Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1205 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қарабұтақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 2,0 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Ақтөбе облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін М-32 "РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент" "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" учаскесі, 763-1025 км. 889-927 км-дегі учаске" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау (салу) үшін "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) беруді қамтамасыз етсін.

      3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджет кірісіне өтесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1205 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

жайылымдар

1

2

3

"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қарабұтақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2,0

2,0

Барлығы:

2,0

2,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады