2022 жылғы 20 қазандағы Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімге қосымша болып табылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жарғысының 14 және 20-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Директорлар кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаевтың кандидатурасы Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің қарауына жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлiгi Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша байланыс жасайтын ресми орган ретiнде белгiленсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |