Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22007 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мынадай:

      1) "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10970 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған);

      2) "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 251 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15276 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-334/2020
бұйрығымен бекітілген

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) лауазымды тұлға – Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғасы:

      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның орынбасарлары, тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың орынбасарлары;

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;

      тиісті аумақтардағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      2) орындаушы – санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар;

      3) тапсырыс беруші – санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге тапсырыс беретін заңды және жеке тұлғалар;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өзге де заңнама актілерімен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган.

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары және жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары құзыреттері шегінде жүргізеді.

      Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мемлекеттік материалдық резервте сақтаудағы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды жүргізу мүмкіндігін айқындау үшін жүргізіледі.

      4. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында Кодекстің 46-бабының 3-тармағында көзделген жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында айқындалған тізбеге сәйкес құжаттарды орындаушыға жібереді.

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарында Кодекстің 46-бабының 3-тармағында көзделмеген объектілерге, жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін тапсырыс беруші орындаушыға мынадай құжаттарды:

      1) Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына, шикізатқа және өнімге зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларын жібереді.

      5. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін олар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы ұсынады.

2-тарау. Лауазымды тұлғаның қаулылары бойынша өнімдерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      6. Зерттеулер жүргізу үшін өнімдердің сынамаларын (үлгілерін) (бұдан әрі – сынамалар) іріктеуді тексерілетін субъектінің басшысының немесе өкілінің немесе тексерілетін субъектінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен лауазымды тұлға жүргізеді және өнімнің сынамаларын іріктеу актісімен (бұдан әрі – акт) куәландырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау шеңберінде өнімдердің сынамаларына іріктеу жүргізу кезінде өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен қосымша куәландырылады. Іріктелген сынамалар жинақталады, қаптамаланады және пломбаланады (мөрленеді).

      7. Акт Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша үш данада жасалады.

      8. Актінің барлық даналарына өнім сынамасын іріктеген лауазымды тұлға және тексерілетін субъектінің басшысы немесе өкілі немесе тексерілетін субъектінің уәкілетті тұлғасы қол қояды. Актінің бірінші данасы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін лауазымды тұлғаның қаулысы бойынша өнім үлгілерімен бірге санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің (бұдан әрі – Ұйым) мемлекеттік ұйымдарына жіберіледі. Актінің екінші данасы субъектінің тексеретін басшында қалады. Актінің үшінші данасы өнім сынамасын іріктеуді жүзеге асырған лауазымды тұлғада сақталады.

      9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін акті жасалғаннан және өнімдердің сынамалары іріктелгеннен кейін лауазымды тұлға Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы қаулыны (бұдан әрі – Қаулы) шығарады.

      10. Қаулы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады. Бірінші дана Ұйымға жіберіледі. Екінші дана лауазымды тұлғада сақталады.

      11. Сынамаларды іріктейтін лауазымды тұлға олардың сақталуын және Ұйымға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Лауазымды тұлғаның нұсқамалары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібі

      12. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы нұсқаманы (бұдан әрі – Нұсқама) электр-магниттік өрістерге, қоршаған ортаның физикалық факторларына өлшеулер, радиологиялық өлшеулер (бұдан әрі – өлшеулер) және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде өнімге сараптама жүргізу үшін лауазымды адам шығарады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2023 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Нұсқама Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады. Бірінші дана Ұйымға жіберіледі. Екінші дана лауазымды тұлғада сақталады.

      14. Өлшеулер жүргізу үшін тексерілетін субъектінің лауазымды тұлғасының, басшысының немесе өкілінің немесе тексерілетін субъектінің уәкілетті адамының міндетті түрде қатысуымен Ұйымның қызметкерлері тартылады және Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша өлшеулер хаттамасымен куәландырылады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге қатысты нұсқама бойынша өнім сынамаларын алуды Ұйым қызметкерлері жүргізеді және өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2023 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Өлшеулер хаттамасы үш данада жасалады. Өлшеулер хаттамасының бірінші данасы лауазымды тұлғаның нұсқамасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін Ұйымға жіберіледі. Өлшеулер хаттамасының екінші данасы тексерілетін субъектінің басшысында қалады. Өлшеулер хаттамасының үшінші данасы лауазымды тұлғада сақталады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге қатысты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг қорытындылары бойынша өнімді санитариялық-эпидемиологиялық сараптау хаттамасы екі данада жасалады. Хаттаманың бірінші данасы Ұйымда қалады, хаттаманың екінші данасы нұсқама берген лауазымды адамда сақталады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2023 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу

      16. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өнімдерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сынаманы іріктеуді және өлшеу жүргізуді Ұйымның мамандары жүргізеді.

      17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама:

      1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпдемиологиялық сараптама жүргізу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің толтырылған үлгісін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін Ұйымның кеңсесінде тіркеуді;

      2) сынаманы іріктеу, санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға өлшеулер жүргізу үшін объектіге бару күні мен уақытын тапсырыс берушінің орындаушымен алдын ала келісуін;

      3) сынаманы іріктейтін жерге баруды, сынаманы іріктеуді, өлшеулер жүргізуді;

      4) зертханалық зерттеулерді, нәтижелерді бағалауды орындауды;

      5) Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша зерттеулер хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) "бір терезе" қағидаты бойынша беруді;

      6) өлшеулер актісін, хаттамасын ресімдеуді қамтиды.

5 -тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу

      18. Ұйымның зертханасына сынамалар келіп түскеннен кейін, оларды тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі. Зерттеулердің түріне қарай сынамалар зертхананың тиісті бөлімшелеріне жіберіледі, онда Кодекстің 94-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес (бұдан әрі – нормативтік құжаттар) зерттеулер жүргізіледі.

      19. Зерттеулер аяқталғаннан кейін зертхана мамандары нормативтік құжаттарға сәйкес нәтижелерді бағалауды жүргізеді және хаттама толтырады.

      20. Қаулылар мен нұсқамалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде хаттама лауазымды тұлғаға беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде хаттама тапсырыс берушіге беріледі.

      Аккредиттелген зертханалар жүргізген және (немесе) қызметтің осы түріне лицензиясы бар зерттеулер хаттамаларының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.

      Аккредиттелген зертханалар жүргізген және (немесе) осы қызмет түріне лицензиясы бар өлшеу хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

      21. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер мынадай:

      1) жарамдылық мерзімінің өткені;

      2) сапасыздықтың айқын белгілері (бүліну, ыдырау, ластану) анықталған жағдайда жүргізілмейді.

      22. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімінің басталуы орындаушы өтінішті тіркеген күннен бастап белгіленеді. Әзірлеу (жасау) шеңберінде ұсынылған үлгілерді қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі зерттеу жүргізу әдістемесімен белгіленген мерзімдерден аспайды.

      23. Кодекстің 46-бабының 3-тармағында көзделген жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.

      Кодекстің 46-бабының 3-тармағында көзделмеген объектілерге, жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүргізеді.

      24. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін құжаттарды алғаннан кейін орындаушы ұсынылған құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді.

      25. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін құжаттарды алғаннан кейін орындаушы объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді, объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, объектінің санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді.

      26. Өнімге зерттеулер хаттамасын беру өнімдерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесі болып табылады.

      27. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру жобаларға, объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесі болып табылады.

      28. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғарғы уәкілетті органға беріледі.

  Санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының (Т.А.Ә.
(бар болса))
____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.,
____________________________
өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден__________________________________________________________

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      ______________________________________________ бойынша орналасқан

      объектінің нысаналы мақсаты

      _________________________________________________________________

      тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________________________

      қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

      3.

  Санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.
(бар болса)
____________________________
жеке немесе заңды тұлғаның
аты, мекенжайы
____________________________
(ЖСН және/немесе БСН)
____________________________
өтініш берушінің байланыс
телефоны

Өтініш

      Сізден_________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және

      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      Қолы

      күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

      3.

  Санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      20___ жылғы "____" ___________№ _________

санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы қаулы

      Тексерілетін субъектінің атауы__________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғасы____________

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұсынылған құжаттарды ________________________________________________

      (санамалау)

      _____________________________________________________________ қарап,

      мынаны ______________________________________________________________

      (аумақта, объектілер тобында қалыптасқан санитариялық-эпидемиологиялық

      жағдайдың сипатын, Қазақстан Республикасының халықтың

      санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының

      бұзушылықтарын көрсету)

      анықтадым.

      Қаулы шығаруға негіздеме ____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ерекше тәртіп бойынша, жоспардан тыс, өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу)

      қаулы етемін

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама тағайындалсын, оны өткізу Ұйымға

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Ұйымның атауы)

      тапсырылсын.

      2. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаты_____________________

      ____________________________________________________________________

      (сәйкестігіне зерттеу жүргізілетін, оның ішінде көрсеткіштер)

      Қолы________________________________________________________________

                        (Т.А.Ә. (ол бар болса), қолы)

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
сараптама жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      нысан

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы нұсқама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2023 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ жылғы "____" ___________ № _________

      Тексерілетін субъектінің атауы немесе санитариялық-эпидемиологиялық мониторингке жататын өнімнің атауы (түрі)

      __________________________________________________________________________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамы __________________ (Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұсынылған құжаттарды, өлшеулерді _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (санамалау)

      қарап,

      мынаны __________________________________________________________________

      (аумақта, объектілер тобында қалыптасқан санитариялық-эпидемиологиялық

      жағдайдың сипатын, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде

      өнімді тұтыну кезіндегі халықтың тамақтан улану қаупі, Қазақстан Республикасының

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      заңнамасының бұзушылықтарын көрсету) анықтадым.

      Нұсқама шығаруға негіздеме ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тексеру, профилактикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг)

      Өнімге, өлшеулерге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама тағайындауға

      нұсқама беремін, оны жүргізу Ұйымға ________________________________________

      (ұйымның атауы)

      тапсырылсын.

      Санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаты

      __________________________________________________________________________

      (оған сәйкес өлшеулер, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілетін (көрсеткіштерді санамалау)

      Қолы_____________________________________________________________________

                              (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)".

  Санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
__________________ директоры
____________________________
____________________________
азаматтан, ұйымнан __________
____________________________
ЖСК_______________________
БСН (ЖСН) _________________
БСК________________________
Банк________________________
Кбе ________________________
Төлем тағайындау коды _______
Заңды мекен-жайы____________
Байланыс тел/факс, E-mail _____

Өтініш

      Зертханалық зерттеу жүргізуді сұраймын ______________________________

      микробиологиялық _________________________________________________

      (өнімнің атауы (көлемі), су (қандай), шайынды)

      санитариялық-гигиеналық ___________________________________________

      (өнімнің атауы, су, дезинфекциялау құралдары және т.б.)

      токсикологиялық ___________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (материалдың атауы)

      радиологиялық өлшеу______________________________________________

      __________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      шуды және дірілді өлшеу____________________________________________

      __________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      басқа да зерттеулер________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      басқа да жұмыстар _________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (объектінің атауы, дезинфекция, дезинсекция, дератизация (м2), камералық өңдеу (кг))

      Төлемге кепілдік береміз

      Қолы _________

      Күні 20 ____ жылғы "_____"____________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады