Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 98 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесiнде:

      223-тармақ алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады