"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 91 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қордың (оның Басқармасының) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 құрылыс.";

      7-1-бөлім алып тасталсын;

      49-1-тармақ алып тасталсын;

      57-тармақта:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Қордың Директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 29-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-2) Басқарма төрағасына және еңбек жағдайларын Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын жұмыскерлерге тәртіптік жазалар қолдану тәртібін бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады