2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1230 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1230 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге ХАТТАМА



      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімнің 4-бабына сәйкес

      2020 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге хаттаманы назарға ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығы консулдық округінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Адыгей Республикасының, Дағыстан Республикасының, Ингушетия Республикасының, Қабарда-Балқар Республикасының, Қалмақ Республикасының, Қарашай-Черкес Республикасының, Солтүстік Осетия-Алания Республикасының, Шешен Республикасының, Ростов облысының, Краснодар және Ставрополь өлкелерінің аумақтары қосылсын;

      Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтары шығарылсын.

2-бап

      Маңғыстау облысының аумағы Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығы консулдық округінің құрамынан шығарылсын.

3-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2023 жылғы "__" ______ _____ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады