Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Өскемен орман шаруашылығы" және "Пихта орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жалпы ауданы 0,2263 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтаждарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің электр беру желісін салу үшін "Казцинк-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 125 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтаждарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | ||
орман |
жайылым | қолайсыз (батпақтар және өзгелер) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Өскемен орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,0073 | - | 0,0073 | - |
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Пихта орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,219 | - | - | 0,219 |
Барлығы: | 0,2263 | - | 0,0073 | 0,219 |