Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 265), 266), 267) және 268) тармақшалармен толықтырылсын:
"265) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мемлекеттік күзет қызметімен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімі мен мекемесінің Жауынгерлік Туына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы бланкісінің сипаттамасы мен үлгісін бекітеді;
266) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын объективті бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
267) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы авиациялық персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты бекітеді;
268) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.".
19-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті прокурорлар тізбесін келіседі;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |