"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 133 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 157-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "157-1) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 478-1) және 478-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "478-1) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) тәртібін әзірлеу және бекіту;

      478-2) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін жүргізу;";

      483) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "483) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 484-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "484-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 486-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "486-1) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының кәріздік тазарту құрылысжайларын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыруға тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 509-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "509-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 511-1), 511-2), 511-3), 511-4), 511-5), 511-6) және 511-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "511-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісім бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      511-2) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      511-3) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлеу;

      511-4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар жөніндегі сараптама кеңестерін құру, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың ережелері мен құрамдарын бекіту;

      511-5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекіту;

      511-6) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      511-7) әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерту, жою және есепке алуды жүргізу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады