Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адам, әсіресе, әйел мен бала саудасының алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісу бойынша), оқу орындары (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 2025 – 2026 жылдардың 20 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, 2027 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат беріп тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 – 2026 жылдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2027 жылы жыл сайын, 10 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2023 жылғы 28 қарашадағы № 1048 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шара |
Аяқталу | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжанатын шығыс (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ұйымдық-құқықтық іс-шаралар | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, | 2026 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | – |
2 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2024 –2026 жылдарға арналған |
Еңбекмині, ІІМ интернет-ресурсында |
Еңбекмині |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
3 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің (полиция, мемлекеттік еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру органдары, дипломатиялық өкілдіктер, шекара қызметі, туристік қызмет субъектілері, жеке жұмыспен қамту агенттіктері, көлік инфрақұрылымы объектілері) қызметкерлері үшін сәйкестендіру және оларға кешенді көмек көрсету мақсатында адам саудасының құрбандарын анықтау және қайта бағыттау бойынша, оның ішінде мобильді қосымшаны пайдаланып, стандартты операциялық рәсімді әзірлеу | іс-қимыл алгоритмі |
ІІМ, Еңбекмині, | 2024 жылғы қыркүйек |
КХҰ жобаларының қаражаты есебінен | КХҰ жобаларының қаражаты |
2. Ұйымдық-практикалық іс-шаралар | ||||||
4 |
Адамды заңсыз әкетуге, әкелуге және Адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері жанында жұмыс істейтін Адам саудасына қарсы | комиссия отырыстарының хаттамасы |
Еңбекмині |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
5 | Бірлескен, ведомствоаралық, профилактикалық және басқа да іс-шаралар өткізу: | ВАК-қа ақпарат |
жыл сайын, | талап етілмейді | – | |
5.1 |
қылмыстық, оның ішінде адам саудасына байланысты трансұлттық әрекетке қарсы | ІІМ | ||||
5.2 | заңсыз көші-қон және адам саудасы арналарын жабу бойынша, оның ішінде шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде |
ІІМ, ҰҚК | ||||
5.3 | құрылыс объектілерінде, шаруа қожалықтарында мәжбүрлі еңбекті, мақта алқаптарында, темекі плантацияларында және т.б. балалар еңбегін пайдалануды болдырмау бойынша, оның ішінде ҮЕҰ-ны тартып |
ІІМ, Еңбекмині, ОМ, БП | ||||
5.4 | жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастырудың немесе ұстаудың, жыныстық қанаудың алдын алу, оның ішінде АИТВ профилактикасы және жұқтырған адамдарды анықтау үшін денсаулық сақтау органдары мен ЖИТС-орталықтарын тартып | ІІМ, ДСМ | ||||
5.5 | нәресте/жас баланың саудасымен байланысты қылмыстың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша | ІІМ, БП (келісу бойынша), ДСМ | ||||
6 | Адам саудасына байланысты қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді талдау, оның ішінде жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеп, адам саудасының жәбірленуші-құрбандарының көрсетпелерін сақтауды қолдану практикасы бойынша |
талдамалық анықтама, | БП (келісу бойынша) | 2024 жылғы қыркүйек | талап етілмейді | – |
7 | Адам саудасына байланысты қылмыстық істерді анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі әрекетті жетілдіруге бағытталған қосымша ұйымдастыру шараларын қабылдау | ВАК-қа ақпарат | ІІМ | 2024 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | – |
8 |
Адам саудасына байланысты қылмыс және осындай қылмысқа ықпал ететін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот практикасын жинақтау | талдамалық анықтама |
СӘ (келісу бойынша) | 2024 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | – |
9 | "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесі арқылы немесе сот тәртібімен тексеру және кейіннен бұғаттау мақсатында БАҚ-тағы және Интернеттегі адам, нәресте, адам ағзасы саудасымен байланысты, сондай-ақ осындай көрсетілетін қызметке сұраныс туғызатын жарнамалық хабарландырулар мен ақпараттық материалдарға қатысты құзыретті органдар арасында деректер алмасу және оны мониторингтеу |
сайттарды бұғаттау |
МАМ, ІІМ, |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
10 | Мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының адам саудасына ықпал ететін шешім қабылдауға және қызметті жүзеге асыруға қатыстылығы фактілері бойынша ақпарат алмасу | ВАК-қа ақпарат |
СҚА (келісу бойынша), ІІМ, БП (келісу бойынша), |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
11 |
Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның адам саудасына қатысты адамдардың қылмыстық жолмен алынған табысын анықтауға, қадағалауға және алуға қатысуы, сондай-ақ тиісті уәкілетті органның осы жұмыстағы құзыретті құқық қорғау органдарымен өзара | ВАК-қа ақпарат |
ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
12 | Адам саудасының құрбандарына құқықтық кеңес және (немесе) кешенді әлеуметтік заңгерлік көмек беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселесін пысықтау |
жұмыс кездесуінің хаттамасы | ІІМ, Еңбекмині, Әділетмині, ҮЕҰ (келісу бойынша) | 2024 жылғы қыркүйек | талап етілмейді | – |
13 | Мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйымдарда заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру кезінде құқық қорғау органдарының және ҮЕҰ-ның өкілдерін тартуы | ВАК-қа ақпарат | Еңбекмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісу бойынша) |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
14 | Өңірлердің сұранысын ескеріп, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызмет көрсететін субъектілермен 3 жылға дейінгі мерзімге адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ұзақ мерзімді шарт жасау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру | мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру | облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
15 | ҮЕҰ арқылы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету | ВАК-қа ақпарат |
Еңбекмині, ІІМ, |
жыл сайын, | "Республикалық деңгейде халыққа әлеуметтік көмек көрсету және қорғау, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" 058 Еңбекминінің бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде | РБ |
16 | ҮЕҰ ұсынатын адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді мониторингтеуді жүзеге асыру | талдамалық анықтама | Еңбекмині |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
17 | Қайта виктимизация фактілерінің алдын алу мақсатында Қолданыстағы әлеуметтік қорғау туралы заңнама шеңберінде адам саудасының құрбандары болған адамдарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету | ВАК-қа ақпарат |
Еңбекмині, |
жыл сайын, | талап етілмейді | |
18 | Дипломаттар мен консулдық қызметкерлерге адам саудасына қарсы іс-қимылдың қазақстандық тәжірибесі туралы жыл сайынғы материалдарды жіберу | ақпараттық материалдар |
СІМ, ІІМ, Еңбекмині |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
19 | Практикалық қызметте пайдалану және енгізу мақсатында ақпараттық насихаттау бойынша шет мемлекеттердің озық тәжірибесі және адам саудасына қарсы күрес бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат ұсыну | ВАК-қа ақпарат | СІМ |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
20 | Қазақстан Республикасы қабылдаған адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу | ВАК-қа ақпарат |
Еңбекмині |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
21 |
Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша "сенім телефонының", "қызу желінің" жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру | ВАК-қа ұсыныс | Еңбекмині, ЦДИАӨМ, МАМ, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2024 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | – |
22 | Осы жұмысқа жұртшылықты тартып, БАҚ-та адам саудасына қарсы күрес бойынша жұмыс істеп тұрған "116 16" сенім телефонын жария ету | БАҚ-та және әлеуметтік желіде жария ету |
Еңбекмині, ЦДИАӨМ, МАМ, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, | ұдайы | талап етілмейді | – |
3. Басқа елдердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық | ||||||
23 | Шет елдер құқық қорғау органдарының, оның ішінде шекаралас өңірлердің адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі іс-шараларын өткізу, оған қатысу |
өткізілген |
ІІМ, СІМ, БП |
жыл сайын, | талап етілмейді | - |
24 | Адам саудасына байланысты қылмысты ашу бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы және Орталық Азия, ТМД елдері құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бірлесіп оқытуды ұйымдастыру, өткізу, оған қатысу |
оқыту |
ІІМ, |
жыл сайын, | "ІІМ кадрларын оқытуды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету" ІІМ 079 бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде | РБ |
4. Ұйымдық-профилактикалық шаралар | ||||||
25 | Құзыретті органдармен, омбудсмендермен, академиялық қоғамдастықпен, халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, адам саудасының проблемасы туралы халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция, форум, семинар және дөңгелек үстел ұйымдастыру, өткізу, оған қатысу |
конференция, |
ІІМ, Еңбекмині, |
жыл сайын, |
КХҰ, |
КХҰ, |
26 | Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы іс-қимылмен айналысатын ҮЕҰ, халықаралық ұйымдармен және орталықтармен, олардың тиісті мамандандырылған құрылымдарымен ынтымақтастығын қолдау және дамыту |
кездесу, жиналыс |
ІІМ, Еңбекмині, |
жыл сайын, |
КХҰ, |
КХҰ, |
27 | "Атамекен" ҰКП-мен және Қазақстан фермерлер қауымдастығымен бірлесіп, құрылыс объектілерінде, шаруа қожалықтарында, ауыл шаруашылығы алқаптарында, сондай-ақ өндірістік-өткізу тізбектерінде мәжбүрлі еңбектің профилактикасы мен алдын алуда ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыс кездесуін ұйымдастыру және оларға қатысу |
іс-шара, жұмыс кездесуі |
ІІМ, Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
28 | Құқық қорғау және сот органдарымен бірлесіп, адам саудасына байланысты қылмысты анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен жұмыс кездесуін ұйымдастыру және оларға қатысу |
семинар, жұмыс кездесуі |
ІІМ, БП (келісу бойынша), |
жыл сайын, |
КХҰ жобаларының қаражаты есебінен |
КХҰ жобаларының қара |
29 |
БАҚ-тың қатысуымен адам саудасының проблемасы және құзыретті органдар мен ҮЕҰ қабылдайтын шаралар туралы жұртшылықтың және тәуекел топтарының хабардар болуын арттыру бойынша мәдени-ағарту және ақпараттық-насихат |
ақпараттық науқан, акция, флешмоб |
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, |
жыл сайын, |
Winrock International ұйымы жобаларының қаражаты есебінен |
Winrock Interna |
30 | Телеарналар мен радиостанцияларда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы тақырыптық бейнероликтерді, аудиороликтерді, деректі фильмдерді, сұхбаттарды, бағдарламаларды тегін орналастыру |
материалдарды БАҚ-та жария ету |
МАМ, ІІМ, Еңбекмині, | ұдайы | талап етілмейді | – |
31 | Адам саудасының әлеуетті құрбандарымен, атап айтқанда материалдық, психологиялық немесе өзге де тәуелділік, кәмелетке толмауы немесе егде жаста болуы, кәмелетке толмағандардың жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз, панасыз, қадағалаусыз қалуы, жүктілік, мүгедектік, психикалық және өзге де аурулары, психобелсенді заттарды асыра пайдалануы, жұмыссыздық, баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар), сондай-ақ реттелмеген құқықтық мәртебесі салдарынан осал жағдайдағы адамдармен адам саудасының тәуекелі туралы профилактикалық жұмысты жүйелі негізде жүргізу | профилактикалық жұмыс |
ІІМ, Еңбекмині, ОМ, ДСМ, | ұдайы | талап етілмейді | – |
32 |
Мобильді топтардың өңірлерде адам саудасы профилактикасы және еңбекке пайдаланылған құрбандарды анықтау қызметін жүзеге асыруы |
халықпен профилактикалық кездесу өткізу | ІІМ, БП (келісу бойынша), Еңбекмині, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісу бойынша) КХҰ (келісу бойынша) | жыл сайын | талап етілмейді | - |
33 | Туристік қызмет субъектілерінің үшінші елдерге заңсыз көші-қон және транзит, азаматтарды жыныстық қатынаста, еңбекке және өзге де пайдалану мақсатында туризмді пайдалануды болғызбауға бағытталған ақпараттық шараларды жүзеге асыруы | ВАК-қа ақпарат |
ІІМ, Еңбекмині, ТСМ, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
34 | "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасында жұмыс берушілер мен жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тіркеу кезінде балалар еңбегін пайдалануға, адамдарды жыныстық қатынаста және (немесе) өзге де пайдалануға тартуға жол бермеу жөніндегі ақпараттық шараларды жүзеге асыру | "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының пайдаланушы келісіміне толықтырулар енгізу | Еңбекмині | 2024 жылғы шілде | талап етілмейді | – |
35 | Ведомстволық интернет-ресурста "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасында тіркелген жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге әкетумен байланысты еңбек делдалдығын көрсететін жеке жұмыспен қамту агенттіктері туралы мәліметтерді орналастыру |
жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізімін ЕХӘҚМ, ІІМ интернет-ресурсында, "Электрондық еңбек биржасы" | Еңбекмині, ІІМ |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
36 | Адам саудасының проблемалары туралы, оның ішінде ҮЕҰ дайындаған материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына (әуежай, вокзал, авто және таксопарк, қоғамдық тамақтану объектісі, қоғамдық дәретхана және т.б. қоса алғанда) кіру/шығу өткізу пункттерінде (сенім телефондарды, жедел желі көрсетілген тақтайшалар, брошюралар, билбордтар, әлеуметтік роликтер, карточкалар, буклеттер) тегін орналастыру | ақпараттық материалдарды орналастыру |
Еңбекмині (2024 – 2025 жылдар), ІІМ (2026 жыл), | ұдайы | талап етілмейді | – |
5. Ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету | ||||||
37 |
Білім беру мекемелерінде білім алушылармен және олардың ата-аналарымен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу | сынып сағаты, ата-аналар жиналысы | ОМ, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | үнемі | талап етілмейді | – |
38 | Көптілді оқу материалдарын қоса алғанда, жұртшылықтың хабардар болуын арттыру үшін ақпараттық бюллетеньдерді, бұқаралық ақпарат құралдарындағы бастамаларды және басқа да материалдарды дайындау | бюллетень, оқу материалдар |
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (келісу бойынша), | 2024 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | – |
39 | Туристер, еңбек мигранттары, Қазақстан Республикасына кіретін/кететін басқа да адамдар үшін олардың адам саудасымен байланысты жағдайға түсуіне жол бермеу мақсатында ақпараттық материалдар әзірлеу | ақпараттық материал, ІІМ, Еңбекмині интернет-ресурсында орналастыру |
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы | 2024 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | – |
40 |
Туристік қызмет субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесінде адам саудасын болғызбау және оның профилактикасы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету | әдістемелік ұсыным |
ІІМ, Еңбекмині, ТСМ, ҮЕҰ (келісу бойынша) |
2024 жылғы | талап етілмейді | – |
41 | Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің желісі бойынша шетелге жұмысқа шығу жағдайын ұйымдастыру процесінде адам саудасын болғызбау және оның профилактикасы мәселелері бойынша әдістемелік ұсыным әзірлеу | әдістемелік ұсыным |
Еңбекмині, ІІМ, |
2024 жылғы | талап етілмейді | – |
42 | Көлік инфрақұрылымы объектілерінде (вокзалдар мен станциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, метрополитен желілері, порттар, әуежайлар) адам саудасын болдырмау және профилактикасы мәселелері бойынша әдістемелік ұсыным әзірлеу | әдістемелік ұсыным |
ІІМ, КМ, Еңбекмині, |
2024 жылғы | талап етілмейді | – |
43 | Аумақтық полиция бөліністері үшін адам саудасына байланысты қылмыс профилактикасы, анықтау, жолын кесу және ашу, сондай-ақ адам саудасы құрбандарымен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыным әзірлеу |
әдістемелік ұсыным | ІІМ, ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (келісу бойынша), КХҰ (келісу бойынша) | 2024 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | - |
44 | Ведомстволық оқу орындарын, ғылыми топтарды, тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғамды тартып, адам саудасының нысандары бойынша кешенді ғылыми зерттеу жүргізу | ұсыным әзірлене отырып ғылыми зерттеу |
ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (келісу бойынша), | 2024 – 2026 жылдар | талап етілмейді | – |
6. Кадр даярлау | ||||||
45 | ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандарды даярлау орталығында, оның ішінде "Адам саудасына байланысты қылмыс бойынша қатарлас қаржылық тергеу жүргізу" тақырыбы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің және адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тартып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру | оқу курсы, семинар |
ІІМ, ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (келісу бойынша), |
жыл сайын |
КХҰ жобаларының қаражаты есебінен | КХҰ жобаларының қаражаты |
46 | Прокуратура органдары қызметкерлерінің адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша біліктілігін арттыру | оқу курсы, семинар | Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (келісу бойынша), ХҚҰ (келісу бойынша) | жыл сайын | КХҰ жобаларының қаражаты есебінен | КХҰ жобаларының қаражаты |
47 | Прокуратура органдарында қолданыстағы штат саны шеңберінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелерімен тұрақты негізде айналысатын қызметкерлерді бекіту | ВАК-қа ақпарат | БП (келісу бойынша) | 2024 жылғы 1-тоқсан | талап етілмейді | – |
48 | Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының базасында адам саудасына байланысты қылмыстық істерді қарау бойынша судьялардың біліктілігін арттыру | оқу курсы, семинар |
СӘ |
жыл сайын |
"Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ұйымдастыру, сот кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру" СӘ 017 бюджеттік бағдарламасы бойынша | РБ |
49 | Мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін еңбекке мәжбүрлеу профилактикасы және алдын алу мәселесі бойынша біліктілікті арттыру | оқу курсы, семинар |
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, Еңбекмині, | жыл сайын |
Winrock International ұйымы |
Winrock Interna |
50 | Дипломатиялық, консулдық персоналға адам саудасына қарсы күрес бойынша онлайн тренинг өткізу | онлайн тренинг |
ІІМ, СІМ, ІІМ |
жыл сайын | талап етілмейді | – |
51 | Адвокаттар үшін адам саудасы құрбандарының құқықтары мен мүддесін қорғау бойынша оқу семинарын, тренинг өткізу | семинар, тренинг |
ІІМ, Еңбекмині, ІІМ |
жыл сайын | Winrock International ұйымы жобаларының қаражаты есебінен |
Winrock Interna |
52 | БАҚ өкілдері үшін адам саудасы құрбандарының қатысуымен тақырыптық мақалаларды, теле және радиохабарларды әзірлеу және жариялау бойынша оқу семинарын, тренинг өткізу | семинар, тренинг |
ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (келісу бойынша), |
жыл сайын |
Winrock International ұйымы |
Winrock Interna |
53 | Ішкі істер органдары, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері үшін Адам саудасы кезінде қатыгездік танытудың бар-жоғын бағалау өлшемшартын және Адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын зерделеу бойынша оқу семинарын, тренинг ұйымдастыру |
оқу тренингі, семинар |
ІІМ, Еңбекмині, ДСМ, ОМ, | жыл сайын |
Winrock International ұйымы жобаларының |
Winrock Interna |
54 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің (полиция, мемлекеттік еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру органдары, дипломатиялық өкілдіктер, шекара қызметі, туристік қызмет субъектілері, жеке жұмыспен қамту агенттіктері, көлік инфрақұрылымы объектілері) қызметкерлері үшін сәйкестендіру және оларға көмек көрсету мақсатында адам саудасының құрбандарын анықтау және қайта бағыттау жөніндегі стандартты операциялық рәсімді зерделеу бойынша оқу семинарын, тренинг ұйымдастыру, оның ішінде мобильді қосымшасын пайдаланып ұйымдастыру |
оқыту тренингі, семинар |
ІІМ, Еңбекмині, ДСМ, ОМ, СІМ, | жыл сайын |
КХҰ, Winrock International ұйымы жобаларының қаражаты есебінен |
КХҰ, Winrock Interna |
55 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық симуляциялық тренинг ұйымдастыру және өткізу | симуляциялық тренинг | Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (келісу бойынша), Еңбекмині, ІІМ, БП (келісу бойынша), ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), ҮЕҰ (келісу бойынша) |
жыл сайын, | талап етілмейді | – |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылып:
АҚК – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия
АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ВАК – Адамды заңсыз әкетуге, әкелуге және саудасына қарсы күрес мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
КХҰ – Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, БҰҰ көші-қон агенттігінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
РБ – республикалық бюджет
СӘ – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі
СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі