"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 1104 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      146) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 158-1) және 158-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "158-1) курсанттардың тыныс-тіршілігімен және тұрмысымен танысу үшін олардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің Министрліктің арнаулы оқу орнының курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруы қағидаларын бекітеді;

      158-2) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және курсанттарын Министрлік қызметінің бағыты бойынша шетелдік оқу орындарына оқуға жіберу үшін іріктеу қағидаларын бекітеді;";

      174-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "174-1) азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру, жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 174-3), 174-4) және 174-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "174-3) азаматтық қорғау органдарындағы кадрларға сұранысты айқындайды;

      174-4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметкерлердің, әскери қызметшілердің және жұмыскерлердің құқық қорғау қызметінде, әскери және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтауы жөнінде шаралар қабылдайды;

      174-5) азаматтық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды және оқытуды, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағылымдамадан өткізуді, қайта даярлауды және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастырады;".

      2. Осы қаулының 2024 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады