиынтықтылығын аудару)

      Материалдар қарауға келіп түсті _______________________ 20__ жылы

      (Кірісті тіркеу күні, нөмірі)

      Жалпы мәліметтер:

      Сараптама объектісі орналасқан ауданның физикалық-географиялық жағдайларының, қоршаған ортаның фондық жай-күйінің, негізгі техникалық, технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін технологиялық процестің сипаттамасы, қазіргі заманғы технологиялардың үздік аналогтарымен салыстырғанда балама нұсқаларды қарау.

      Қорытынды

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру нәтижесі "келісіледі/келісілмейді" деген тұжырымы бар қорытынды болып табылады.

      _______________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________

      (лауазым, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

  Кімге:______________________
  (өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

      _______________________________________________________________

      (жобалау құжаттамасының атауы)

      Материалдар әзірленді ____________________________________________

      (әзірлеуші-жобалау ұйымының толық атауы)

      Жоба материалдарының тапсырыс берушісі ____________________________________

      (Тапсырыс беруші-ұйымның толық атауы)

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына мыналар ұсынылды:

      __________________________________________________________________

      (жобалау құжаттамасының атауы, ұсынылған материалдардың, басқа құжаттардың

      жиынтықтылығын аудару)

      Материалдар қарауға келіп түсті _______________________ 20__ жылы

      (Кірісті тіркеу күні, нөмірі)

      Жалпы мәліметтер:

      Сараптама объектісі орналасқан ауданның физикалық-географиялық жағдайларының, қоршаған ортаның фондық жай-күйінің, негізгі техникалық, технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін технологиялық процестің сипаттамасы, қазіргі заманғы технологиялардың үздік аналогтарымен салыстырғанда балама нұсқаларды қарау. Ластаушы заттар мен қалдықтар шығарындылары мөлшерінің жылдар бойынша декларацияланатын лимиттері:

      1-кесте. Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының декларацияланатын мөлшері (г/сек, т/жыл)

Декларацияланатын жыл

ластану көзінің нөмірі

ластаушы заттың атауы

г/сек

т/жыл





      2-кесте. Қауіпті қалдықтардың декларацияланатын саны

Декларацияланатын жыл

Қалдықтың атауы

Пайда болу саны, т/жыл

Жинақтау саны, т/жыл




      3-кесте. Қауіпсіз қалдықтардың декларацияланатын саны

Декларацияланатын жыл

Қалдықтың атауы

Пайда болу саны, т/жыл

Жинақтау саны,
т/жыл




      Қорытынды

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру нәтижесі "келісіледі/келісілмейді" деген тұжырымы бар қорытынды болып табылады.

      _______________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________

      (лауазым, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау;
45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың/ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартудың қорытындысын беру:
оның ішінде дәлелді ескертулерді 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде жіберу; көрсетілетін қызметті алушының дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде пысықталған материалдарды ұсынуы.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; ;
2) www.egov.kz порталында

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық түрдегі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары жағдайында келесі құрамда:
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық құжат нысанындағы жобалары;
3) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары, олардың функционалдық аймақтарға бөлінуін және инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын қоса алғанда, келесі құрамда жобалары болған жағдайда:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген) материалдарды қамтитын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларында айқындалған тәртіппен дайындалған, электрондық құжат нысанындағы жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің не техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары.
электрондық көшірме жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың келісімі;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бар ілеспе хаттың электрондық көшірмесі;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының келісімі бар хаттың электрондық көшірмесі;
аумақтық органның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органының - жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі бар хаттың электрондық көшірмесі;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін (заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда) босалқы жерге ауыстыру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары жағдайында келесі құрамда:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы №172 Қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру қағидаларының (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру қағидалары) 9-тармағында айқындалған тәртіппен мүдделі орган дайындаған және бекіткен материалдарды қамтитын техникалық-экономикалық негіздемелердің электрондық құжат нысанындағы жобалары;
қоғамдық тыңдауларды өткізу хаттамасының электрондық көшірмесі;
аумақтық органның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органының - жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі бар хаттың электрондық көшірмесі;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімі бар хаттың электрондық көшірмесі;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстырудың 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен комиссияның оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін жер ауыстырылған жағдайда "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есептің қосымша электрондық көшірмесі;
5) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарының аумақтарын тарату немесе азайту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобалары болған жағдайда, келесі құрамда:
материалдарды қамтитын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту қағидаларында айқындалған тәртіппен дайындалған жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің электрондық құжат нысанындағы жобалары;
аумақтық органының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органының - жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі бар хаттың электрондық көшірмесі;
6) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарларының жобалары болған жағдайда, келесі құрамда:
материалдарды қамтитын және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында айқындалған тәртіппен дайындалған табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарының электрондық құжат нысанындағы жобасы;
7) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары болған жағдайда, келесі құрамда:
электрондық құжат нысанында Кодекстің 405-бабында айқындалған тәртіппен дайындалған материалдарды қамтитын аумақты зерттеу материалдары;
аумақтардың қазіргі экологиялық жай-күйін растайтын материалдарға төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерделеу мақсатында құрылған комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі;
денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар қорытындыларының электрондық көшірмесі;
8) бұрын ядролық қару сынақтары өткізілген, сондай-ақ әскери полигондардың әсеріне ұшыраған жерлерді кешенді экологиялық зерттеу және осы жерлерді босалқы жер құрамына алуды және ауыстыруды негіздейтін материалдары болған жағдайда, келесі құрамда:
электрондық құжат нысанында материалдарды қамтитын және Кодекстің 236-бабында айқындалған тәртіппен дайындалған кешенді экологиялық зерттеу материалдары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
9) шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерін пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердің мүдделерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары жағдайында, келесі құрамда:
жоспарланған шаруашылық қызметтің жобалары электрондық құжат нысанында;
10) мемлекеттік орман иеленудің және орман орналастырудың орман орналастыру жобалары және (немесе) мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екіншісіне ауыстыру үшін арнайы зерттеулер жағдайында, сондай-ақ келесі құрамда орман пайдалануға тыйым салынатын немесе шектелетін ерекше қорғау учаскелерін бөлу:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №17-02/566 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген) орман орналастыруды жүзеге асыру, орман пайдалану немесе орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі электрондық құжат нысанындағы материалдар;

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1)көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

  Мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.07.2024 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Портал –жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды түрдегі III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалық құжаттаманы және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде қажетті өзге де жобалық құжаттар болған жағдайда:
электрондық құжат нысанында жобалық құжаттама;
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық түрдегі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті болуы көзделген, экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлері үшін жобалық құжаттар болған жағдайда:
электрондық құжат нысанында жобалық құжаттар.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 317 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11021 болып тіркелген);

      2. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15189 болып тіркелген);

      3. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 270 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17285 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады