"Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 1083 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:

      1) "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы;

      2) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      3) "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      4) "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы) сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.".

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.

      Агроөнеркәсіптік кешенді "ҰАҒБО" КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан экономикасының аграрлық салада жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады