ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мына мемлекеттік мекемелері:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Министрлiктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:
"1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.".
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |