Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ізгілік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Гуманитарлық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ізгілік көмек көрсету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Гуманитарлық көмек көрсету қағидалары";
бүкіл мәтін бойынша "ізгілік" деген сөз "гуманитарлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Гуманитарлық көмек қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасы гуманитарлық көмек көрсету үшін жіберетін тауарлардың жарамдылық мерзімі, егер бұл мерзімдер техникалық реттеу регламенттерінде белгіленген жағдайда, сақтау мерзімі өткенге дейін 6 (алты) айдан аз болмауға тиіс.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |