Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевқа 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1178 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 18-бабы негізінде
төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;";
2) 6-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының шекарасы – Ресей Федерациясының шекарасы (Большая Черниговка) – Самара – Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) – Қазақстан Республикасының шекарасы – Ресей Федерациясының шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) – Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының Павлодар мұнай-химия зауыты бағытындағы Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск)" тасымалдау бағыты бойынша – жылына 1 миллион тоннаға дейін.";
3) 7-бапта:
а) бірінші абзацта:
"тоннаға дейін арттыру мүмкіндігімен жылына 7 млн." деген сөздер алып тасталсын;
"Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша" деген сөздер "оның ішінде Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) – Қазақстан Республикасының шекарасы – Ресей Федерациясының шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) тасымалдау бағыты бойынша және Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) тасымалдау бағыты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) екінші абзацтағы "жылына 7 млн. тонна" деген сөздер "жылына 10 миллион тонна" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) үшінші абзац алып тасталсын;
4) 8-баптың екінші абзацындағы "Омбы (Ресей Федерациясы) – Ертіс (Қазақстан Республикасы) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы)" деген сөздер "Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) – Қазақстан Республикасының шекарасы – Ресей Федерациясының шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" магистральдық мұнай құбыры) – Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) тасымалдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-бапта:
а) бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының атқарушы өкімет органдары бекіткен" деген сөздер "Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай транзиті бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтер инфляция деңгейіне сәйкес жыл сайын индекстелуі мүмкін. Бұл ретте салыстырымды шарттарда көрсетілген тарифтер мұнайды транзит режимінсіз тасымалдау үшін белгіленген тарифтерден аспайтын болады.";
в) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтерді белгілеу ерекшеліктері 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісіммен айқындалады.";
6) Келісімге қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге қосымша |
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтары арқылы мұнай мен тұрақты газ конденсатын тасымалдау көлемі мен бағыттары
(млн. тонна) |
2014 жыл | 2023 жыл | |
Ішкі тұтыну | ||
Қазақстан Республикасы – баламалы көлемде мұнайдың өзара жеткізілуін есепке алмағанда, Ресей Федерациясынан импорт* |
|
|
Ресей Федерациясы арқылы транзит "Атырау – Самара – Туймазы – Омбы – Новосибирск-2 – Прииртышск – Павлодар мұнай-химия зауыты" (артық емес) | 0 | 1 |
Экспорт | ||
---|---|---|
Қазақстан Республикасынан – барлығы (кемінде), оның ішінде Ресей Федерациясы арқылы транзит: | 64 | 73 |
Атырау – Самара (кемінде) | 15 | 15 |
Каспий Құбыр Консорциумы | 36,4** | 54** |
Махачкала – Новороссийск | 4 | 4 |
Ресей Федерациясынан – барлығы (артық емес), оның ішінде: | 11 | 25 |
Каспий Құбыр Консорциумы (Кропоткин, Комсомольская) | 4** | 15** |
Қазақстан Республикасы арқылы транзит |
|
|
* Мұнайды өзара жеткізудің көлемі мен бағыттары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 5-бабына сәйкес айқындалады.
** Каспий Құбыр Консорциумының өткізу қабілетін жылына 67 млн. тоннаға дейін кеңейту.".
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 10 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
2023 жылғы "__" _____ Астана қаласында және Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |